Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

КӨҢІЛДІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС. «КҮНШУАҚ» ЛАГЕРІ


13 июня 2014, 06:03 | 1 265 просмотров



«Қазақстан - 2050» стратеги-

ясы қалыптасқан мемлекеттің

жаңа саяси бағыты Қазақстан

Республикасының президенті – Ел-

басы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан

халқына жолдауында: «Бала

тәрбиелеу болашаққа ең үлкен ин-

вестиция біз бұл мәселеге осылай

қарап, балаларымызға жақсы білім

беруге ұмтылуымыз керек»,- деді

Алдымызда тәрбиеленіп отырған

оқушылар мемлекетіміздің болашағы

екенін ескерсек оларды оқыта оты-

рып тәрбиелеу ұстаздар міндеті.

Оқушылардың жазғы демалысын тиімді

ұйымдастыру жоспарланып, олардың

танымдық, шығармашылық қабілетін

шыңдайтын шараларды ойластырдық.

Лагерге көп бала-

лы отбасындағы

және аз қамтылған

отбасындағы бала-

лар да қамтылды.

Лагерь барлық

з а ң д ы л ы қ т а р д ы

«Бала құқықтары

туралы Конвенци-

яны», «Қазақстан

Республикасының

Еңбек туралы

Заңы», «Қазақстан

Республикасындағы

баланың құқықтары

туралы Заңын»,

«Балалардың сауықтыру лагері

қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы

ережелерін» және Алматы облыстық

Білім Департаментінің, Талдықорған

қаласының Білім бөлімінің, мектеп

директорының бұйрығын негізге ала

отырып жұмысын жүргізді.

«№25 орта мектебі мектепке дейінгі

шағын орталығымен» мемлекеттік

мекемесі жанындағы «Күншуақ» лагері

оқушылардың жазғы

демалысын көңілді

өтуін қамтамасыз ету

мақсатында лагердің

күнделікті жұмыс жоспа-

ры бойынша жұмыстар

атқарылады.

02.06.2014 күні

«Күншауақ» І маусым

лагерінің салтанат-

ты ашылуы өткізілді.

Лагердің ашылу сал-

танатына 78 бала

қатысты. Олар: 1«А»,

1 «Ә», 1 «Б», 1 «В»,

1 «Г», 1«Ғ»сынып

оқушылары. Жиында мектеп директоры

Л.У.Есботанова сөз сөйлеп, балаларға

жазғы демалыстарын сәтті де есте

қаларлықтай табысты өткізулеріне

тілектестік білдірді. Сонымен қатар ата-

аналар атынан Ф.Тюлюбекова осындай

балалар үшін қызықты демалыстарын

тиімді өткізуді ұйымдастырып отырған

мектеп басшысына алғысын білдіріп сөз

сөйледі. Лагердің ашылуы концерттік

бағдарламаға ұласты. Оқушылар

Отан, Астана, тәуелсіздік, жаз, мектеп

тақырыптарында өлең жолдарын ай-

тып, «Ашулы тікенек» сынды көрініс

көрсетіп, айналып би билеп, ән салды.

Лагердің алдағы жоспары таныстырыл-

ды. Лагерь ережелері, қауіпсіздік тех-

никасы, жолда жүру ережелері туралы

мағлұматтар берілді. Жазғы лагеріміз

дәл осылай көңілді басталып, қызыққа

толы күндермен балалардың көңілінен

шығады деп сенеміз.

Автор:
Айнагүл САҒЫМБЕКОВА, бастауыш сынып мұғалімі. «Талдықорған қаласының №25 орта мектебі МДШО ММ.