Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰБТ: ТАРИХ. ДОДА. ТАҒЫ БАСҚА...


13 июня 2014, 06:11 | 2 552 просмотра



Міне, тағы бір оқу жылының

аяқталуымен қатар, ұлттық

бірыңғай тест тапсыру науқаны да

мәресіне жетуге жақын. Жақын деп

айтуға ғана оңай. Бұл сын-сынақтың

соңы әлі де талай әңгіменің арқауы

болары ақиқат.

Сәл шегініс жасап, тарихқа

үңіліп көрелік. Тест қайдан келді,

қашан шықты?

Зияткерлік сынақтар біздің

дәуіріміздің ХҮІІ-ғасырында Қытайда

пайда болыпты. Шенеуніктік үш

лауазымның біріне ілігу үшін үміткерлер

білімі мен біліктілігін таныту мақсатында

сыннан өтуі шарт екен. Ал, стандартты

зияткерлік тесттің тағы бір тарихы ХХ-

ғасырдың 30-шы жылдарында Франция-

да бастау алған. Мектеп оқушыларына

арналған сынақтың авторы Альфред

Бине мұны оқушылардың интеллектілігін

емес, керісінше нашар оқитындарды

анықтау үшін жасаған деген дерек бар.

Биненің тестерін кейіннен ағылшын және

американдық психологтар да пайдала-

на бастаған. Сталин болса осы тектес

тесттерді енгізуден бастартуымен қатар,

оны буржуазияның қалдықтары, түкке

керексіз дүние деген баға беріпті-міс.

Тест турасында айта берсе де болар

еді. Бірақ, бүгінде елімізде он жылдан

бергі ауқыттағы қолданыстағы ҰБТ-

тоқталсақ. Ол не берді, міне осы сауалға

жауап іздеп көрелік.

Сарапшылар, ХХІ-ғасырдың алғашқы

жылдарында Батыстан Қазақстанға кел-

ген ТЕСТ өзінің шығар биігіне жетіп, тіпті

қажетсіз болып қалған дүние деп баға

беруде. Мұны біз білім саласындағы

тың жаңалық деп қабылдауымыздың өзі

артықшылық дейді олар. Өткен ғасырдың

50-ші жылдарын еске алайықшы. 1957

жылы КСРО әлемде бірінші болып Жер

серігін ұшырды. Сонда бұған таңқалған

АҚШ-тың сол кездегі Президенті

Дж.Кеннеди «КСРО мұндай жетістікке

экономикадағы, саяси аренадағы та-

бысы арқасында емес, білім беру

саласындағы жетістігі нәтижесінде ғана

кол жеткізді» деген екен. Яғни, келмеске

кеткен КСРО-ның білім беру саласы за-

манында мықты болғанын дәлелдеп

отырғанға ұқсайды. Егер ол әлі күні де

қолданыста болып келе жатса бүгінгі

маман қандай болар екен?! Жалпы білім

саласында не көп, не көп енгізіледі?

Әлбетте уақыт ағымына жауап береді-ау

деген тың жаңалықтармен реформалар

көп. Егемендік алғалы бері білім саласы

бірнеше реформаларды бастан өткерді.

Жаңа басшы келсе, жаңа реформа

да соңынан бірге жүреді. Бірақ, соның

бәрінің артында жауабынан сауалы көп.

Түсініп, ұғып көр.

Реформа демекші. осыдан 40 жыл

бұрын тарихтан мемлекеттік емтихан

тапсырғаным бар. Сұрақ Столыпиннің

жаңалығы. Аталмыш аграрлық

реформаның дүниеге келуі, ол қалай

іске асырылды, ауыл шаруашылығына

не берді турасында терлеп-тепшіп жау-

ап беріп жатқанымда емтихан қабылдап

отырған мұғалім: «Сен маған Столыпинді

емес, реформа дегеніміз не екенін

түсіндір»,- деді. Кейіннен ұқсам, ол мені

сынақтан сүріндіру емес, керісінше,менің

ойлау, сол ойымды саралап-жеткізу

қабілетім қаншалықты деңгейде екенін

білу мақсатында қойыпты ғой.

Сарапшыларға кезек берер болсақ,

ТЕСТ – дегеніміз тез ойлап, шұғыл

шешім, шұғыл әрекет етуге апарар жол

деген түсінік береді. Яқи, мұны шетелдік

барлаушылар, тыңшылар, әскерилер,

терррористер, тағысын-тағы қаптап кет-

кен «ристер» қолданған екен. Әлбетте,

нұсқаушылардың берген дәрістерін іске

асыру мақсатында.

Бүгінгі мектеп бітірушіге оралайық.

Жоғарыда айтқандарымыздан олардың

несі кем. Ештеңесі де емес. Себебі,

олар да тез ойлайды, жылдам шешім

қабылдайды, тиісінше әрекет етеді.

Қазақы тілімен айтқанда «тисе терекке,

тимесе бұтаққа» дегендей.

Ересектерге арналған тестті ойлап

тапқан американдық психолог Гaнc

Юpгeн Aйзeнк. Сауалдар бірнеше есеп-

терден тұрады және оларды белгілі

бір уақытта шешіп үлгеру керек.Атал-

мыш IQ сынақтарын қолдаушылар да

қарсыластары да болғаны аян. Соның

бірі – Гитлер. Ол мұны еврейлердің

ойлап тапқан сандырағы деп те

бағалапты. Керісінше, дәл сол еврейлер

психологияға қатысты тесттен өздерін

аулақ ұстаған көрінеді.

IQ сынағында 69-85 аралығында

балл жинағандар интелектілігі жағынан

нашар дамығандар санатына енеді

(бұдан төмендегілер жайлы айтпайық),

115-124 – орта, 125-134 жоғары, ал

135-тен жоғары балл иелері ғұламалар

санатына енеді. Бірақ, Айзенк мұндай

тесттерді «жұмбақ шешумен» салысты-

рады. Себебі, тест сұрақтарына көп

ретте тисе терекке, тимесе бұтаққа

деп жауап беретіндер арасынан нақ

интелектілігі жағынан дамығандарды

дәл айқындау мүмкін емес дегенді де

жасырмайды екен психолог.

Естеріңізге сала кетейік, адамның

интелектілігі көп ретте оның генетикалық

факторына байланысты. Дей тұрғанмен,

тұрақты түрде санасын дамытумен

айналысқан адам жоғары дәрежеге де

жетері тағы ақиқат. Адамның орташа IQ

көрсеткіші жылына 1 пайызға өсетінін

ескерсек, бара-бара баршамыз ғұлама

болып та қалармыз.

Тест сұрақтарына оралайық.

Тарих пәнінде «Верный (Алматы)

қаласында сыра зауыты қай жылы са-

лынды?» деген сұрақ кездесіпті-міс. 124

балл жинаған талапкер дәл осы сұраққа

жауап бере алмапты. Өкінішті, әрине.

Мәселе талапкерде емес, Білім және

ғылым министріне осы сұрақты қарша

боратқан журналист ағайындар мар-

дымды жауап алмағандықтан, еріксіз ин-

тернетке жүгінсе керек. Біле жүріңіздер,

аталған зауыт 1858 жылы салыныпты.

Тарих пәні бойынша даулы сұрақтар

әлі тиылмай келеді. Қорадағы малдың

саны, міністегі аттың ауызындағы тісі,

тағысын – тағылар әлі де болса некен-

саяқ кездесіп қалады – мыс.

Жоғарыда айтып өткен сұрақ

министрлік тарапынан құралған белді

комиссия мүшесіне қойылды. Бірақ

ол «мәселе зауыттың қай жылы

салынғанында емес, ол қаланың

өркендеуіне қандай үлес қосқанында»

деген уәж айтты. Оның айтқаны тест

сұрағында айқын көрсетілсе, талап-

кер де дәл жауап берер ме еді? Міне,

мәселенің мәнісі осында жатыр ғой.

Естеріңізге салайық, петропавлдық

талапкер Айнұр Серік ҰБТ сұрақтарының

ішінде сыра зауыты туралы сұрақтың

кездескенін телеарна арқылы ай-

тып, бүкіл елді бір шулатқан еді.

Петропавл қаласы Әбу

Досмұхамбетов атындағы облыстық

дарынды балаларға арналған

мамандырылған гимназия -

интернатының түлегі Айнұр Серік 31-

ші телеарнаға берген жалған ақпарат

үшін кешірім сұрады, - деп хабарлан-

ды ҚР Білім және ғылым министрлігінің

ақпараттық порталында.

-2014 жылғы ҰБТ тапсырмаларының

барлығы мектеп бағдарламасына

сай сұрақтар. Барлық сұрақтардың

дұрыс жауабы бар болды және дұрыс

құрылмаған сұрақтар мүлдем болған

жоқ», - деп жазған Айнұр өз хатында.

Осы аптаның сәрсенбісінде ҚР

Премьер-Министрiнiң орынбасары

Гүлшара Әбдiхалықова түлектен кешiрiм

сұратқан Бiлiм министрлiгiнің мәселесiн

шешудi уәде еттi.

«Бұл мәселенiң мен анығын бiлейiн:

қай жақтан шықты, не себептен сұрақ

болды ондай, не себептен кешiрiм

сұрады. Мұндай кең аяда талқылауды

жүргiзiп керек емес едi деп санаймын.

Әрбiр адам талқылауға, сұрақ қоюға

құқылы. Мен бұл сұрақты анықтап

бiлейiн. Нақтылап тағы бiр қарайтын бо-

ламыз», - дедi ол Орталық коммуника-

циялар қызметiнде өткен брифингте.

Қазақстанда 2014 жылғы ҰБТ-ға 92

мыңнан аса мектеп түлектері қатысты.

Олардың төртеуі максималды 125 бал-

ды жинапты. Сонда IQ тест талабына

сүйенсек, қазақстандық ТӨРТ талапкер

ғана жоғары интеллектуалды болып

шыққаны ма?!

Бәз біреулер бұрынғыдай мемлекеттік

емтихан тапсырған дұрыс деп

есептейді. Біріншіден ол талапкердің

ойлау қабілетін дамытады, сол ойын

дәлелдеуге мүмкіндік береді, сөйлеу

мәнерін жетілдіреді деген пікірде.

Мұны да жоққа шығармаймыз. Бүгінгі

уәж мүлдем басқада болып тұр. ОЛ –

ЖЕМҚОРЛЫҚ.

Иә, дәл солай. Егерде біз «келме-

ске кеткен мемлекеттік емтиханға қайта

оралсақ коррупция жайлап кетеді деген-

дер көбейіп кеткен сыңайлы. Соны айтып

отырғандардың бәрі дерлік 1990 жылға

дейін жалпы, арнаулы орта, жоғары

білім алғандар. Осындайда солар пара

беріп біліп алып шыққандар ма деп те

қаласың.

Ұлттық Бірыңғай Тест бұл мектеп

бітірушілер үшін тек сынақ қана емес.

Бұл барып тұрған ДОДА. Бірақ, талап-

керлер үшін емес, әкім- қарарларға. Неге

дейсіздер ғой.

Ауыл әкімі - мектеп директорына, ау-

дан әкімі – ауыл әкіміне, облыс әкімі – ау-

дан әкіміне «Сенің тағдырың ҰБТ-ға бай-

ланысты»,- дейді – міс. Яқи, жоғарыда

айтып өткен шенділердің рейтингісі

басқарып отырған аймақтың эконо-

микасы, мәдени-әлеуметтік жағдайы,

басқа да жай-жапсарына емес, сол

аймақтарындағы білім саласына ен-

ген IQ талаптарын мектеп бітірушілер

қаншалықты меңгергеніне қатысты екен.

Бұл жасырын емес, ақиқат. Яғни, РЕЙ-

ТИНГТЕ алар орның жоғары. Оның та-

лабынан шықсаң СЕН жарадың.

Жуырда бұқаралық ақпарат

құралдарында ҚР парламент

Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек

Өмірзақов Білім және ғылым министрі

Аслан Сәрінжіповке жолдаған сұранысы

жарияланған болатын. Онда ҰБТ жүйесін

жетілдіру керектігі айтылған болатын.

Тест сұрақтары мен оның мағынасын

толықтырып, талапкерлердің логикалық

тұрғыдағы жетістігін ескере отырып,

оның білімін дұрыс бағалау қажеттілігі

де сөз етілген. Әлбетте, сынақта ашық

сұрақтар да қамтылуы тиіс. Себебі

үміткер өзінің ұстанымын дәлелдеуі ке-

рек. Бұл тисе терекке, тимесе бұтаққа

деп халық арасында кең тараған

мазақтан арылуға мүмкіндік береді-міс,

- деген уәж келтіреді халық қалаулысы.

Дұрыс делік. Міне, он жылдан бергі

тәжірибеге сүйенсек, әр жылдың өзіндік

ерекшелігі бар. Мәселе ҰБТ тапсы-

ру жетілді, шырқау биігіне жетті де-

геннен аулақпыз. Керісінше, ол әлі де

пысықталуы керек.

Бүгінгі мектепке оралайық. Онда

қалай білім беріледі? Әрине, жалпы білім

беріледі. Ал, 10 және 11 сыныптарда

басқа пәндер тысқары қалып, міндетті

түрде қазақ тілі, қазақстан тарихы, ма-

тематика, орыс тілі және таңдау пәніне

баса назар аударылады. Себебі, бірінші

кезекте мұғалім, екінші кезекте мектеп

директоры үшін осы пәндерді тереңдетіп

оқыту олардың рейтингісін көтереді. Бұл

да ақиқат.

Оқу жылы, мұнымен бірге ҰБТ-2014-

мәресіне жетті. Бірақ, мұның артында

қалған әңгіме біраз уақытқа дейін басы-

ла қоймас...

Автор:
ТауШҰБАР