Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАЗ ЖАЙНАТЫП, КҮН КҮЛДІРІП...


13 июня 2014, 06:16 | 1 674 просмотра



Жазғы демалысты ұйымдастыру және сауықтандыру жұмыстары 1-10 сы-

ныптарда оқитын 1 млн.612 оқушыны қамтиды. 11069 сауықтандыру лагері

мен алаңдарды іске қосу жоспарланып отыр.: 14 жыл бойы жұмыс істейтін

лагерлерде 6 883 бала; қала сыртындағы 256сауықтыру лагерінде – 162,5

мыңнан астам оқушы; мектепке қарайтын тамақтандыруымен 4 903 лагерде

652 967 оқушы; 1 348 палатка, киіз үйлер, спорттық және басқа лагерлерде – 145 373 оқушы; 4548 профильді тамақсыз мектеп алаңдарында – 362 726;

сауықтандырудың басқа түрлеріне – 282 216 оқушы демалатын болады.

260 жеке жазғы сауықтандыру лагерлерінің 117-сі жекеменшік-мемлекеттік

серіктестік аясында жұмыс істейтін болады. 2010-2014 жж аралығында 13 облыста 30 қала сыртындағы сауықтыру лагері ашылды (мемлекеттік – 21, жеке меншік - 9) Ол 3 163 орынға лайықталған жоба.

2014 жылы жазында 8 сауықтандыру лагері ашылады (мемлекеттік - 2,жеке меншік - 6) 1150 орынға: (1) Шығыс Қазақстан облысы; (1) Батыс Қазақстан облысында; (5) Маңғыстау облысында; (1) Оңтүстік Қазақстан облысы. 1 млн. 219 мың мектеп оқушылары немесе 53% бос уақытты ұйымдастыру түрлерімен қамтылады.

2012-2016 жылдарға арналған мектеп оқушыларының функционалдық

сауаттылығын дамыту бойынша әрекет етудің Ұлттық жоспары аясында

оқушылармен бірге спорттық-сауықтандыру және өлкетану жұмыстары жүргізіледі.

Туған өлке мен Астана қаласын зерделеу мақсатында 10 мыңнан астам экскурсия, 2 739 арнайы саяхат пен 378 спорттық жиын 254003 немесе 11% мектеп оқушылары үшін ұйымдастырылмақ 46 648 дарынды бала халықаралық серіктестік аясында демалатын болады. Жыл сайын жазғы каникул кезінде балалармен жұмыс істеу үшін 45 мыңнан астам педагог маман және медициналық қызметкер, 3 538 студент жұмылдырылды. Сонымен қатар, 97 педагогикалық отряд қозғалысын жалғастыруда.

Автор:
ҚР БҒМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ