Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АРМАНЫМА ҚАНАТ БІТІРЕР – ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ


20 июня 2014, 04:35 | 1 942 просмотра



Жанымның ақтарамын барлық

сырын,

Білімім мен ынтамды салып

бүгін.

Іздеймін сөз маржанын

тереңдерден,

Алдамайды арманым сенемін

мен.

Алдағы келешек өмірге қажет

мамандықты таңдау – үлкен

өмірге қадам басқалы тұрған жас

жеткіншектің биік мақсаты. «Арман-

сыз адам қанатсыз құспен тең»,–

деп халық аузында айтылғандай,

барлық адам баласының ар-

маны болады. Арманшыл адам

болашақта дегеніне жете алады.

Мамандық пен өнерді әрбір

адам тек қана өз жүрегінің қалауы

мен қабілетіне, бейімділігіне қарай

таңдап алады.

Әйтсе де, мынау үлкен өмірге

деген бар құштарлық, іңкәрлік

атаулы бала кезден бастау ала-

ды да, уақыт талабына қарай

саналы да, мағыналы өмірге

ұласады. Адам баласы жас кезінен

бастап өзінің жүрегі қалаған,

сүйген мамандығына қарай икемделіп,

бейімделе бастайды. Терең білім алуға

талпынады, ізденеді, сол мамандықта

еңбек етіп жүрген өнегелі өмір адамда-

рынан үлгі алып өседі.

Міне, сондықтан да балалық шақ

пен болашақ үндесіп жатады. Менің

ойымдағы негізгі түйін де, болашағыма

апаратын тура жолдағы алғашқы

қадамымды балалық шақтан, яғни

бүгіннен бастау.

Менің де болашақта нағыз ұстаз

болсам деген биік арманым бар. Жас

Қазақстан үшін зиялы қауым өкілдерінің

артуы, жоғары интеллектуалды әрі

шығармашылықпен айналысатын адам-

дар шоғырының молаюы ауадай қажет.

Болашағы жарқын әрі жасампаз

елімізге қажетті мұндай ортаны жасай-

тын тек денсаулығы мықты, дарынды әрі

білімді мұғалімдер екені даусыз.

Әрине, мұғалімдік мамандық–

қызығымен қоса қиындығы да

бар мамандық. Осы мамандықты

таңдауыма маған сабақ беріп жүрген

мұғалімдерімнің әсері болды. Мен

мұғалімдік мамандыққа түсіп,

ұстаздықтың алғаш сыр – сандығын

ашқан күнен бастап мұғалім ең алды-

мен бала жүрегінің пернелерін дәл тау-

ып, оны ойната білетін тамыршы болуы

әрі оның оңайлықпен келмейтіндігін,

бала жүрегінен орын алуға жол қайда?

деген сұрақтар туындай бастады. Мен

бұл мазамды алған сұрақтың жауабын

кейін келе түсіндім. Себебі , Ұстаздың өз

мамандығына деген үлкен сүйіспеншілігі,

терең білімі, айқын қойылған мақсат

жолындағы ізденіске толы еңбегі –

бала жүрегіне жол табар – қыл көпір.

Осының бәрін мейірімділікке ұштастыру

нұр үстіне нұр, ұстаз шеберлігінің бір

қыры. Мейірімділік бар жерде жақындық

бар, жақындық бар жерде сенім бар.

Сенім бар жерде не қажеттің бәрі бар...

екендігін «өзін-өзі тану» ұстаздарымның

сөздері мен істері ұлағаттылыққа,

ізгілікке үндеді. Сол кісілер бойыма

кісіліктің дәнін еккен тәрізді.

Менің мұғалімдік мамандыққа

түскендігім маған көп нәрсені үйретті.

Ең алдымен ұстаздық жолдағы

бақытыма жетуім үшін менің ой-

өрісім кең, жан-жақты білімді, өз ойын

шәкірттеріне анық тұжырымдап,дәл

түсіндіре білуім керек.Мұғалім ретінде

арым таза, адал, инабатты, сыпайы,

парасатты, төзімді, кешірімді, байсал-

ды болуым , өз оқушыларыма беделді,

ұжым арасында сыпайы болуым

шарт, үнемі өз бетіммен білімімді,

дайындығымды жетілдіріп отыруым

қажет екенін сезіндім, әрі тереңінен

түсіндім . Міне сонда ғана ұстаз аты-

на лайық – шәкіртіне баулушы, өмірлік

азық боларлық пайдалы білім мен жа-

нына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен

жаманды, обал мен сауапты үйрететін,

адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, өзінің

тәжірибесімен бөлісетін жанашыры әрі

ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі

қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы

адам тәрбиелеуші, өз уақытын аямай,

өзгенің бақытын аялаушы ұстаз бола

аламын.

Талайдан талпындырған талабымды,

Қиялмен сан атырған таңдарымды,

Осынау ойларыиа арқау еттім,

Мұғалима болсам деген арманымды.

Берерін болашақтың алам күтіп,

Қалды ғой ұстаздарым талап күтіп.

Мен- дағы жаздым барлық ойларым-

ды,

Кеткендей қиялыма қанат бітіп – де-

ген өлең жолдарын Белгілі ағартушы,

қазақ әдебиетінің ірі өкілі Жүсіпбек

Аймауытовтың ұстаз қызметін: «Ұстаз

– шәкірттерге сабақ берумен, білім

үйретумен шектелген маман иесі емес,

ол шәкірттерінің алдағы өмірін көз ал-

дына келтіріп, өз басынан кешірген

тәжірибесіне таянып, келешекте жазатай-

ым аяғын шалыс басып, өмірден соққы

жеп, өкінбеске күн бұрын сақтандыратын

қорғаушысы, қамқоршысы», - деп

биік баға берген сөзімен ойымды

қортындылап өз мамандығым деп

таңдап алған ұстаздықтың ұлы жо-

лында қойған мақсатыма жету үшін

«Келешек – жастардікі, осы бастан

ісіңді тиянақты атқар, баланы сүй,

мамандығыңды сүй, не жасасаң да шын

көңіліңмен, бар пейіліңмен атқаруға

тырыс» деген ұстанымым мені өз

бақытымның құлпын ашуда кілтке ай-

налатына сенемін... !

Автор:
Майнұр БАҚЫТХАН, бастауыш сынып мұғалімі. Жеңіс орта мектебі Көксу ауданы, Мауленбай ауылы.