Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫЛАР


20 июня 2014, 04:36 | 2 927 просмотров



НӘЗИПА ҚҰЛЖАНОВА (1887-1934)

Ол қазақ әйелдерi арасынан тұңғыш

әлеуметтiк iске белсене араласқан әрi

мұғалiм, әрi педагог-ғалым, әрi журналист

болды. Ол 1902 ж. Қостанайдағы қыздар

гимназиясын оқып бiтiрiп, Торғайдағы

қыздар училищесiнде, кейiн (1904-1919

ж.ж.) Семейдегi мұғалiмдер семинария-

сында мұғалiмдiк қызмет атқарды.

Н.Құлжанова 1924 ж. “Мектепке дейiнгi

балаларды тәрбиелеу” атты еңбегiн жа-

зып, Орынбордан бастырып шығарды.

Кейiн “Әйел теңдiгi” журналында қазақ

балабақшаларындағы озат тәжiрибелер

жайында бiрнеше мақалалар жазады.

1924 жылы “Ана мен бала” атты еңбегiн

жазып шығарады. Бұл еңбекке алғы сөзi

атақты – турколог ғалым, қоғам қайраткерi

Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазды.

Автор мектепке дейiнгi тәрбиенiң

мазмұнын, мақсатын баяндай келiп,

баланың қимыл-қозғалысына, сезiм

мүшелерiне, сөйлеу, ойлау ерiк-жiгерiн

жетiлдiру жолдарына тоқталады.

Бала ойынының мәнi мен маңызына

тоқталады. Жас баланың өсiп-жетiлуiне,

дүние-танымына табиғаттың әсерiнiң

ерекшелiгiне тоқтала келiп, “суға түсiп,

жүгiрiп, құспен бiрге сайрап, көбелек қуып,

шыбын-шiркей, құрт-құмырсқамен бiрге

көкорай шалғын, тоғай арасын сайрандап

жүрiп, көңiлi де, жан-тәнi де бiрдей тегiс

өсiп, өркендемек” – дейдi.

Автор баланың елiктегiштiк, айнала-

ны танып-бiлуге деген құмарлық қасиетiн

жетiлдiре тәрбиелеуге баса көңiл бөлудi

қуаттайды.

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ ( 1883-1937)

1909 Ж.

Петербургтегi әскери медицина акаде-

миясын оқып, бiтiрiп Керм губерниясын-

да, кейiн 22 Орал қазақ-орыс атқыштар

батальонында әскери дәрiгерлiк қызмет

атқарады. Осы кезден бастап қоғамдық

iстерге белсене араласып, “Орал”, “Пiкiр”,

“Қазақ” газеттерiне мақалалар жазады.

1917 ж. бастап Алашорда үкiметiнiң

басқару жұмыстарына белсене араласа-

ды. Батыс Қазақстан өлкесiндегi Алаш

партиясының белсендi қайраткерлерiнiң

бiрi болады.

1924 ж. Орта Азия университетiнде ор-

динатор, 1926-29 ж.ж. Қазақ педагогикалық

институтында проректор, кейiнне педало-

гия кафедра меңгерушiсi, профессорлық

қызметтер атқарады.

Жаратылыстану ғылымы саласында

тұңғыш “Адамның тән тiршiлiгi” (1927)

“Сүйектiлер туралы” (1928) Жануарлар

(1929) атты оқулықтар жазып шығарады.

Осы ғылым саласында тұңғыш ұлттық

ғылыми терминдердi қалыптастыруда

елеулi еңбек етедi.

Х.Досмұхамедов тарих, әдебиет,

тiл бiлiмi ғылымдар саласында да

бiрнеше ғылыми еңбектер жазып көзге

түседi. Мысалы: “Қазақ халық әдебиет”,

“Қазақ-қырғыз тiлiндегi сингормонизм

заңы”, “Кенесары-Наурызбай”, “Ша-

тай қозғалысы туралы” еңбектерiнде

қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң тәлiмдiк

жағына баса көңiл бөлген, қазақ әдебиетiн

жинап зерттеушi орыс ғалымдары:

В.В.Радлов, Н.И.Ильминский, Г.Н.Потанин,

А.В.Алекторов, Ә.Диваев т.б. еңбектерiне

талдау жасаған. Қазақ ауыз әдебиетiн

ғылыми тұрғыда тұңғыш классифика-

ция жасаған. Ұлттық өнер туындыла-

рына, әсiресе айтыс өнерiне, қазақтың

барымта-аламандығы жөнiнде келелi

пiкiр бiлдiрген. Ұлттық тұрмыс-тiршiлiк,

кәсiпкерлiк мәселелерiне де мән бере

қарастырған. Қазақтың ою-өрнек, зергерлiк

бұйымдардың жасалу ерекшелiктерiн,

Самарханд шаһарындағы “Тiлләқари”

және “Ширдар” медресесiн салдырушы

Жалаңтөс батыр туралы тың мағлұматтар

берген.

Х.Досмұхамедов тiл, сөйлеу-

мәдениетiндегi адам психологиясының

ерекшелiктерiн сөз ете келiп “Тiлiнен

айырылған жұрт жойылған жұрт. Мектеп

пен баспаның тiлi дұрыс болса, елдiң тiлi

көркейiп, гүлденедi… Ал мектеп пен баспа-

да қолданудан қалған тiл – шатасқан тiл. Ол

ел сорлы ел, мұндай елдiң тiлi бұзылмай

қалмайды” … дейдi. Өз тiлiн бiлмей тұрып,

жат елге елiктей беру зор қате” – дегендi

айтады. Бiз бұдан оның ұлтын, ұлт тiлi мен

ұлт мәдениетiн қастерлейтiн нағыз патриот

азамат екенiн байқап бiлемiз.

ӘБУБӘКIР ДИВАЕВ (1855-1933).

Қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинау,

бастыру мәселелерi ХIХ-ғ. мен ХХ-ғ. Ба-

сында бiр топ орыс ғалымдары айналысты.

Олардың iшiнде Сырдария генерал-губер-

наторы Н.И.Гродековтың 1884 ж. қазақ,

өзбек, қырғыз халқы ауыз әдебиетiн жи-

науды қолға алып, бұл жұмысты жергiлiктi

халықтың тiлiн, салт-дәстүрiн жетiк

бiлетiн Орынбор кадет корпусiнiң түлегi

Ә.Диваевқа тапсырды. Ол араб, парсы

тiлдерiмен қоса қазақ, өзбек, тәжiк тiлдерiн

де жетiк бiлетiн едi.

Ә.Диваев белгiлi түркiтанушы

В.Н.Наливкинмен, тарихшы, этно-

граф, филолог А.Н.Вышнеглярскиймен

жүздесiп, ақыл-кеңес ала отырып, зерт-

теу жұмысының жоспарын жасады. Ел

аузындағы ертек, аңыз-әңгiме, батыр-

лар жырын жетiк бiлетiн қариялармен

пiкiрлесiп, олардың бiлгендерiн жазып алып

жiберiп отыратын мұғалiм-молдаларды бұл

iске тартты. Өзi жинаған материалдардың

бiр тобын Ресей география қоғамының

Қазандағы бөлiмшесiне жiберiп отыр-

ды. Сондай-ақ 1886 ж. Ташкентте шыға

бастаған “Түркiстан уалаяты” газетiнде

жариялады. Диваев бiрiншiден қазақ ауыз

әдебиетi үлгiлерiн келешек ұрпақ үшiн,

тарих үшiн қажеттi дүние деп қараса,

екiншiден жиналған материалдарды орыс

тiлiне аударып, бастыру арқылы қазақтың

көне мәдени мұрасымен орыс, батыс

халық өкiлдерiне таныстыруды көздедi.

1896 ж. Қазан университетi жанындағы ар-

хеология, тарих және этнография қоғамы

Ә.Диваевқа хат жолдап, аталған қоғамға

мүшелiкке алғанын хабарлайды.

Бұл қоғамның белсендi мүшелерi;

В.В.Радлов, ВАлекторов, Г.Н.Потанин,

В.П.Наливкин, Н.П.Остраумовтар да түркi

халықтарының мұраларын жинау, зерттеу

iсiмен айналысатын.

Ә.Диваев осы қоғамға өзi ел аузынан

жинаған бай материалдарды және өзiнiң

олар туралы жазған зерттеу мақалаларын

жiберiп тұрды.

1918 ж. Түркiстан Халық Университетi

ашылып, Диваевты осы университетке

оқытушылық қызметке шақырады. Таш-

кен университетi кеңестiк Орта Азияның

шығыстану орталығына айналды. Кейiннен

одан шығыстану институты бөлiнiп шығып,

онда көрнектi шығыстанушы ғалым-

академиктер қызмет еттi. Олардың iшiнде:

В.В.Бартольд, С.Е.Малов, И.И.Зарубин,

М.С.Андреев, М.Ф.Гаврилов, А.А.Семенов,

В.М.Кун т.б. сияқты көрнектi ғалымдар бол-

ды.

А.Диваев 100-ге тарта ғылыми еңбек

қалдырды. Ол жинаған қазақтың батыр-

лар жыры 1922-23 ж.ж. Ташкентте тұңғыш

9 том болып басылды. 1924 ж. Ташкент-

те қазақтың тұрмыс-салт өлеңдерiнен

құрастырған “Тарту” атты жинақ, ал 1926

ж. Қызылордада “Балаларға тарту” жинағы

шықты. Ол “Алпамыс”, “Қамбар батыр”

жырларының бiрнеше варианттарын, “Таз-

ша бала” ертегiсiнiң үш нұсқасын салысты-

ра зерттеп, олардың iшiндегi ең толығын

және ең көркем дегендерiн баспа арқылы

шығарып отырған.

Диваевтың 1920 ж. Жетiсу, Сырдария

бойына ұйымдастырған экспедициясы

орасан мол материал әкелген. Олардың

iшiнде аңыз да, жұмбақ та тақпақ та, мақал-

мәтелдер де, айтыс өлеңдер де бар.

Диваев жинаған мұралар iшiнде

көлемi 8 томдық “Манас” дастаны да

бар. Диваев “Манас” дастанын ең ұзақ,

энциклопедиялық жыр дей келiп, “Манас”

батырдың атымен бүкiл қырғыз елiнiң өмiрi

мен тұрмысы жырланады” дейдi. Дива-

ев осы еңбегiнде Орақ-Мамай, Ер Қосай

сияқты қазақ батырларының да жырда

кездесетiнiн айтып, оны қойы қоралас, ау-

ылы аралас қазақ-қырғыз елiнiң мәдени

қарым-қатынасының куәсi деп қарайды.

Ә.Диваев қазақ ойындары мен

ойыншықтарының мән-мағынасына да

талдау жасайды.

Жарты ғасыр өмiрiн қазақтың мәдени

мұрасын жинауға, зерттеуге арнаған

Ә.Диваевтың еңбегi туралы кезiнде

М.Дулатов, М.Жұмабаевтар өлең, мақала

жазып, жоғары бағалаған.

Орыс ойшылдары, философтары жəне

жазушыларының арасында педагогикалық

шығармаларымен белгілі болған есімдер:

В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен

(1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-

1889), Н.А.Добролюбов (1836-1561). Бүкіл

əлемде Л.Н.Толстойдың (1828-1910),

Н.И.Пироговтың педагогикалық идеялары

əйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға

алып, халықтық тəрбие саласын түбегейлі

өзгерту қажеттігін ұрандады.

Орыс педагогикасын əлемдік даңққа

бөлеген Константин Дмитриевич

Ушинский (1824-1871) оқу-тəрбие тео-

риясын түбегейлі өзгеріске келтіріп,

педагогикалық практикада төңкеріс жа-

сады.

Константин Дмитриевич Ушинскийдің

есімі шын мәнінде XIX екінші

жартысындағы орыстың оқу-ағарту

қайраткерлерінің ең алдыңғы тобында

саналады. Ол-Россиядағы педагогика

ғылымының және орыс халық мектаебінің

негізін қалаушы.Оның «Балалар әлемі»,

«Ана тілі», «Педагогикалық антрополо-

гия» атты тамаша еңбектері, балалар мен

мұғалімдерге арналған басқа да кітаптары

орыс педагогикалық әдебиетінің баға

жетпес классикалық шығармалары бо-

лып есептеледі, бұл еңбектер педагогика

ғылымына алтын қор ретінде қосылды

және дүние жүзіне әйгілі де болды. Ұлы пе-

дагог өзінің бүкіл өмірін халық ағарту ісіне

және балалар тәрбиесіне арнады.

«Отаныма неғұрлым көбірек пай-

да келтіру –менің өмірімнің бірден-бір

мақсаты», -деп жазды К.Д.Ушинский. Оның

өмір жолының бүкіл мәнісі осы сөздерінде

еді. К.Д Ушинскийдің педагогикалық пікірінің

ең негізгі мәні -әрбір елде халықтың мақсат

мүддесіне ,мұқтажына сәйкес өзіндік

ағарту жүйесі болуы керек деген халықтық

идеясында еді.

Дүние жүзінің басты елдеріндегі

мектептердің білім жүйесін зер сала зерт-

тей отыра,Ушинский өзінің білім беру

жүйелерінде кейбір жалпы ұқсастық

жақтарының болғанымен әр елдің білім

жүйелерінде өзіне тән ерекшеліктері бо-

латынын байқады, бұл ерекшеліктер сол

ел халқының қалыптасқан тарихи өмірімен

тұрмысын , талаптары мен мұң-мұқтажына

байланыстылығын көрсетті. Ушинский

орыс халқына тән тарихи қалыптасқан мы-

надай ерекшеліктерді көрсетті . Ғасырлар

бойы сыйынып өткен өз отанына деген

терең сүйіспеншілік, оның тұтастығы мен

тәуелсіздігі жолында әрдайым күреске өзір

болу, жоғары азаматтылығы мен гуманизм,

мол творчестволық сезімділік .

К.Д.Ушинскиийдің бүкіл өмірі мен қызметі

өз еліне және өз халқына жан-тәнімен шын

беріле қызмет етудің тамаша үлгісі болды.

Орыс мұғалімдерінің ұстазы

К.Д.Ушинский өзінің педагогикалық жүйесін

өз кезіндегі ең озық ғылым дәрежесіне

көтерді.Ушинский өз шығармаларында

педагогиканың әрі ғылым, әрі тәрбие өнері

екендігін, тәрби мақсатымен тәрбиелеудің

халықтығы туралы идеяны және жеке

адамды тәрбиелеу теориясын, дидакти-

каны мұғалімдерге қойылатын талаптар

сияқты педагогиканың күрделі де түбірлі

мәселелерін ғылым негізінде шешті, өзінің

прогресшіл педагогикалық жүйесін құрды.

Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік пе-

дагогика жаңа қоғамдағы адам тəрбиесі

идеяларын өзіндік түсінім жолымен да-

мыта бастады. Жаңа педагогикаға бай-

ланысты шығармашылық ізденістер

аймағында белсенділікпен қатысқан

белгілі педагог ғалымдар: С.Т.Шацкий

(1878-1934), П.П.Блонский (1884-1941),

А.П. Пинкевич (1884-1939) болды.

Социалистік дəуір педагогикасын таны-

мал еткен Н.К.Крупская, А.С. Макарен-

ко, В.А.Сухомлинский еңбектері. На-

дежда Константиновна Крупскаяның

(1869-1939) теориялық ізденістері

жаңа кеңес мектебін қалыптастыру, сы-

ныптан тыс тəрбиелік жұмыстарды

ұйымдастыру, енді пайда бола бастаған

пионер қозғалысы проблемаларының

төңірегінде шоғырланды. Антон Семе-

нович Макаренко (1888-1939) балалар

ұжымына педагогикалық басшылық, еңбек

тəрбиесі, саналы тəртіп қалыптастыру

жəне балаларды отбасында тəрбиелеу

əдістемелеріне байланысты идеяларды

қорытындылап, оларды практикада іске

асыру принциптерін ұсынды, əрі өзі олар-

ды тəжірибе тексеруінен өткізді. Василий

Александрович Сухомлинский (1918-1970)

өз зерттеулерін жастарды тəрбиелеудің

моральдық проблемаларымен байланы-

стырды. Оның дидактикалық кеңестері

мен нақты да дəл бақылаулары қазіргі

педагогикалық ой дамуы жəне қоғамды

қайта түзу дəуіріндегі мектеп тағдыры

жөніндегі ұсыныстары өз маңызын əлі де

сақтауда, сонымен бірге білім сапасын

жаңаша түсінуде үлкен жəрдемін тигізіп

отыр.

В. А. Сухомлинский «Жастарды

адамгершілікке» тәрбиелеудің про-

блемаларын» зерттеді. Сухомлинский

еңбектері басты да күрделі міндеттерді

шешу — барлық жастарға орта білім бе-

руге арналған. Педагогиканың мұндай

күрделі де маңызды міндеттері —

комплексті түрде, мектеп практикасы

арқылы, мектептің қазіргі жағдайына

байланысты шешіліп, нәтижесі тез

арада тарап кетті. Ол халықтық

педагогиканың үлгісіне сүйенеді. Ол

халықты нағыз тірі құрал ретінде

педагогикалық даналықтың көзіне ай-

налдыра отырып зерттеді.

Білім беру мен оқыту органикалық

талдаудың көзі, дамыған сезім мен ақылдың

бірлігі, халық пен адамның үзіліссіз білім

алуының қалыптасқан сұранысы. Су-

хомлинский өзінің көптеген еңбектерінде

ең маңызды ой-пікірі — педагогтың мы-

надай екі мәселені шешуіне арнала-

ды. Біріншіден, оқушыларға білім қорын

жинақтауға мүмкіндік беру. Екіншіден,

оқушыларды ұдайы, барлық өмір бойы

өз білімін толықтырып отыруға әсіресе,

адамзат мәдениетінің қазынасын тиімді

пайдалануға үйрету. Оның айтуынша, білім

беру творчестволық процесс — адамның,

жеке тұлғаның қалыптасуы өмірлік тола-

стамайтын ағынды, тасқынды процесс.

Оқыту, білім беру, тәрбие бір-бірімен тығыз

байланысты, бірін-бірі толықтырып, кезек-

пе-кезек жалғасып отыратын тарихи про-

цесс. Сухомлинский: «Адам білім арқылы

жұмыс істеуге үйренуі — адамгершіліктің

ең жоғарғы мұраты» — деп тұжырымдады.

Белгілі болғандай, барша ғылым

салаларының пайда болуындағы алғы

шарт — өмір қажеттігі. Кейін тəрбие иде-

ялары адамдар өмірінде аса маңызды

рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі

қоғамда өсіп келе жатқан əулетке берген

тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жыл-

дам немесе шабан дамитыны белгілі.

Осыдан тəрбие тəжірибесін топтасты-

ру жəне қорытындылау, арнайы оқу-

тəрбие мекемелерін ұйымдастырып,

жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі

туындады.

Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет,

Греция сынды аса дамыған елдерінде

сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі

бір арнаға келтірілді, одан теория түзу

қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат,

адам, қоғам жөніндегі барша білімдер

философия шеңберінде жинақталатын,

алғашқы педагогикалық тұжырымдарда

сол ғылыми аумақта дүниеге келді. Бар-

ша замандарда адамдардың рухани жəне

тəн-дене дамуында шешуші рөл атқарған

қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп

келген. Инабаттылық, еңбектік, тəн-дене

тəрбиесі бойынша халық қайталанбас

ғажайып өміршең жүйе түзді.

Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі

– ежелгі Греция философиясында

қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит

(460-370 жж. Б.э.д.)- балалар тəрбиесі бой-

ынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған.

Сол уақыттың өзінде ол: «Табиғат жəне

тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие

адамды қайта жасайды жəне оны өзгерте

отырып, болмыс табиғатын түзеді…

Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі

тəрбиеге көбірек тəуелді».

Педагогиканың философиядан

бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі

ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің

(1592-1670) есімімен байланысты. XVII

ғасырда педагогика статус алып, өзінше

ғылым болып бөлініп шыққаннан кейін

Чехияның ұлы педагогі Я. А. Коменскийдің

(1592-1670) беделі және еңбектерімен әрі

қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап

Коменскийдің теориялық ой-пікірлері пе-

дагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін

ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан

бастап, ол дүниежүзілік аренаға шығып

педагогикаға әлем жұртшылығының на-

зарын аударды, қолдау тапты. Комен-

ский дәуірі Еуропада буржуазиялық

формацияның үстемдік етіп тұрған кезі

болатын, ол соған соқтығысып өзінің фи-

лософ-гуманист, қоғам-қайраткері, аса

көрнекті педагог екенін таныта білді.

XVII ғасырдағы мектептегі білім беру

жүйесінің кемшілігін жақсы түсінген Ко-

менский Еуропадағы оқу-ағарту ісін мүлде

қайта құрумен айналыса бастады. Ол

оқудың жаңа әдістері мен әдістемелігінің

қажеттілігін айтып, білім беру жүйесінің,

оқудың прогрессивтік жүйесін — оның

барлық адамға бірдей және тиімді де

түсінікті болуын, өзіне мақсат етіп қойды.

Оның дәлелдеуінше — »Балаларды оқыту

қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық

ұғымдардан күрделіге көшіп отыру

педагогикалық талаптардың негізі деп

көрсетті. Коменский бастауыш оқуды ана

тілінде (тек латын тілінде емес) жүргізуді

ұсынды.

Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес,

жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқудың ең

басты міндеті — деп есептеді. Тәрбиенің

рөлін жоғары бағалаған педагог »Адам тек

тәрбие арқылы ғана адам болады», »Адам

болу үшін ол білім алуы тиіс», »Білімділер

нағыз адам» — деді. «Iлім -нравтылықтың

спутнигі» — деді педагог. Оның жүйесінің

негізі — ақыл-ой, нравтық, діни тәрбиені

жүзеге асыру. Оның айтуынша, ақыл-ой

тәрбиесі ақылды еңбектің жемісі. Комен-

ский білім алу тек жастардың ғана міндеті

емес, барлық адам оқуы, үйренуі қажет —

деді.

Коменский мектепке арнап бірнеше

оқулықтар жазды, оның мақсаты балаларға

өмірдің тұтас картинасын беру. Оның

ғылыми еңбектері, оны бүкіл Еуропаға

және жер жүзіне танытты. Ол іс жүзінде

оқуды ғылымға айнал-дырды. Оның

педагогикалық әдістері революциялық

маңыз алды. Оқуды түбегейлі өзгертті.

Коменский педагогика тарихында аса

көрнекті орын алды. Оны ғылыми, теория-

лық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның

принциптері, әдістері мен әдістемеліктері,

оқыту формалары, мысалы, сынып-сабақ

жүйесі — педагогиканың теориялық негізі

болып сақталып қалды.

Оқытудың жаңа әдісінің қажеттілігі. Ко-

менский дәуірінде мектепте білім беру

жүйесі бытыраңқылық күйде болды. Мы-

салы, ер балалар ғана білім алуға құқықты

болды. Алайда кедей отбасының балала-

ры мектепке қабылданбады. Сабақтарда

латын әрпімен балалардың басын

қатырды. Орта ғасырда көптеген мектеп-

тер Католиктік шіркеудің бақы-лауында

болды. Шіркеудің қызметі латын тілінде

жүргізілді. Мақсат мектепті латын тілінде

оқытып дін иелерінің орнын толтыру еді.

Педагогтар оқыту мақсаты мен міндетін

ешбір ойламады. Жайдан күрделіге көшу

ешкім-нің есіне келмеді. Тәртіп қатаң бол-

ды. Мектептердегі нравтық климат — ұрып,

соғу мақсатын көздеді.

Бұл дәуірдегі мектепті Шотлан-

дия ағартушысы Саймон Лори —

«Ешбір ойластырылмаған», «Ешбір

қызықтырмайтын» деп атады. Ал, Комен-

ский оданда ауыр етіп «Ақыл соғысы»

— деп атады. Англияда

Фрэнсис Бэкон латын оқуын

айыптады, қайтадан жа-

ратылыс пәнін үйретуді

ұсынды. Вольфганг Ратке,

Иоганн Валентин Андреэ —

Германияда т. б. оқу жүйесін

өзгергуге өз беттерінше

жұмыс істей бастады. Демек,

XVII ғасыр азабы — оқуды

өзгерту туралы олардың

ешқайсы-ның оқу туралы

ойларын, ұсыныстарын

қабылдамады.

Коменскийдің педагогика

туралы алғашқы еңбегі 1630

жылы отбасында тәрбиелейтін аналар мен

бала күтетін адамдарға арналды. 1631

жылы »Тілдер мен барлық ғылымдардың

ашық есігі» атты еңбегі жарық көрді.

Бұл латын тіліндегі оқуға революциялық

дәстүрде соққы берген еңбек болды.

Кітапта екі колоннаға бөлінген — Чех тілі

мен латын тілін салыстыра оқытудың

мән-жайы түсіндірілді. Еңбекте латынша

оқытудың кемшіліктерін баса көрсетті. Бұл

кітаптың құндылығы сонда, ол 16 елдің

тіліне аударылды.

Коменскийдің көпке, оқушылар

қауымына таныс жұмыстарының бірі —

«Картинада бейнеленген әлем заттарының

көрінісі» атты еңбегі. Бұл жасөспірімдерге

арналған еді. ХХ ғасырда педагогика про-

фессоры Элвуд Кабберли былай деді.

«Бұл кітап Еуропада бастауыш оқуда 150

жыл орнына 200 жыл пайдаланылды, бұған

теңдес кітаптың болмағанының куәсі» -деп,

жазды. Қазіргі кітаптар мен оқулықтар Ко-

менский еңбектері негізінде иллюстра-

цияланып жарық көруде. 1657 жылы Ко-

менский латын тілінде «Ұлы дидактика»

атты еңбегін жариялады. Бұл кітап, оны

дүние жүзіне танытты. Кітап Коменскийдің

педагогикалық жүйесін толық және дәлелді

түрде баяндаған шығарма болды.

Автор:
ДАЙЫНДАҒАН ТауШҰБАР.