Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"Ж ж" ДЫБЫСЫ ЖӘНЕ ӘРПІ


20 июня 2014, 04:41 | 2 111 просмотров


1.Оқушыларға жаңа дыбыстың дыбысталу-

ын, жазылуын үйрету, әріпке байланысты жаңа

сөз ойлау.

2.Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту.

3. Дәптерге әдемі жаза білу, оқушыларды

әдемілікке, әсемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе

буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Күтілетін нәтижелер:

1. Ж ж дыбысы мен әрпінің сөздегі орнын

айыра білу.

2. Сөздер, сөйлемдер оқу арқылы басқа

әріптермен салыстыра отырып, айтылу

ерекшелігін ұғынады. Жж дыбысы мен әрпінің

жазылу ерекшелігін біледі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып ,

Өзара көз тастаймыз

Табыс тілеп көзбенен-

Жаңа білім алуға,

Алға қадам басамыз.

Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабар-

лау.

Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а) Ы ы дыбысы және әрпін пысықтау.

ә) Ы ы дыбысы және әріпі бойынша шағын

диктант жаздыру

б) Тізбектей оқыту.

Жоспары:

І. Қызығушылықты ояту.

1. Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақты ашу.

2.Суреттерді көрсете отырып, буындық,

дыбыстық талдау арқылы Жж дыбысын сөз

ішінен бөліп дұрыс айтқыза білу.

3. ББҮ кестесін толтыру

4. Ж ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту.

5. Әріп таңбасымен таныстыру.

ІІ. Мағынаны ашу.

1. Сөйлем құрату

2. Оқулықпен жұмыс

3. Сергіту сәті

ІІІ. Толғаныс.

1.Дәптермен жұмыс

2.Сабақты қорытындылау.

3. Үйге тапсырма.

І. Қызығушылықты ояту.

Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақты ашу.

Бос жер қалмай аспаннан, Моншақтың

аты не? (жұлдыз)

Түнде шашып тасталған. Қайсы әріптен

басталған? (ж)

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы Жж

дыбысы мен әрпі.

Суреттерді көрсете отырып, жолбарыс

сөзіне дыбыстық талдау қажет.

-Жолбарыс деген сөзде неше буын бар?

-Жол-ба-рыс

-Бірінші буынды атаңдар.

-Жол.

-Осы буындағы бүгінгі жаңа сабағымыздың

танысып отырған дыбысты атаңдар.

Жж дыбысын артикуляциясына сай дұрыс

дыбыстатып, бірнеше рет қайталату.

-Ж ж қандай дыбыс?

-Ж-дауыссыз дыбыс.

-Оны қалай ажыраттыңдар?

Ж дыбысы а дыбысы сияқты созып айтуға

келмейді, өз алдына буын жасай алмайды.

Ж дыбысының таңбасын кеспе әріптерден

оқушылар өздері табады. Ж-ның бас және

кіші әрпінің баспаша, жазбаша жазылуын

оқулықтан таныстырып, суретті әріп үлгісін (ж)

пайдалану.

ББҮ кестесін толтыру

ІІ. Мағынаны ашу.

Ж әрпінен тұратын сөздерді айтқызып,

сол сөзге сөйлем құрату. Жарғанат, жолба-

рыс, жүзім, жүзік, жусан. Далада жусан бар.

Дыбыстық талдау арқылы ж дыбысын сөз

ішінен бөліп дұрыс айтқыза білуге үйрету.

Оқулықпен жұмыс.

Бағандағы сөзді хормен оқыту.

«Жусан», «Жарыс» мәтінін оқытып, қанша

сөйлемнен құралғанын аңғарту.

Кеспе әріптен сөз құрату.

Сабақты қорытын

Автор:
Ұлжан ХУБИЕВА, бастауыш сынып мұғалімі Ақын Сара атындағы орта мектебі