Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТЕМІР


20 июня 2014, 04:45 | 2 158 просмотров


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың темір элементін жан –

жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары,

қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте

сақтау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық

мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша

материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың мақсаты: Темір металы жөнінде

білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін

жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас

қалыптастыру.

Көрнекілік: металдар коллекциясы, периодтық

кесте, суреттер, қосымша әдебиеттер,

интерактивті тақта..

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Кіріктірілетін пәндер: ( география, биология,

физика, әдебиет, астрономия, халықтық педаго-

гика және медицина)

Әдіс – тәсілдер: сұрақ -жауап, түсіндіру, есеп

шығару, теңдеу жазу.

Қолданылатын технология: Кіріктірілген оқыту

технологиясы, Ақпараттық – коммуикациялық

оқыту технологиясы, деңгейлік оқыту технологи-

ясы.

Жаңа сабақ

Темір.

Химик: Темір периодтық жүйеде:

4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша,

реттік нөмірі 26.

26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық

массасы 56, 30 нейтрон.

4 электрондық қабат, 2)8)14)2)

Тотығу дәрежесі 0,+2,+4, кейде +6;

тотықсыздандырғыш болып табылады.

Физик: Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар,

тоқ пен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тар-

тылатын, жұмсақ, созылғыш металл. Тығыздығы

7,864 г/см3 , балқу t0 ═15390С.

Осыдан 2000 жыл бұрын Қытай ғалымы Сума

Тзян магниттік компасты тапқан. Ол темірдің

магниттік қасиетіне сүйенген.Магниттік қасиеті

күшті металдар: темір, никель, кобальт. Ферро-

магнетиктерден магнит құралы, компас жасалады.

Радиотехникада, электротехникада қолданылады.

Темірдің 7690С дейін магниттік қасиеті

сақталады.

Астроном:

Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған.

Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит

бөлшектері түседі, олардың құрамында 90%

темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америка-

дан табылған,салмағы 60т .1895 жылы Гренлан-

дия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит

табылған , қазір Нью-Иоркте сақталуда.Темір күн

жүесінде ең көп тараған элемент. Жер ядросының

90%темір құрайды. Жер мантиясында 12%, жер

қыртысында 5%темір бар. Жер қыртысында тара-

луы бойынша -6 орында.

Геолог:

Темірдің табиғи минералдары:

Fe2O3 магнитті темір немесе магнетит

(72% Fe)

Fe2O3 қызыл теміртас немесе гематит

(70% Fe)

Fe2O3 • 3H2O лимонит (50% Fe)

FeS2 пирит немесе күкірт колчеданы

(52% Fe)

FeSO4• 7H2O темір купорасы

Темір кендерінің ең үлкен қоры Уралда .Онда

таулар толық темірден құралған.Курск,Кольск жар-

тылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір

кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір

кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай

өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай). .

Биолог: Темірдің биологиялық маңызы.

Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін

(ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің

организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның

тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды.

Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында

Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан бело-

гы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға

қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі.

Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына

кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады.

Медицина: Адам ағзасында темір мөлшері

жетіспеуінен –қан аздық(анемия ауруы пайда бо-

лады. Ол дұрыс тамақтанбаудан, экологиялық

себептерден,әлсіреу , көп қан кету т.б. пайда бо-

лады.

Әдебиетші:

Бұл жерде біз данышпан Абайдан бір үзік

жұмбақ келтірелік:

Қара жер адамзатқа болған мекен,

Қазына іші толған әр түрлі кен.

Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,

Солардың ең артығы немене екен?

Шешуі: темір.

Темірдің химиялық қасиеттері:

I. Жай заттармен әрекеттесуі:

3Fe + 2O2 = Fe3O4

2Fe + 3Cl2 = 2Fe3+ Cl3-

Fe + S = FeS

3Fe + C = Fe3C

II. Күрделі заттармен әрекеттесуі:

Fe + H2O = FeO + H2

5Fe + 12HNO3(сұйық) = 5Fe(NO3)3 + N2↑ +

6H2O

Fe + H2SO4(сұйық) = FeSO4 + H2

Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu

Темірдің маңызды қосылыстары қолданылуы:

Магнетит, гемотит, лимонит – шойын және бо-

лат өндіру үшін.

Пирит – күкірт қышқылын өндіру үшін

Темір купоросы - өсімдік зиянкестеріне қарсы

күресте, минералды бояулар жасауда, ағаш өңдеу

үшін қолданылады.

Темір қосылыстары қан аздылық, әлсіздік

кезінде дәрі ретінде беріледі.

Болат пен шойын техникада, тұрмыста

қолданылады.

Темір хлориді (ІІІ) – суды тазарту үшін, мата

бояу үшін қолданылады.

Темір сульфаты (ІІІ) суды тазарту үшін еріткіш

ретінде қолданылады.

Сабақты бекіту: деңгейлік тапсырмалар:

І. «Қанағат»

1. Реакцияны аяқта, теңестір.

3Fe + 2O2 = Fe3O4

Fe + H2O ↔ FeO + H2↑

Fe + 2HCI = FeCI2 + H2↑

2. Ион алмасу реакциясын аяқта, толық

қысқартылған иондық теңдеуін жаз.

FeCl2+ H2SO4 = Fe(OH)2↓ + 2HCI

3. Темірді периодтық жүйе мен құрылысына

байланысты сипаттау?

Жауап: Темір периодтық жүйеде:

4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша,

реттік нөмірі 26.

26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық

массасы 56, 30 нейтрон.

4 электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық

конфигурациясы

ІІ. «Талап»

1. Fe →FeCI2→Fe(OH)2 →FeSO4 өзгерістерді

жүзеге асыруға мүмкін болатын химиялық реак-

цияларды жаз.

Fe + 2HCI = FeCI2 + H2↑

FeCI2 + 2KOH = Fe(OH)2↓ + 2KCI

Fe(OH)2↓ + H2SO4 = FeSO4 + H2O

2. Есеп . құрамында 6% қоспасы бар 200 кг

әктасты өртегенде алынатын сөндірілмеген әктің

массасын есептеңдар. Ж: 105,28кг

ІІІ. «Терең ой”.

1. Құрамында 10% қоспасы бар 10 кг ізбесті

күйдіргенде сөндірілген ізбестің қандай массасы

түзіледі? Ж: 5,04г

Үйге тапсырма.

Автор:
Асыл ҚЫЗЫР, химия пәні мұғалімі, Жансүгіров атындағы орта мектебі КММ, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылы.