Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МЕНІҢ АРМАНЫМ


27 июня 2014, 12:39 | 1 347 просмотров



Мен бала кезімнен бастап ұлы

Абай ақынның өлеңдерін жастанып,

жаттап жүрдім. Ақиық ақын Ілияс

шығармашылығымен танысып, оқыдым.

Ілияс атамыз ұлы Абайды өзіне зор

тұтқаны белгілі. Сондықтан мен Ілияс

туған өлкеден Абай туған топырағына

тағзым етіп, 2011 жылы барып қайттым.

Ұлылар туған өлке деп аталуы да

тегін емес қой. Семей шаһарындағы

ақын атамыздың мұражайы, “ Ахмет

Риза медресесі”, “Шәкәрім ” ескерткіші,

“Абай жолы” романында жазылған

Ақшоқы, Еңлік пен Кебек пана етіп

тығылған үңгір, ақын атаның “ Жиде-

бай қыстауы ” заңғар жазушы Мұхтар

Әуезовтің мұражайы, Тақыр қыстауында

Көкбай молланың медресесі, Құндызды

ауылындағы еліміздің тұңғыш президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бата

берген Шәкір Әбенұлының мұражайлары

менің оқушылық өмірімдегі ең есте қалар

керемет сәттер. Содан болар журна-

лист мамандығын таңдауды жөн көрдім.

Журналист мамандығы жайлы көп пікір

бар. Мен кеше ғана “ Астана ” хабарын-

да Қалқаман Саринмен болған “ Кеш

емес ” бағдарламасын көріп өз ойымды

түйдім. Журналистер туралы жан-жақты

пікір болды. Пікір бар жерде сын бар,

сын бар жерде іс бар. Келешегіміздің

кемелденуі мен еліміздің өркендеуіне Ел-

басы айтқандай біз сияқты жастар керек.

Қоғамдағы болып жатқан жайттар мен

ұрпағына жарық жұлдыз болып кеткен

бабаларымыздың өсиетімен қоса аяқтай

алмай кеткен істерін жалындаған жас

ұлан, біз, қолға алуымыз керек.

Биылғы жас түлектердің жүрек

түкпірінде дүрсіл көп. Біреуі ҰБТ- ден

жинаған балына қарайды, біреуі негізгі

балды, яғни 50балды жинасам дейді.

Негізінде әр оқушы өз бойына тиісті ма-

ман иесі болуды қаласа ерте ме, кеш пе

арманына жетеді. Құс қанатымен ұшып,

аяғымен қонады ғой,сондықтан, берік

тұғыр, Абай айтқандай ыстық қайрат,

нұрлы жүрек керек. Сонда боламыз “

толық адам”.

Автор:
Әмина ҚУДАЙБЕРГЕНОВА, 11 сынып оқушысы Жансүгіров атындағы орта мектебі, коммуналдық мемлекеттік мекемекемесі Қызылағаш ауылы.