Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АҚЫН ӘЛЕМІ


27 июня 2014, 12:41 | 645 просмотров



“Ауылына қарап азаматын таны ”

демекші, туған жері ел жүрегі Астана-

дан арнайы шақыртумен келген ақын,

жазушы, Халықаралық әдеби «Алаш»

сыйлығының лауреаты, Қазақстан

Республикасы Президенті Әкімшілігі

Ішкі саясат бөлімінің инспекторы Ал-

пысбаев Әділбек Ыбырайымұлының

шығармашылығына арналған

«Көркем сөздің көкжиегі» атты әдеби

шығармашылық кездесу сәті маған өте

қатты әсер етті.

Табиғат алақаны аялап өсірген

Әділбек ағаның жүрегінде поэзия сазы

ерте дүрсін қаққан. Туған жердің тамаша

табиғаты мен келісті келбеті ақынның

көрікті жырларына арқау болғанын

байқадық. Әсіресе, қыстауына арналған

“ Көлденең”, жаз жайлауы “ Ойжайлауы ”

өлеңдерімен қатар “ Тамшыбұлақ”,

«Қош бол енді, Қызылағаш»

өлеңдерінде терең толғаныс бар.

Ақын өлеңін оқушылар мәнермен ай-

тып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Соның ішінде Әділбек Дескелді, Шалқар

Зейін, Айдын Лашын , Кемелбеков Да-

стан т.б. оқушылар мен Көлтабан ауы-

лынан келген оқушы қонақтар ақынның

алғысын алды. Өскен өлкесін өлеңмен

өрген, сағына әнге қосқан ақын ағамыз

Астанадан Қалибек Қуанышбаев

атындағы мемлекеттік -академиялық

қазақ музыкалық драма театрының

актері, әнші Қасымхан Бұғабай ағаны

арнайы ала келіпті. Ақынның өз әндері “

Жерге сыр ”,“Оралу ” әндерін нақышына

келтіріп орындады. Туған ауылының

ақсақалдарының көзіне жас келіп, ақын

ағамыздың үлгі-өнеге алар қасиеттеріне

тоқталып, баталарын берді. Әділбек

Далбағаев ағамызда өзінің шексіз

ризашылығын білдірді.

Бұл кеш оқушы бойына терең руха-

ни адамгершілікпен қатар патриоттық

тәрбие беруде үлкен мәні болды. Осы

кешті ұйымдастыруды мектебіміздің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ш.Д.Байтуханова мен директордың

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Б.З.Дуанбекова апайларыма алғысым

шексіз.

Автор:
Әмина ҚУДАЙБЕРГЕНОВА, 11 сынып оқушысы Жансүгіров атындағы орта мектебі, коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Қызылағаш ауылы.