Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ДЕНІМ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ, ТАЗАЛЫҚ САҚТА


27 июня 2014, 12:42 | 892 просмотра



Ұлағатты ұлтымызда «Әуелгі байлық-

денсаулық» деген қағидалы сөз бар. Ал

денсаулықтың кепілі - тазалық екенін бар-

шамыз білеміз. Жеке бастың тазалығы,

үйдің тазалығы, аула, қала тазалығы

барлық адамды толғандыратын

мәселеге айналғаны да рас. Тазалық

жан жылытады, көңілге қуаныш орна-

тады. Солай болса дағы оған кереғар

көріністер де қылаң беріп жататыны

рас. Кейбір үйлерге кірсең, есіктен төрге

дейін шашылып жатқанын көріп, еріксіз

қынжыласың. Мұндай жанұяда өскен

баланың инабатты, ибалы, бойы сер-

гек болуы екі талай. Ал бір жақсы, таза

үйлерді көргенде, сол үйлерге кіргің

келіп тұрады, сол жанұяның балала-

рымен сөйлесіп, достасқың келетіні де

рас. Өйткені кішкентайынан тазалыққа

үйренген бала, өскенде де жақсылыққа,

жаңалыққа талаптана-

ры сөзсіз. Тазалыққа

дағдыланған адам

жинақы, сергек келеді. Жу-

ынып – шайыну, тазалық

әдебіне қалай болса со-

лай қарауға болмайды.

Тазалықты балалардың

бойына сіңіріп, оны әдетке

айналдыру қажет мек-

теп жасындағы бала

өзінің жеке мүлкін, оқу

құралдарын, киім-кешегін,

төсек-орнын таза ұстап,

оны нормаға айналды-

ру керек. Ал қыз бала

өзінің үсті-басын, бойын

үнемі тазалықта ұстап,

айна-тарағын, қол сум-

касын дұрыс пайдалана

білуі шарт. Тазалық сақтау жөніндегі

ата-бабаларымыздың озық өнегелері

мен тәлімгерлік тағылымдары бізге көп

пайда әкелетін маңызды шараларға

айналуы құптарлық жағдай. Біз, мек-

теп оқушылары ұлтымыздың әдеп-

ғұрып, салт-дәстүрлерін қастерлей

отырып, тазалыққа, мәдениетке бастай-

тын маңызды талаптарды орындауға

тиіспіз. Ал бұл талаптар сақталмаған

жерде әдептілік, мәдениеттілік тура-

лы сөз етудің өзі ерсі болар еді. Таза

жүріп-тұруды өміріміздің мәні деп

қарастыратын уақыт жетті.

Автор:
Әдемі НҰРАСЫЛ, 11 сынып оқушысы. Қызыларық орта мектебі Көксу ауданы