Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«АСЫР САП, ОЙНАДЫҚ, ДЕМАЛДЫҚ...»


27 июня 2014, 12:44 | 828 просмотров



Таң бұзып тынышымды жіберді деп,

Жазғы түн кетерінде түнерді кеп.

Жер-ару серпігенде түн көрпесін,

Маужырап қарап тұрды күн елжіреп.

Гүл бөлеп хош иіске атырабын,

Ағаштар жайып салды жапырағын.

Самал жел сыбырласа, сыр ұрласа, -

Өзенде мың бұралып жатыр ағын,- деп

ақын Фариза апамыз жырлағандай - жа-

дырап жаз да келді. Күн шығып, дала жа-

сыл кілемге оранып, әдемі гүлдер шығып

жайқалуда.

Жаз - төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары

өте ыстық, әсіресе шілде айы. Балалар

демалысқа шығып, қуанып, асыр салып

достарымен таңнан кешке дейін ойнайды.

Ал кейбірі жүктерін жинап, алыстағы ту-

ыстарына жол тартады. Жазда күн астында

жүріп денелерін қыздырып, күйдіреді. Жаз

мезгілінде алыстан құстар ұшып, олар да

шуласып, аспанда шыр-көбелек айналып

даланы әсем дауыстарымен жаңғыртады.

Сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар,

тақылдаған тоқылдақтар осының бәрі

жаздың сәні емес пе?! Бақшамызда түрлі

гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашуда,

оларға бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақты,

раушан және тағы басқаларын жатқызамыз.

Міне, осылай жазда өтіп кетеді. Әне-міне

дегенше, күзде келіп, балалар да жаңа оқу

жылына, сабақтарына жол тартады.

Балаларда демалысқа шығып, ауылдағы

ата- әжелерінің үйлеріне барады.

Жаз – ең ыстық жыл мезгілі. Жазда ба-

лалар демалады. Олар демалуға ауылға,

үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жаз-

да олар шомылып, күнге қыздырынады.

Сондықтан олар осы жаз мезгілін жақсы

көреді. Жаз айлары – мектеп оқушылары

үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт.

Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан

арасындағы берілетін күндер демалыс

болып есептелгенімен, жаз кезіндегідей

демалыстың мол мүмкіндігін бере ал-

майды. Жазғы демалыс – мектеп

оқушыларының жалпы физиологиялық,

сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда

даму, жетілу кезеңі болып табылады.

Бастауыш және орта буын сыныптарының

балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың

табиғатпен ерекше үндестік тауып,

дүниетаным аясы кеңейетін, көзқарас

қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын

жылдың тамаша мезгілі екені бәріне мәлім.

Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың

негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік

қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен

айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан

ұстаз - тәрбиешілерге оқушының бос

уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың,

үйретудің мәні зор болып табылады.

Бос уақыт дене және ақыл-ой қызыметін

тынықтыратын, қарым – қатынасты,

қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы

жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын бары-

сында балалардың шынығу – шыңдалу

мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-

шараларға тарту арқылы тәрбиелеу

маңызды екені бәрімізге белгілі. Қазіргі

заманда демалу үшін балаларға барлық

жағдайлар жасалған. Оны дұрыс қолдана

білу өз қолдарында. Бала десе ішкен аста-

рын жерге қоятын ата – аналар да, ұстаз

– аналар да бар. Қайсыбірін алсақта қоғам

үшін, болашақ үшін, өскелең ұрпақтың

түзу де, саналы, ибалы да инабатты,

еліміздің тірегі болар болашақ ұрпақтары

үшін атсалысуда.Осындай демалыс

уақытында да жұмыс атқарып жүрген

Талдықорған қаласындағы №2 орта мектеп

ұжымдары да алтындай уақыттарын бала

тәрбиесіне бөліп, сол мектептің бастауыш

сыныптарындағы директордың оқу-тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары Кенжебекова

Әсел Базарбекқызының ұйымдастыруымен

1-4 сынып оқушыларының арасындағы

әлеуметтік жағдайы төмен, жартылай жетім,

толық жетім отбасыларының балалары-

на көмек арқылы «Арман» лагерін қолға

алып отыр. Оған демеушілік көрсеткен

«Жалпыға міндетті оқу» бөлімімен қалалық

мәслихат. Бұл лагерьде бала тәрбиесіне

және бала денсаулығына, салауатты өмір

салтын сақтауға жақсы мән берілген. Бала

денсаулығына сол мектептің фельдшері

Таубашева Гульжан Амангелдіқызы

қадағалап отырса, бала тәрбиесімен

олардың демалыс уақыттарын қызықтырып

өткізудің және олардың қауіпсіздік

ережелерін сақтаумен аталған мектептің

бастауыш сынып мұғалімдері Данабекова

Қарлығаш Мелсқызы, Шамбилова Фарида

Белгібайқызы, Сағиева Дурия Тұрсынқызы

және де аға жетекшілік қызметпен Кри-

жевская Татьяна Александрқыздары

қадағалап отыруда. Жыл сайынғы әр

балаға ұйымдастырылып отырған ла-

герьде алпыс бала он күн тегін демалып,

тегін тамақтанады. Уақытымен ұйықтап,

уақытымен тамақтанады, ойнайды. Мек-

теп алаңында ғана емес, әр күн, әр түрлі

жерде демалыстарын өткізеді. Мысалға

алатын болсақ, лагерьдің бір күні табиғат

аясына серуендеп шықса, ендігі бір күні

суға шомылуға шығады. Ал келесі күні «Сity

Рlus» балалар алаңына барып ойнайды.

Қалған демалыс уақыттарын қаламыздағы

мұражайлар мен кітапханаларда өткізеді

екен. Бала тілі бал демекші, әр баланың

езуінен күлкі, жүздерінен қуаныштың бейнесі

толып, ауыздарын толтыра, қуана ән са-

лып, би билеп, бір – бірлерімен қызықты

әңгімелерін бөлісіп, ортақ тіл табысып де-

малыс уақыттарын осылай өткізуде.

Автор:
Іңкәр ЕРБОЛҚЫЗЫ