Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

СУ ҚОЙМАСЫ ӨСІМДІКТЕРІ МЕН ЖАНУАРЛАРЫ


27 июня 2014, 12:50 | 2 399 просмотров



Мақсаты:

Білімділік: Су қоймасы өсімдіктері мен жа-

нуарлары туралы түсінік беру. Олардың адам

баласы үшін пайдасын ұғындыру.

Дамытушылық: Теориялық ойын,сөйлеу

тілін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Сұлулыққа, әдемілікке,

тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,

көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, карта.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін,

назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Орман пайдасы, оны қорғау тақырыбының

мазмұнын сұра, дәптерлерін аралап тексеру,

оқыту.

ІІІ Білімді тексеру кезеңі:

- Орманды, тоғайды қорғамасақ қандай

күйге ұшырайды?

- Орман - тоғайдың адам үшін қандай

маңызы бар?

- «Қызыл кітап»деген не?

- Қазақстан жерінде қанша қорық бар?

- Қорықтарды ұйымдастырудың қандай

маңызы бар ?

- Қандай мамандар орманның пайдасы үшін

өз пікірін ортаға салды?

ІV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе: Су туралы, ондағы өсімдіктер мен

жануарлар туралы не білесіңдер?

Өздерінің көргендері туралы әңгімелету.

2.Картадан қазақстандағы өзендерді тауып

көрсету. Көлдерді табу.

3. Құрлық суына өзен, көл, жер асты су-

лары жатады. Бұдан басқа ірілі-ұсақты су

қоймалары, бөгеттер бар. Су қоймасының

ылғалы мол, кейде батпақты жағасында

шөптекті өсімдіктер: қалың құрақ, шоқ-шоқ

қоға, қамыс өседі. Сары тұңғиық, аққу гүлді

де көруге болады.Ал балық оттың тамы-

ры су түбіне жетпей, су бетінде тарамданып

кетеді. Бақа сукөрігі, суқұмық та өседі. Су

өсімдіктерінің тамыры жақсы жетілмеген.

Су өсімдігі суда еріген қоректік затты бүкіл

денесімен сіңіреді.Кейбір су өсімдіктерінің та-

мыры су астындағы лайға немесе тасқа ілініп,

бекініп өседі, Су қоймасы жануарлар әлеміне

де бай.

Инелік—торкөзді үлкен қанаттары бар өте

әдемі жәндік.

Инелік—қомағай, пайдалы жәндік. Суар-

шын, сазқұндыз, кәмшат, құндыз, сияқты

шағын денелі аңдар су қоймасында тіршілік

етеді. Сүңгуір қоңыз, тоспа ұлу, алабұға, мөңке

де осы арада тіршілік етеді.

4.Оқулықпен жұмыс.

Дауыстап тізбектей оқу.

VІ .Жаңа материалды меңгергенін тексеру

кезеңі:

Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларының

қандай пайдасы бар ?

VІІ Бекіту кезеңі:

Қорытындылау.

-Су қоймасының қандай түрлері болады?

Су жағалауында, су ішінде өсетін өсімдіктер

туралы не білдік?

Тіршілігі сумен байланысты жануарды ата.

Суда қандай жәндіктер тіршілік етеді?

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі:

Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын

оқу, мазмұнын айту.

Дәптерге өз жеріңдегі су қоймасы туралы

жазу.

Бағалау.

Автор:
Кульбагила КОЙЖАЯРОВА, бастауыш сынып мұғалімі. Крылов атындағы орта мектеп Басқұншы ауылы, Панфилов ауданы