Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ДАРЫНДЫ БАЛА» ҰҒЫМЫ


27 июня 2014, 12:51 | 1 189 просмотров


Қазақстан Республикасы егемендік алғалы

бері еліміздің білім жүйесі үздіксіз реформалар

үстінде келеді. Авторлық, тереңдетіп оқыту,

дарынды балалар мектептері жұмыс істеуде.

Он екі жылдық орта білімге өтуге қадамдар

жасалуда.

Әрине, еліміздің халықаралық білім

кеңістігіне, бүкіләлемдік сауда ұйымына,

бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына

өтуі барысында орта мектеп өмірінде орын

алып отырған бұл жаңашыл оқыту түрлері

барынша құпталынуы тиіс. Өйткені, кез-

келген елдің экономикалық әулеті оның

интеллектуалдық әлеуетімен өлшенеді. Бұл

тұрғыдан алғанда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың

еліміздің білім жүйесін дамыта отырып,

әлемдегі алдыңғы қатардағы жүйеге шығару

мақсатында ел дамуының бағытына айналды-

руы тектен тек емес.

Бұл жағдай еліміздегі білім саласында бо-

лып жатқан реформаларға жаңа заман тала-

бына сай сын көзбен қарауды, кемшіліктерді

ашық түрде көрсете отырып жою, алдыңғы

тәжірибелерді мектеп өміріне батыл кіріктіруді

қажет ететіндігі күмән туғызбасы анық.

Елімізде дарынды балаларды ерте анықтап,

арнайы мектептерде, гимназия, лицейлерде

оқытуға қатысты айтарлықтай іс-шаралар

атқарылуда. Алайда, осы іс-шаралардың

түпкі нәтижелерін қарастырсақ, онда ауыз

тұшытарлық еш нәрсе таба алмайтынымыз,

дарынды деген бала дарынды болмай шығып

немесе дарындылығын тез жоғалтып алып,

оқушы да, мұғалім де қиналып жүретіні ащы

да болса шындық.

Мұның басты себебі: мектеп өмірінде «Да-

рын» және «Дарынды бала» ұғымдарының

толық айқын болмауында. Оқу үрдісінің осы

ерекшеліктеріне сай жүргізілмеуінде болса

керек. Сонымен дарын деген не? Дарынды

баланың қандай ерекшеліктері бар?

Жалпы кез-келген адам үш параметр :

мүмкіндік, қажеттілік және мүдделілік арқылы

сипатталады. Мүмкіндік – адамның нәтижесі

тек өзі үшін ғана қажетті іс-әрекетті дұрыс

орындай алу деңгейін көрсетсе, қажеттілік

– оның нәтижесі қоғамға немесе әлеуметтік

топқа қажетті іс-әрекетті дұрыс орындай алу

деңгейін көрсетеді. Ал мүдделілік – адамның

жеке тұлға ретіндегі сипаттамасы.

Нәтижесі орындаушы адам үшін ғана керек

болатын іс-әрекеттің оқу іс-әрекеті деп ата-

латыны белгілі. Яғни, мүмкіндік – адамның

оқушы ретіндегі сипаттамасы. Ал қажеттілік

– адамның белгілі бір әлеуметтік топ мүшесі

ретіндегі сипаттама.

Мүмкіндік – орта мектеп қабырғасында,

қажеттілік – жоғарғы мектепте, ал мүмкіндік

– аспирантура немесе доктарантура

қабырғасында қалыптасады. Мүмкіндік

қалыптасқан адам – оқыған, қажеттілігі

қалыптасқан адам – білімді, ал мүдделілігі

қалыптасқан адам- ғалым деп аталады.

Еліміздің білім жүйесінде қалыптасқан норма-

тивтерге сай оқығандық дәрежесіне жету үшін

11-12 жыл, білімділікке жетуге 15-17 жыл, ал

ғалым болу үшін 17-20 жыл қажет.

Алайда, белгілі бір себептермен білімділік не

шығармашылық сипат оқушы кезеңде көрініс

беруі мүмкін. Бірінші жағдайда – ол қабілет, ал

екінші жағдайда – дарын деп аталады. Яғни,

дарын – іс-әрекеттің шығармашыл сипатының

оқушылық кезеңде көрініс табуы. «Дарынды»

атауының тек бала, оқушы үшін, ал «қабілетті»

атауының оқушы үшін де, мұғалім үшін де

айтылатындығы осыған байланысты.

Дарындылықтың табиғаты шексіз, оған

ықпал ететін факторлар да сан қырлы.

Дарындылық пен шығармашылықты

дамытудың түрлі жолдарының ішінде

баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлде

қайда тиімді болып табылады. Мектеп-

те оқушыны ізденушілікке баули отырып,

ғылымның жетістігіне сәйкес армандарына

жетуге, өз жолдарын дәл табуға ғылымға же-

телеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашула-

рына қол жеткізетін тиімді жұмыс түрлерінің

бірі – оқушылардың ғылыми конференцияла-

ры, ғылыми зерттеу жұмыстары, әртүрлі іс-

шараларға қатысуы болып табылады. Біздің

мектебімізде де дарынды баламен жұмыс

жүргізу барысында біраз жетістіктерге қол

жеткізген мұғалімдеріміз бар. Оқушыларды

КҒА-на (Кіші ғылым академиясы), ғылыми

конференцияларға даярлап апарып жүр.

Ол оқушыларымыздың жетістіктері де

айтарлықтай. Осының дәлелі ретінде мысал

келтіре кеткім келеді. Ғылыми жұмыстарын

Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым

Академиясының 22-ші Алматы облыстық

ғылыми тәжірибелік конференциясына

ұсынған төмендегі оқушылар жетістіктері:

8-сынып оқушысы Ансарова Арзигуль жа-

зушы Мәсүмжан Зұлпықаровтың «Жанар

тау» романында кездесетін фразеологиялық

тіркестердің лексико-грамматикалық

ерекшеліктері тақырыбын қорғап ІІ дәрежелі

дипломмен марапатталды (Жетекшілері:

Г.Ә.Садирова, А.Т. Қасымбекова), 9-сы-

нып оқушысы Сатыбалды Ақерке «Туберку-

лез ауруының таралуы» тақырыбын қорғап

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды

(Жетекшісі М.М.Баратова ), 9-сынып оқушысы

Рустемова Каминур «Ұлт денсаулығы – халық

болашағы» тақырыбында қорғап «Мақтау

қағазымен» марапатталды (Жетекшісі:

М.М.Сраилов). Дипломмен марапатталған

оқушылар жұмыстары республика көлеміндегі

39-шы Республикалық ғылым конференциясы-

на ұсынылып, нәтижесінде Ансарова Арзигуль

І дәрежелі дипломмен, ал Сатыбалды Ақерке

мақтау қағазымен марапатталды. «Бейбітшілік

әлемі» қазақ шығармашылық бірлестігі

ұйымдастырған «Өмір және ғылым» атты ІІІ

Республикалық оқушылар конференциясы-

на қатысқан 7-сынып оқушысы Тұрсынжан

Бекзат (Жетекшісі Н.Т. Бибаева) «Киелі жеті

саны» тақырыбын қорғап ІІІ дәрежелі диплом-

мен марапатталып қайтты. Ал жетекшісі Биба-

ева Назигуль Турсынжановна «Лидер образо-

вания» медалінің иегері болды.

Қорытындылай келе, дұрыс оқытылған

жағдайда дарынды баладан ғалым, ал

қабілетті баладан жақсы қызметкер шығады.

Алайда, дарындылықты дамыта отырып,

орнықты шығармашыл қызметке айнал-

дыру үшін орта мектепте оқытудың тиімді

әдіс-тәсілдерін көбірек қолдану керек.

Оның әрқайсысы баланың дарыны мен

шығармашылығын дамытуға негізделуі керек.

Сөзімді аяқтай келе, талмай ізденіп, оқушылар

жүрегіне жол таба білген, осы мұғалімдерге

алғысымды білдіргім келеді.

Автор:
Гульчехра САДИРОВА, ұйғыр тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. «Қорам орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Еңбекшіқазақ ауданы.