Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

КРЕМНИЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ


27 июня 2014, 12:52 | 1 437 просмотров



оның қосылыстары» атты тақырыппен таны-

стыру.Тақырыпты пысықтай отырып кеңінен

ашу.

Дамытушылық: оқушылардың

дүниетанымын кеңейтіп, материалдық

байлыққа, оны игеру мен сақтауға көңіл бөлуге

дағдыларын қалыптастырып, дамыту.

Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылықтарын

арттыру және бір-бірін тыңдап түсінуге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қолданатын көрнекіліктер: интерактивті

тақта, сызбанұсқа, суреттер.

Әдіс-тәсілі- интерактивті әдіс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі;

ІІ. Сұрақ-жауап;

ІІІ. Жаңа сабақты баяндау;

ІV. Тапсырмалар;

V. Сабақты бекіту;

VI. Үй тапсырмасын беру;

VII. Бағалау.

І. Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Бүгін кім кезекші?

-Бүгін сабақта кім жоқ?

-Рахмет.

ІІ. Сұрақ-жауаптар

1. Элементтердің периодтық жүйесін кім

және қашан ашты?

2. Аммиактың формуласы қандай?

3. Сіріңкенің басы және қорабының жанына

жағылған қандай қоспа?

ІІІ. Жаңа сабақты баяндау

-Аталуы: Кремний;

-Таңбасы: Si;

-П\ж орны: ІІІ период, ІV топтың негізгі топ-

шасында орналасқан элемент;

-Қосылыстағы тотығу дәрежелері: -4, +2, +4;

-Аллотропиялық түр өзгерісі: кристалдық

және аморфты;

-Табиғатта кездесуі: оксид және силикат

түрінде.

Алынуы:

1.Лабораторияда бос күйде кремний алу

үшін магнийді ұнтақ ақ құммен SiO2 қосып

қыздырады:

SiO2+2Mg=2MgO+Si;

2.Өнеркәсіпте құм мен көмір қоспасын

қыздырып кремний алады:

SiO2+C=Si+2CO.

Химиялық қасиеттері:

1.Аморфты кремнийді қыздырғанда

тотықсыздандырғыш ретінде жай заттармен

әрекеттеседі:

Si+2CI2=SiCI4(кремний тетрахлорид);

Si+O2=SiO2;

Si+C=SiC.

2.Кремний металмен әрекеттескенде

тотықтырғыш болады:

Si+2Mg=Mg2Si (магний силициді);

3.Кремний ұнтағы концентрлі сілтімен

реакцияға түседі де тотықсыздандырғыш бо-

лады, нәтижесінде натрий силикаты мен сутек

газы түзіледі:

Si+NaOH+H2O=Na2SiO3 +H2.

Физикалық қасиеттері:

Кремнезем атомдық кристарлық тор-

лы, қиын балқитын зат.Оның балқу

температурасы-1700*С. Балқыған кремнезем

суығанда шыны тәрізді аморфты кварц шыны-

сына айналады.Құрамында кремний оксиді өзі

ғана болса, ақ түсті құм, ал темір қосылыстары

араласса, сары немесе қызғылт қоңыр түсті

болады.

Қолданылуы:

Фотоэлементтер, отқа және қышқылға

төзімді болат алу, оптикалық өнеркәсіпте,

электроника, қыш бұйымдар алу үшін

қолданылады.

Кремний қосылыстары:

Осы айтылғандардан басқа кремнийдің

маңызды қосылыстарына: шыны, керамика,

цементті жатқызады.Сондай-ақ кремнийдің

көміртекпен қосылысы-карборунд SiC техни-

када бұрғы, егеу, т.б. қатты заттарды жасауға

қолданылса, түрлі қоспалар қосып кремний

(IV) оксидінен бағалы асыл тастар(агат, аме-

тист, яшма) алынады.

ІV. Тапсырмалар:

1.Төмендегі айналуларды іске асыруға бо-

латын тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар:

SiO2--------Si-----SiO2--------Na2SiO3--------

H2SiO3-------SiO2

2.Массасы 6,1 кг натрий силикатын алу

үшін массалық үлесінде 0,2% қоспасы бар

қанша кремний(IV) оксиді қажет болатынын

есептеңдер.

V. Сабақты бекіту:

1.Табиғи силикаттар мен алюмосиликаттар-

дан қандай заттар алынады?

2.Кремнийдің қолданылуын атаңдар.

3.Кремнийдің периодтық жүйедегі орны

4.Табиғатта кремний қандай түрде

кездеседі?

5.Кремнийдің аллотропиялық түр-өзгерісі

қандай?

VI. Үй тапсырмасын беру.

$27-28, 85-89бет оқу №3,5

VII.Бағалау.

Автор:
Маржан МУСАНОВА, химия пәнінің мұғалімі. Қоғалы орта мектебі Кербұлақ ауданы