Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАЗЫҚТЫҚ ПЕН ТҮЗУДІҢ ПЕРПЕНДИКУЛЯРЛЫҒЫ


27 июня 2014, 12:54 | 1 922 просмотра


Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Түзу мен жазықтықтың орнала-

су жағдайларын қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың есеп

шығару дағдыларын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке,

ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру.

б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау:

-Стреометрияның негізгі аксиомалары

-Кеңістік пен жазықтықтың айырмашылығы

ІІІ. Жаңа сабақ.

Түзу мен жазықтықтың орналасу

жағдайлары:

-Түзу жазықтықта жатады, жазықтық түзу

арқылы өтеді.

-Түзу мен жазықтықтың ортақ бір ғана

нүктесі бар.

-Түзу мен жазықтықтың ортақ нүктесі жоқ,

түзу жазықтыққа параллель.

Теорема: Егер а түзуі α жазықтығын қиса

және қиылысу нүктесінен өтетін жазықтық кез

келген в,с түзулеріне перпендикуляр болса,

онда а түзуі α жазықтығына перпендикуляр

болады.

ІV Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

Орындарында орындалатын тапсырмалар:

№364, №365

Тақтада орындалатын тапсырмалар: № 367

Сабақты қорытындылау:

Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға

қою.

Үй жұмысы: №368, №370

Автор:
К.А.КАТАЕВА, математика пәнінің мұғалімі. Крылов атындағы орта мектеп, Панфилов ауданы, Басқұншы ауылы