Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ЖАСТА БЕРГЕН – ТӘРБИЕ ... »


27 июня 2014, 06:55 | 3 400 просмотров



Болашақ ұрпақ тәрбиесі – ата – бабамыз-

дан келе жатқан рухани мұралардың бірі.

Себебі,артта қандай із қалдырса, алдағы

ұрпағымыздыңда болашағы солай болары

анық. Мектепке дейінгі тәрбие қызметкерлері

балабақша табалдырығын жаңа аттаған

бала бойына адамгершілік қасиетін бойы-

на сіңіріп,болашақтың үлкен есігіне,жақсы

тәрбиемен жетелеуіне себепші маман иесі –

тәрбиеші екені сөзсіз,екені белгілі.

Қазақта «Жаста берген тәрбие жас

шыбықты игендей» деген мақал бар. Жас

шыбықтай иілген жас бала адам болып

шығуы үшін «жан тәрбиесінің» орны ерекше.

Өйткені,ол – бала келешегіміздің иесі.

Осы тақырыпты ала отырып, көп ой-

ландым.Шындығындада бала тәрбиесі

үшін,тәрбиешілердің еңбегі өте зор екендігін

айта кеткім келеді.Тәрбиешінің ерен еңбегі

әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ

болары анық.

Ғылымда,батырда,тілінен бал тамған

ақын да,диқаншы да,шопанда,ұлағатты

ұстаз да бәрі – бәрі осы тәлім-тәрбиенің

берілуі мен адами жан-жақты болуының

арқасында осындай дәрежеге қол жеткізеді.

Қиындығы мен қызығыда жетерлік ең басты-

сы –жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі

– тәрбиеші.

Өйткені бұл мамандық иелерінің бой-

ында ешнәрседен хабары жоқ, кішкентай

ғана сәби,кіршіксіз көңілімен алғаш

балабақша табалдырығын аттаған кез-келген

бүлдіршіндердің бойына тәлім-тәрбие мен

білім нәрін сеуіп, мектепке жол ашып,өмір

есігін айқара ашып беру міндеті жүктелген.

Сондықтан мектепке дейінгі тәрбиелеуде

тәрбиеші мамандардың еңбегі өте зор деп ой-

лаймын.

Алматы қазақ қыздар мемлекеттік

институтының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу

және оқыту» факултетінен «тәрбиеші –

әдістемеші» мамандығын игеріп, жоғары

білімді маман атандым. 2009 жылы Достық

№11 орта мектебінің жанынан ашылған шағын

орталығына тәрбиеші болып қабылдандым.

Осы шағын орталық ұжымынан ұстаздардың

бойында болатын төзімділік,сыпайылық,мейі

рімділік, тазалық,адамгершілік,еңбекке деген

сүйіспеншілік сияқты жақсы қасиеттерді бой-

ыма сіңірдім. Мен өз әріптестеріммен қатар

еңбек етіп, әр баланың бойына ақыл,білім,

жақсы тәрбие беріп, аялап, әр баланың көңілін

табуды,әрбір баланы,алаламай сүйе білуді

үйрендім.

Дана халқымыз: «Ұяда не көрсең, ұшқанда

соны ілерсің» демекші, әр баланың жүрегіне

жылу шашып,қамқор болу,мейіріммен,ақылшы

болу,тәлім-тәрбе беріп,алдыма жылап келген

баланы жұбату мен үшін үлкен бақыт.

«Қыран түлегіне қайтпас қанат

сыйлайды,ұстаз шәкіртіне талмас талап

сыйлайды» демекші, әр тәрбиеші

өзінің әрбір тәрбиелеп отырған балаға ке-

лешекте жақсы оқушы,келешек маман иесі,

адамгершілік пен мейірімділікті бойына сіңіре

отырып, тәрбиелі- білімді болуына жол ашып

береді.

Сондықтан қоғам дамуына тәлім-тәрбие

берудегі ең басты мәселе болып табылады.

«Келер ұрпақ алдына зор

жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»

деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде

педагог-ұстаздар алдына үлкен жауапкершілік

жүктеді.

Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен тау-

сылмас білім ошағын санасына ұялатқан,ата-

анасынан алғаш ұзақ күнге алыстаған,басқа

жанның өз анасындай мейірімге толы жүрегін

ұсына білген тәрбиешісін мәңгі есінде

сақтайды.

Өйткені,әрбір мемлекеттің өсіп

өркендеуінің,бәсекеге қабілетті болуының

басты ошағы- жақсы тәрбиелеу мен білім бе-

руде.Ең алдымен білім беру саласын дұрыс

жолға қойып ,тәлім-тәрбие берудегі сапалы

білімді талап етеді. Ендеше ,осындай бәсекеге

қабілетті,рухы биік ұрпақ тәрбиелеуге міндетті

де жауапты екеніміз белгілі.

Әлемдік білім кеңістігіне кіріп,білім беру

жүйесін халықаралық биікке көтеру кезекті

күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені

шешудің кілті әрине ұстаз – тәрбиешілердің

қолында. Өйткені елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын

ұрпақ тәрбиеленіп отыр. Адам тәрбиелеу

– ұлы міндет. Менің түсінуімше тәрбиеші –

рухы таза, ой-өрісі биік,ұлты мен Отанының

болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық

пен табандылықтың үлгісін көрсетуші,өз

бойындағы асыл қасиеттері мен білімін

болашақ ұрпақтың бақытты болып,қоғамды

өрге өркендетуші,шыншылдықтың бастаушы-

сы, жүрегі жылы көңілі дархан адам.

«Тәрбиеші болу – өз уақытыңды

аямау,басқаның жанымен бақытын аялау» де-

ген нақыл сөз дәлел бола алады.

Тәрбиеші – білгенің үйретуші ғана емес, ақ

тілеуін ана тәрізді барлық адамның бойынан

жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі.Тәрбиелеген

баласын биіктерден көру,алған тәрбиесін бой-

ына сіңіріп өскен тәрбиеленушіні көру тәрбиеші

үшін үлкен қуанышты, бақытты болуы. Мен

тәрбиеші болып,бала тәрбиесін өз жүрегімнің

қалауымен таңдадым.Маман тәрбие беруші

ретінде негізгі ұстанымым: әр баланы тұлға

деп тану,қуанышына қуанып,жылағанды

жұбату, сол кішкентай ғана бүлдіршіндерді ке-

лешекте биік сатылардан көру.

Тәрбиеші бойындағы балаға тәлім берерлік

асыл қасиеттері болмаса ,тәрбиені бала бой-

ына жеткізу жұмысы оңайға түспейді.Мек-

тепке дейінгі мекемелерде бүлдіршіндерге

жан-жақты тәрбие, білім-ілімді,тәрбиені дары-

та білген тәрбиеші ғана өз жұмыснын толық

атқарған болып есептеледі.

Сөзімді қорытындылай келе, Елбасымыздың

«Егемен еліміздің ертеңіне тіреу, іргесіне сүйеу

болатын жас ұрпақты жан-жақты білімді етіп

тәрбиелеп жетілдіру басты назарда болуы

тиіс» - деген ұтымды ойдан туған сөзімен

аяқтай келе,еліміздің ертеңі балаларымыздың

болашағы үшін тәрбие білімнің сара жолында

ізденуден жалықпайық дегім келеді.

Автор:
Индира ҚАЛИАСҚАРОВА, Достық №11 шағын орталығының тәрбиешісі. Достық кенті, Алакөл ауданы