Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БАҚЫТ АҒАЖАЕВА: Оқытудың сапасына мән береміз


27 июня 2014, 12:58 | 969 просмотров



Тәуелсіздік алған жылдардан ба-

стап ана тіліміздің көсегесін көгерту

мақсатында біраз іс атқарылып жатқаны

анық. Елдік маңызды іске жер-жердегі

қазақ тілін оқыту орталықтары да үлес

қосуда. Мәселен, Шығыс Қазақстан

облысындағы 11 тіл орталығы өңірдегі

қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуде

тұшымды жұмыстар атқарып келеді.

Осы облыста болғанымызда өзге ұлт

өкілдерінің тіл білуге деген ынтасы артып

келе жатқанын байқадық. Осы орайда

Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан

Лигвистикалық орталығының директоры

Бақыт Кәрімқызы Ағажаевамен кездесіп,

аталмыш орталықтың атқарып жатқан

жұмысы жайлы білуді жөн көрдік.

– Өңірде қазақ тілін білудің қажеттілігі

қаншалықты артып келеді? Орталықтың

жұмысын таныстыра отырып,

осы мәселеге тоқтала кетсеңіз.

–2006 жылы бой көтерген орталығымыз

мемлекеттік тілді жетілдіру

жолында бірқатар жұмыстар атқарып

келеді. Осы уақыт ішінде мемлекеттік

тілге деген қажеттілік те, сұраныс та

өскенін айта кеткен жөн. Біздің тіл

орталығында орыс және ағылшын тілдері

де оқытылады. Сонда да қазақ

тілін меңгергісі келгендердің саны ба-

сым. Жалпы, біздің облыстағы барлық

орталықтарды қосқанда осы уақытқа

дейін 13 мыңнан астам адам тіл үйрену

курстарынан білім алып шықты.

«2025 жылға қарай отандастарымыздың

95 пайызы қазақ тілін білу

қажет» деп Елбасымыз айтқаны белгілі.

Бұл мақсатты іске асыру жолында

бүгінгі күні орталық жоспар құрып, сол

бойынша бірқатар жұмыстар атқаруда.

Ең әуелі мемлекеттік қызметшілерді

оқыту мәселесі басты назарда болса,

одан кейін жалпы ересектерді оқыту

мақсаты тұр. Білім және ғылым

министрлігінің «Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы» әзірлеп

енгізген ҚР мемлекеттік стандарты

негізінде ересектерді оқытудың типтік

бағдарламасы жасалынған болатын.

Соның негізінде біз әртүрлі кәсіпорын мен

мекемелердің қызметкерлерін

оқытып

келеміз. Тілді меңгерем деген азаматтар

үшін 2 айға созылатын «Тілашар» курсы

жұмыс істейді. Бұл курсты бітіргендер

қазақ тілінде еркін сөйлеп, бастапқы

базаны меңгеріп шығады. Курсқа

қатысушылар саны алғашқы жылда-

ры 20 адамнан басталса, бүгінгі күні

бұлардың саны 500-ге жетті. Соңында

курс тыңдаушыларына арналып «Ойна

да күл, қазақша біл» атты тілдік жазғы

лагерь ұйымдастырамыз. Бұл шара

арқылы біз тек қазақ тілін ғана емес,

сонымен қоса ұлттық салт-дәстүрімізді

де өзге ұлт өкілдеріне таныстырамыз.

Орталығымызда қазақ тілін білетін өзге

БАҚЫТ АҒАЖАЕВА:

Оқытудың сапасына мән береміз

ұлт өкілдері жастарының басын қосатын

«Бірлік» пікірсайыс клубы жұмыс істейді.

Клуб отырысында мемлекеттік тіл

саясатының жүзеге асуы, бүгінгі жастар

мәселесі және басқа да өзекті мәселелер

қозғалады.

Өңірдегі мемлекеттік тілдегі жарнамаларға

немқұрайлы қарай алмай-

мыз. Сондықтан Тілдерді дамыту басқармасы

мемлекеттік мекемелердегі

аудармашылардың басын қосып, уни-

верситеттермен келісімшартқа оты-

рып, жылына үш рет оларға арналған

курс жүргізеді. Бұл жауапты міндет те

бізге жүктеледі. «Аударма терминдерін

біріздендіру және аудармашылар ара-

сында ақпарат алмасуды жеделде-

ту» атты курс барысында мемлекеттік

органдарындағы іс қағаздарды сапа-

лы жүргізу талаптары, мемлекеттік

тілде рәсімделетін құжаттарды сауат-

ты жүргізу мәселелері қарастырылады.

Бүгінгі күні ілеспе аудармаға

көп мән

берілмейтіндігі байқалады.

Сондықтан

біз ілеспе аударманы жетілдіруге ат-

салысудамыз. Біздің курста 2012-2014

жылдар аралығында 120 аудармашы-

редактор оқып, тиісті сертификатқа ие

болды. Осы орайда айта кетерлік бір

жайт, бүгінгі аударма жаңалықтары,

орфографиялық сөздіктердегі соңғы

өзгерістер бас қосып, пікірлесуді талап

етеді. Жаңа терминдерді түсіндіретін,

басқа да мәселелерді ортаға салып,

пікір алмасатын облыс көлемінде аудармашылар

ұйымын не болмаса бірлестігін

құру қажет секілді. Міне, осыны негізге

ала отырып, алдағы уақытта аудармашыларға

арнап семинар өткізу жо-

спарда бар.

2011 жылдан бері «Учимся говорить по-

казахски» деген сайт жұмыс істеп келеді.

Бұл сайт орталықтың жұмысын

одан әрі

кеңейте түскенін айта кеткен жөн. Себебі

тек ел азаматтарына ғана емес, шет

мемлекеттердегі қандастарымызға, қала

берді қазақ тілін үйренуге қызығушылық

танытып жүргендерге сайттың тигізетін

көмегі зор. Оқыту жүйесі 14 модуль-

ден тұрады. Әр модульден кейін

тыңдаушының білімін бағалайтын

тестілеу өтеді. Атауының орысша болуы

да басқа ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді

меңгеруге тарту үшін жасалған амал.

Бұл сайттың бір ерекшелігі тіл үйренуші

Skype бейнебағдарламасы арқылы

біздің орталықтың мұғалімдерінен

бейнесабақтар ала алады. Бүгінгі күнге

дейін 642 185 адам сайтты пайдаланған.

Бүгінгі таңда маңызын жоғалтпай

отырған мәселе, бұл ересектерді оқыту

жайы дер едім. Себебі біз педагогиканы

ғана негізге аламыз да, ересектерді

оқыту, яғни андрогогикаға мән

беру керектігі ескерілмейді. Сондықтан

орталығымыздағы оқытушыларға

ере-

сектер психологиясы мен олармен жұмыс

істеу туралы дәрістер оқытылады.

– Өңірде мемлекетік қызметші аптасы-

на екі күн, белгілі бір уақытта мемлекеттік

тілді оқып-үйренуге қатысады.

Тіл білуге

ниет білдірген мемлекеттік қызметшілер

қатарының толығуы қалай?

–Бүгінгі күні облысымызда мемлекеттік

қызметшілердің мемлекеттік

тілді

үйренуіне барлық жағдай жасалған. Яғни

облыс әкімінің бастамасымен

мемлекеттік

қызметші аптасына

екі күн қазақ тілін

оқып-үйренуге қатысады. Тілдерді да-

мыту мен қолдану жөніндегі 2011-2020

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

бойынша

биылғы жылы

мемлекеттік

қызметшілердің 20 пайызға

жуығы «Қазтест» сынағынан

өтуі үшін дайындық жұмыстарын жүргізудеміз.

Егер облыс бойынша 7180

мемлекеттік қызметші болса,

олардың

6065-і «Қазтестке» дайындық

курсынан

өтті. Мемлекеттік қызметшілердің

ба-

сым бөлігінің қазақ тілін В1 деңгейінде

білетінін айта кетуге болады. Мемлекеттік

тілді меңгеріп шыққан мемлекеттік

қызметшілер қатары да жылдан-жылға

артып келеді. 2011-2012 оқу жылында

1147 болса, 2011-2012 оқу жылында

бұлардың саны 1179-ға жетті. Ал 2012-

2013 оқу жылында 1290 болды. Жасы-

ратыны жоқ, өз еркімен мемлекеттік тілді

меңгеруге ниет білдірген

мемлекеттік

қызметшілер некен-

саяқ. Мемлекеттік

қызмет орындары

тарапынан тілді

білудің міндетті

екендігі жөнінде

талаптың қойылмайтыны өкінішті. Көп

мекемелер Ата Заңымызда қазақ тілімен

қатар орыс тілі де ресми тіл дегенге

сүйеніп, барлық іс-қағаздар мен құжаттар

орыс тілінде де жүргізіледі. Біздіңше, ҚР

«Тіл туралы» Заңының 23-бабы міндетті

түрде орындалуы тиіс. Онда: «Үкімет,

өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді

және атқарушы органдар Қазақстан

Республикасындағы мемлекеттік тілді

барынша дамытуға, оның халықаралық

беделін нығайтуға міндетті. Мемлекеттік

тілді белгілі бір көлемде және біліктілік

талаптарына сәйкес білуі қажет

кәсіптердің,

мамандықтардың және

лауазымдардың

тізбесі Қазақстан

Республикасының Заңдарымен

белгіленеді» делінген. Осыдан екі-үш

жыл бұрын тілді білу деңгейі бойын-

ша лауазымдардың тізімі әзірленуі

тиіс

еді. Мәселен, мемлекеттік

қызметшілер

қазақ тілін В1 деңгейінде, ал сауда

қызметкерлері А1 деңгейінде білуі керек

деген сияқты деңгейлері нақтыланған

тізім болса қандай жақсы. Алайда бұл

тізім әлі күнге дейін жасалынбай отыр.

Өз қандастарымызға қарағанда өзге

ұлт өкілдерінің тілді білуге деген ынта-

сы артып келе жатқанын байқаймыз.

Көп нәрсе басшыға байланысты. Бас-

шы тарапынан талап қойылмаған

соң қызметкерлер мемлекеттік тілдің

маңызына мән бермейді. Ал ол үшін

«Тіл туралы» Заңға өзгеріс енгізілу

керек.

Себебі заңдық негіздеме болмаған

соң Тілдерді дамыту мен қолдану

жөніндегі 2011-2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы

ерекше мәні

бар құжат ретінде қарастырылмайды.

Ал бұлтартпайтын

заң бар жерде оның

орындалуы қадағаланып, нәтиже бола-

ры анық. Жоғарыда айтып өткенімдей,

осындай талап болса, мемлекеттік

қызметшілерді оқытуға арналған 120

сағат та жеткілікті болар еді.

– Кейбіреулер «Тіл орталықтарының

не қажеті бар?» дегендей де пікір білдіреді.

Бұған не дер едіңіз?

–Тіл орталықтары қажет. Себебі

халықтың мемлекеттік тілді

меңгеруіне

Тіл дамыту басқармаларының

мүмкіндігі

жетпейді.

Меніңше, кез келген об-

лыс орталығында кем дегенде бір тіл

орталығы болуы керек. Бүгінгі күнге

дейін

атқарылған жұмыстар оң нәтижесін беріп

жатыр. Бірақ Үкіметтің жекешелендіруге

байланысты

қаулысына орай

республикадағы барлық тіл орталықтары

2014-2016 жылдар аралығында

жекешелендіруге жатқызылып жатқаны

өкінішті.Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге

асырып келе жатқан тіл орталықтары

мемлекеттің құзырында болуы керек

сияқты.

Облыс әкімінің бастамасымен Шығыс

Қазақстан облысы Қарағанды,

Павлодар, Алматы облыстарымен

әріптестік байланыста жұмыс

істеп

жатқаны белгілі. Сол ынтымақ

ая-

сында аталған облыстар

бір-бірімен

мемлекеттік тілді оқыту тәжірибелерімен

алмасуда. Осы орайда жуықта біздің

орталық «Мемлекеттік тілді оқытудың

өңірлік

ерекшеліктері мен проблемала-

ры: ізденістер және нәтижелер» атты

ғылыми-практикалық

семинар өткіздік.

Бұл шараға жоғарыдағы облыстардың

ғалымдары мен ересектерді

оқытатын

тіл мамандары

қатысты. Келесі

кезекте

Павлодар облысының Тілдерді дамыту

басқармасымен келісе

отырып, олардағы

тілді меңгеруге

арналған жобаларға

байланысты өңірде болып, тәжірибе ал-

масу жоспарда бар.

–Жуықта Ресейге қарасты Барнаул

елді мекеніне барып қайтқаныңызды

білдік. Бұл сапардың мақсаты мен нәтижесі

туралы айтып өтсеңіз.

–Екі аймақтың басшылары әріптестік

жөнінде өзара келісімшартқа қол қойып,

бұның негізінде екі аймақ барлық сала-

да тәжірибе алмасып отыр. Бұл сапары-

мызда Алтай өңіріндегі қазақ тілінің жай-

ын біліп, сол жақтағы қандастарымызбен

жүздесуді мақсат тұтсақ, екінші жағынан

Барнаулда «Білім,

ғылым, қоғам:

Жаңғырту мен инновациялар

» атты

халықаралық ғылыми-практикалық кон-

ференция өтті. С.Аманжолов атындағы

ШҚМУ, «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін

арттыру инсти-

туты, И.Ползунов

атындағы Алтай

мемлекеттік

техникалық университеті

мен біздің орталық бірігіп осы жобаны

ұйымдастыруға атсалыстық. Конференциядағы

өзекті мәселе ретінде

Қазақстаннан келген студенттердің

ортаға бейімделуі сөз етілді. Соны-

мен қатар Алтай өңірінде ұлттық дәстүрімізді

дәріптеп жүрген «Атамұра»

ұйымының басшысы Қайыржан Досымбековте

қатысып, өз пікірін білдірді.

И.Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік

университеттің жанында қазақ тілін

оқыту орталығы ашылған болатын. Сол

орталықты әдістемелік құралдармен

қамтамасыз еттік. Алтай өңіріндегі

қандастарымызға қазақ тілін үйрету

мәселесі таяуда ғана көтерілгенін айта

кеткен жөн. Бірақ тіл үйрету орталығы

әлі жұмысын

бастай қойған жоқ. Алдағы

уақытта біздің орталық тарапынан

қандай көмек

қажет болса, қол ұшын

созуға дайынбыз.

Сапар аясында Алтай өңірінен 400

шақырым жердегі Керей деген ауылдағы

бүкіл Ресейдегі жалғыз қазақ Қаракөл

мектебінің ұжымымен кездестік. Бұл

елдімекенде

70-80 қазақ отбасы тұрады

екен. Өзге елде жүрсе де «елім деп

еміреніп, жерім деп тебіренетін» ата

дәстүрімізден қол үзбеген жастардың

өсіп келе жатқанына қуандық. Мектеп

директоры Нұрғайша Баринова Ресей

елінің заңдарына сәйкес биылдан бастап

бұл мектеп аралас мектепке айналатынын

айтты. Алайда соған қарамастан

ол «қазақ баласы қазақша білім

алып, тәрбиеленуі керек» дегенді айтты.

Біз бұған ризашылығымызды білдірдік.

– Әңгімеңізге рахмет!

Автор:
Сұхбаттасқан Ақбота ИСЛӘМБЕК. «АНА ТІЛІ