Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ДАРЫНДЫ БАЛА –ҰСТАЗ АБЫРОЙЫ


22 августа 2014, 13:32 | 2 331 просмотр


Мұғалімнің міндеті жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту және осының негізінде баланың болашағын анықтау.

Белгілі бір іс –әрекет түріне қабілеті бар баланың қызығушылығы мен бейімділігі бір –бірімен үйлесім таба алады. Бала қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, шабыт кіреді. Осыдан, біреу математикаға құмар, екінші –өлең жазуға, үшінші –сурет салуға өз дарындылығын іске қосып, оны нақты іс –әрекеттен кейін дамыта түседі. Дарындылық –бұл бірдей өмір шартын¬да, қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқытуда аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылықтың ерекше көрініс беруі. Бала өз мұғалімі жағынан назар аударылуы мен жан –жақты қолдау көрсетуді сезінуі қажет. Қазіргі таңда да¬рынды балалармен жұмыс жасаудың түрі –балалар шығармашылығы болып табылады.

Сол дарынды оқушыларымның бірі Қылышхан Шолпан. Өзін дара да, дарынды оқушы ретінде, сынып, мектепішілік сайыс сабақтарында жүлделі орындармен ерекшеленуде. Шолпан сыныбымыздың үздік оқушысы. Бір ауыздан айтқанда жан –жақты. Қазіргі таңда Шолпанның өлең жазуға де¬ген қызығушылығын байқаудамыз. Оған көмек беріп, өлең жазуға деген қабілетін шыңдаудамын. Шолпан өзінің өлеңдерін жинақтау үстінде. Шәкіртім қанатың талмасын, өзіңнен зор үміт күтемін.

ЖАЗ АЙЛАРЫ

Жаз келді жадырап,

Жайқалды өлкеміз.

Балаларға арнаған,

Сыйы көп өлшеусіз.

Ойнаймыз асыр сап,

Қаланы сәнге орады.

Шомылып суға біз,

Шығамыз тауға да.

Тайларға мініп ап,

Жарысып шабамыз.

Көгалды қуалап,

Қозы лақ бағамыз.

Жаз бойы демалып,

Ойынға қанамыз.

Ал, күзде сағынып,

Мектепке барамыз.

ЖАҢА ЖЫЛ КЕЛДІ

Жаңа жыл келіп қалыпты,

Қуантып әрбір баланы.

Ақ ұлпа қар жауыпты,

Жайнатып аймақ, даланы.

Шағылысып шамдар ақ қармен,

Доп қуып аулада.

Сағына күткен жаңа жыл,

Тағы да міне оралды.

Құтты болсын Жаңа жыл,

Жарқын болсын жүзіміз.

Ашық болып көк аспан,

Жарқырап тұрсын күніміз

Автор:
Анар АХМЕШОВА, бастауыш сынып мұғалімі Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11орта мектеп. Талдықорған қаласы.