22 августа 2014, 13:34 | 1 696 просмотров
Облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің секция жұмыстары Талдықорған қаласы №9 орта мектеп¬пен Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп-лицей аясында өткізілді. Бұл тамыз кеңесінің өтуінің басты мақсаты: Қазіргі кездегі білім беру саласындағы өзгерістер мен басымдылықтарға сипаттама беру болды. Аталған шарада 22 бағытта, секция жұмыстары жүргізілді. Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбында өтуінің өзі болашақтың іргетасын қалайтын жастарымызға үлкен үміт ар¬тады. Биылғы тамыз педагогикалық кеңесі секция жұмысының басты ерекшелігі – Жетекші мектептердің бас¬шылары, бағыт бойынша негізгі пәндер секция жұмысына қамтылып отыр. Мек¬теп директорларына арналған 5 секция жұмысын облыстық директорлар кеңесі мүшелері жүргізді. Секция отырысын¬да педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, инновациялық процестерді дамытуда әдістемелік қызметтің рөлі, ақпараттық-коммуникациялық тех¬нологияны пайдаланудың тәсілдері, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, жал¬пы білім беру мекемелерінде үш тілді оқытудың жайы және даму болашағы туралы жан – жақты тал¬дау жасалынып, мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту, қосымша және инклюзивті білім беруді дамыту мәселелеріне баса назар аударылды. Сек¬ция жұмыстарында ұсыныстар қабылданып, қорытындыланды.