29 августа 2014, 17:32 | 6 053 просмотра
«Талдықорған қаласының №1
Психологиялық - педагогикалық
коррекциялық кабинетінде» дамуын-
да әр-түрлі кемістігі бар түрлі жастағы
балалар көмек алуда. Коррекциялық
кабинеттің жұмысының жүйелілігінің
және педагогтардың бір-бірімен
жұмыстарының өзінара байланысының
нәтижесінде, көптеген балалар жал-
пы мектеп бағдарламасын меңгеріп,
әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы
балалардың айтарлықтай көп бөлігін
психикалық дамуы тежелген балалар
құрайды.
Психикалық дамудың тежелуі
– бұл баланың интеллектуалды
қабілетінің жасына сәйкес келмеуі.
Психикалық дамуының тежелуінің
негізгі бұзылыстары интеллектуал-
ды деңгейі көбіне таным процестері:
зейіні, логикалық есте сақтауы, ойла-
уы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып
келеді. Осы себептерге байланысты
психикалық дамуы тежелген (ПДТ)
балалардың өқу үлгерімі төмен болады.
Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі
мектеп жасына дейін анық байқалады.
Оның негізгі белгілері: ойыншықтарға де-
ген қызығушылығының төмендігі, ойын
әрекетінің толық қалыптаспағандығы,
құрбыларымен аз араласады, өз ойын
ашық айта алмайды, (экспрессивті
сөйлеу тілі дамымайды), тез шаршағыш,
зейіні тұрақсыз болады, өзін-өзі төмен
бағалайды, сенімсіздігі басым бола-
ды. ПДТ балалардың тіл байлығы
қалыптағы балаларға қарағанда 20-30%
төмен деңгейде болады. Осы себеп-
терден баланың нұсқауларды, тапсыр-
маларды орындауда көп қиындықтар
кездеседі. Аталған қиындықтарды
мен де өз жұмысымда кездестіремін.
Психикалық дамудың тежелген ба-
лалар арнайы педагог маманының
көмегіне мұқтаж. Жоғарыда аталған
өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып
коррекциялық кабинетке келіп тіркелген
ПДТ балалар бірінші кезекте арнайы
педагог маманының көмегін алады. Ар-
найы педагог маманы ПДТ балалардың
жас және жеке ерекшеліктерін ескере
отырып оқыту кезеңіне арнайы жеке
оқыту бағдарламасын құрады.
Психикалық дамуы тежелген
балалардың жұмысқа деген қабілеті 15-
20 минут. Сондықтанда коррекциялық
сабақтарды өте тиімді етіп ұйымдастыру
арнайы педагогтың біліктілігіне байла-
нысты.
Сонымен қатар, ПДТ балалардың да-
муына тиімді әсер ету әдісі ретінде осы
балалардың ата-аналармен жұмысты
атап өту керек. Бұл балалардың ата-ана-
лары эмоционалды күйзеліске ұшырап,
қорқыныш сезімдері басым болып
келеді. Алғашқы қорқыныш сезімдерін
балалары балабақшаға, мектепке
барғанда пайда болады. Себебі осы
кезде тәрбиешілердің, мұғалімдердің
тарапынан баланың оқу үлгерімінің
төмендігі жайлы көп естиді. Көптеген
ата-аналар бұл жағдайлардан кейін де
педагогтардың кеңес-нұсқауларына на-
зар аудармайды. Олардың пікірлерінше
«баланың жасы келе дұрыс сөйлеуге,
ойнауға, құрбы-құрдастырымен қарым-
қатынасқа түсуге үйренеді» деген қате
ойда жүреді. Осылайша уақытты өткізіп
алуы да мүмкін. Сондықтан бұндай
жағдайларды болдырмау үшін дер
кезінде коррекциялық көмек көрсетілуі
керек. Коррекциялық түзету-дамыту
сабақтарының нәтижесінде ПДТ бала-
ларда басқа да ауытқушылықтардың
алдын алуға болады және ары қарай
дамуына мүмкіндік туғызатыны жөнінде
ата-аналарға кеңестер беру қажет. ПДТ
балалардың ата-аналарына балаларға
нені қалай үйрету жөнінде кеңестер:
- балармен үнемі сөйлесу қажет,
үй жағдайында сабақтар өткізіңіздер,
арнайы мамандардың берген кеңес-
нұсқауларын орындап отыру керек;
- көп уақытты қоршаған ортаға бөлген
жөн, баламен бірге дүкенге, саябақтарға,
балаларға арналған мерекелік іс-
шараларға бару пайдалы;
Тек арнайы педагогтың ПДТ
балалардың ата-аналармен бірлескен
түзету жұмыстарының нәтижесінде
осы балаларды әлеуметтік ортаға
бейімделуіне көмектесе аламыз.