29 августа 2014, 17:33 | 2 638 просмотров
Бүгінде жас ұрпақтың заман та-
лабына сай білім алып, жеке тұлға
ретінде қалыптасу үлкен жауапкершілік
мінбесіндегі ұстаз бен ата-ананың рөлі
зор.
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,
үшеуімен болады бақытты өмір» -деп
сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев
айтқандай мектептің басты міндеті-
жүйелі білім берумен қатар жан-жақты
интеллектуалды рухани тәрбие беру
және жас ұрпақты денсаулығы мықты
етіп өсіру болып табылады.
Осы орайда мектеп директоры
Шүйкембаев Серік Смағұлұлы басқарып
отырған Сейфуллин атындағы орта
мектепте балаларды жазғы дема-
лыс кезінде сауықтыру барысында
мектеп жанында «Балауса» лагері
ашылып, арнайы құрастырылған іс-
шаралар жоспары бекітілді. Лагерь
жұмысының қызықты өтуіне байланы-
сты өткізілген «Лагерь аруы»
байқауы әр оқушыны шабыт-
тандыра түсті.Бастауыш сынып
мұғалімдері күнделікті өткізілген
іс-шараларға үлкен зейінмен
атсалысқан оқушыларды
мадақтап отырды. Лагерь
жұмысы әр баланың көңілінен
шығатындай эстафеталық
жарыстар, топсаяхат, ән
шашу және сурет көрмелері,
Талдықорған қаласындағы
орталық парктегі аттракцион-
дармен жалғасты. Лагерде жетекшілік
еткен тәрбиешілер Есимова.Ұ.Т,
С а р ы е в а . Г . Д , А к и м д ж а н о в а . Л . Ж ,
Ниязщина.А.Ж,
Диханбаева.Г.Д, Шүйкембаева.Ж.Ғ,
Жириндинова.А.Р, Абатова.С.А,
Жобас.Е, Кәмелбек.Д өз жұмыстарын
жоғары деңгейде өткізіп, әр оқушының
жүрегіне жол таба білді. Сондықтан ла-
герь кезіндегі жас ұрпақтың алаңсыз
демалуына ата-анамен ұстаздың аялы
алақаны керек. Ендеше жыл сайын
өтетін жазғы демалысымызды балалар
үшін аянбай еңбек етейік, ұстаздар!