Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТЕСТІЛЕУДЕН ҚҰТЫЛСАҚ, МӘСЕЛЕ ШЕШІЛЕ МЕ?


29 августа 2014, 17:38 | 1 744 просмотра



Басы 1-бетте.

«Ең алдымен, жас ұрпақтың денсаулығын

ойлаңыздар! Клиникаларымыздың

біріндегі біздің студенттерімізді

медициналық

тексеру олардың небәрі

шамамен

20 пайызының ғана шынында

дені-қарны сау екендігін көрсетті. Біздің

университеттен

шығып қалып жатқандар

да аз емес. Негізінен, оған психологиялық

төзбеушілік немесе жастардың жаңа

«академиялық» жағдайларға бейімделе

білмеуі себеп болуда. Олар дарынды,

қабілетті, алайда «сындарлы

ойлауға»

дайындалмаған. Бұл жерде деструктивті

сынды айтып отырған жоқпыз.

Біз олар-

ды шығармашыл, конструктивті

ойлауға

үйретеміз» деген NU вице-президенті

заманауи

әлемде осыған қабілетті

ұрпақ қана қатаң бәсекеге төтеп беріп,

Қазақстанды

«әлемдік дамыған отыз

елдің» біріне айналдыра алатындығын

нықтады.

Елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов

те жас қазақстандықтардың психикалық

орнықтылығы мәселесіне арнайы тоқталды.

Ескі кеңестік тәсілмен тәрбиеленген,

яғни «көркем көрсеткіш қууға»

бағдарландырылған

кейбір мектеп

түлектері, мысалы, ҰБТ-дан құласа бол-

ды, «өмірді біттіге» санап, өзіне-өзі қол

жұмсайды. Бас қала басшысы осы орай-

да мектеп оқушыларына «кінә сезімін,

сынды, мадақты қалай қабылдауға

және өткеруге», «эмоциялық шантажды,

депрессияны, өзгелермен салыстыру

кезінде туындайтын

өзін-өзі кемсітуді

қалай еңсеруге» үйретуді ұсынды.

– Ең қайғылы құбылыс – балалар

суициді!

– деді И.Тасмағамбетов. –

Астана мысалында айтар болсам,

бұл проблема қауіпті ауқым алып ба-

рады. Тек соңғы үш жылда елорда-

да кәмелет жасқа толмаған балалар

арасында 89 өзіне-өзі қол салу дерегі

тіркелген, оның 14-інде бала өлген. Бұл

статистиканың өсуіне Интернет те ықпал

етуде. Психологияда «әлеуметтік

дәлелдеу

қағидаты» деген бар: адам-

дар қиын жағдайларда

не істейтінін,

дәл сондай жағдайларды

бастан кеш-

кен басқа адамдардың әрекетіне қарап

шешеді. Оның үстіне, жасөспірімдер

еліктеуге онсыз да бейім тұрады.

Бұл ретте әкім ғаламторды «әртүрлі агрессиялардың,

жауапсыз қылықтардың

ордасына

» теңеді. Онда өзіне-өзі қол

жұмсауды

насихаттайтын тұтас сайттар

жұмыс істейді, олар негізінен, жастар қауымына

бағдарланған. «Желілік ресурстарға

жүргізілген

талдау көрсеткеніндей,

суицид буыны қатпаған жас өскіндер

арасында сәнді тақырыпқа айналуда.

Интернетте мұны қалай және қандай

тәсілмен дұрыс жасау керектігі туралы

дайын нұсқауларды, сондай-ақ оны сы-

нап көргендердің әңгімесін,

тіпті осыны

бірге жасайтын серіктесті

де табуға

болады» деген әкім мектептерде

пси-

хология пәнін тәжірибе ретінде енгізуді

ұсынды.

Елорда басшысы кеше өз сөзімен

ұстаздар қауымының көңіліне тиіп кете

жаздады. Жасөспірімдер секілді, мұғалімдер

де өздерін өзгемен салыстырып,

кемсітуді ұнатпайтынға ұқсайды. Ал

кеше орта білім мектептері мен қазақ-

түрік лицейлері деңгейлері арасында

салыстыру жүргізілді. Астана әкімінің

айтуынша, «қарапайым жалпы білім

беретін мектептердегі

оқу жоспарлары

заманға қарай өзекті білімдерді ендіру

үшін қажетті икемділікке ие емес».

– Ал икемді тәсілді қолдану тәжірибесі

көрнекті нәтиже береді. Қарапайым мы-

сал: қазақ-түрік лицейлерінің жүйесі

анағұрлым дайындалған түлектерді

шығарады. Рас, олар әу баста

шәкірттерді емтиханмен қабылдайды

және жақсыларын алады. Бірақ басқа

жағы да бар. Атап айтқанда, 7-11 сынып-

тар математика,

информатика, физика,

биология және химия бойынша қосымша

оқу бағдарламаларымен айналысады.

7-сыныптан

бастап, жаратылыстану

циклындағы

пәндер ағылшын тілінде,

тереңдетіліп

оқытылады. Қазақ-түрік лицейлерінде

мұғалімдерді аттестаттаудың

тиімді жүйесі табысты ендірілді: ол

тестілеу түрінде жылына 2 рет өткізіледі!

Қарапайым мектептерде болса, мұғалімдер

аттестаттаудан

5 жылда 1-ақ рет

өтеді және оның өзі формальды! – деген-

де, зал толы ұстаздар қарсылықтарын

білдіріп, гулеп кетті.

Әділін айту керек, ұстаздарды аттестаттау

жүйесі соңғы кездері күшейтілді,

талап жоғары. Мұғалімдер оған салмақты

әзірленеді, тіпті уайымдап, күйзеліске

түсетіндері де бар. Наразылық та со-

дан туындаған

болар. Дегенмен оларға

бағытталған

сын мұнымен бітпеді. «Қазір

мұғалімдердің

ақпараттық-техникалық

сауаттылығы

ең төменгі деңгейде! – деді

Иманғали

Нұрғалиұлы. – Тіпті «веб-

сайт», «гипермәтін», «бейнеконференция

», «браузерлер» секілді терминдердің

өздері, оларды білмеу кесірінен, паникалық

үрей және кері итерушілік туғызатындығына

сенімдімін!»

Астана әкімі бір деректі алға тартты: 11

мыңнан астам астаналық мұғалімнің тек

12 пайызы – Интернетті, соның ішінде

пәндер бойынша электронды цифрлық

оқулықтарды

еркін пайдалана алады. 16

пайызы ғана компьютерді оқу процесінде

толыққанды

қолдана біледі. 45 пайызы

компьютерлік

сауаттылықтың тек «ең

элементарлы

деңгейіне ғана» ие. «Тала-

бы жоғары бас қала үшін бұл түбегейлі

түрде жарамсыз!» деп нықтады И.Тасмағамбетов.

Ведомство басшылығы әкімнің сынын

қабылдайтынын білдірді:

– Мектеп білімінің сапасы күн тәртібіндегі

басты мәселе болып қалуда, –

деді Білім және ғылым министрі Аслан

Сәрінжіпов.

– Бұл жерде оқу мазмұны мен

әдістемелерін жетілдіру – басты міндет.

Біз орта білімнің жаңа стандартының жо-

басын әзірледік. Ол қызу талқылануда.

Бүгінде 5-6 сынып оқушысы информати-

ка сабағында «тінтуір» мен «пернетақта»

туралы оқиды, ал өмірде ол смартфо-

нымен және планшетпен

жұмыс істеуге

тура келеді. Сондықтан

оның басында

психологиялық

кереғарлық

туындайды.

Баланың өзі отандық оқу бағдарламасы

мен оны қоршаған әлем арасындағы

ара-жікті байқайды!

Сөз соңында БҒМ басшы-

сы бұл бағытта өте мұқият жұмыс

жүргізетіндеріне сендірді.

Автор:
Елдос СЕНБАЙ