Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БУМАЛАР, ФАЙЛДАР, ДИСКІЛЕР МЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ НЕГІЗГІ КОМАНДАЛАРЫ


5 сентября 2014, 04:35 | 1 577 просмотров



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға файлдар, оның типі,

бумалар, бумалардың түрлері,дискілермен

жұмыс, дискілерді форматтауды үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау

және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген

қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Техникалық тазалыққа,

шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ меңгерту

Сабақ әдісі: Баяндау , сұрақ – жауап, көрсету,

түсіндіру.

Көрнекілігі: Компьютер, дискет,

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеп,

сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Операциялық жүйе деген не?

2. Күнді, уақытты өзгерту үшін қандай

әрекеттер жасаймыз?

3.ОЖ параметрлері бойынша ерекшеліктері

қандай?

4.Жұмыс үстелінің түрін өзгерту үшін не

істейміз?

5.Ож не үшін қажет?

6.Қыстырмаларды қалай өзгертеміз?

7.Бір адам пайдаланатын және көп адам пай-

даланатын ОЖ айырмашылығы қандай?

8.Интерфейс деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Файл – бұл жеке аты бар байттар тізбегі.

Файл программа немесе құжат болуы мүмкін.

Әрбір файлдың жеке аты болады. Файл аты екі

бөліктен тұрады, оң жақ және сол жақ және екі

бөлік арасын нүкте бөліп тұрады. Оң жақ бөлігі үш

символдан тұрады. Сол жақ бөлігінің ұзындығы

1-ден 255 символ аралығында болады .

Файл атын сақтағанда келесі символдарды

қолдануға болмайды:

Компьютер файлдың программа немесе құжат

екенін оның типіне қарап анықтайды. Егер файл

ехе немесе .сом тұрса, онда ол программа.

«Құжат» ретінде анықталатын негізгі файлдардың

типі:

.bmp- Paint графикалық қосымшасының белгісі.

.doc- мәтіндік редактор.

.tet – Блокнот қосымшасының құжаты

.wav- Дыбыстық фонограф

.avі- Видео-клип

.xls- кестелік процестердің құжаты

.ppt- Power Point қосымшасының белгісі

Бумалар жүйелік және жұмыс бумасы болып

екіге бөлінеді. Жүйелік бумаларға қандай да бір

өзгертулер жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне немесе

тоқтап қалуына әкеліп соқтырады. Бума Windows

және Program fils, прогаммалардың өзі құратын

бумалар жатады.

Жұмыс бумаларға өздеріңіз құрған немесе сіз

үшін құрылған бумалар жатады. Мысалы: Менің

құжаттарым бумасы жатады.

Жаңа бума құру үшін

Бумалар ішіне бумалар құруға болады . Оның

ішіне тағы бірнеше бума құруға болады. Бума құру

шексіз .

Файлды іздеу.

Сендер файл немесе қапшықтың атын ұмытып

«әйтеуір бір жерде » деп айтсақ, онда қапшықтар

терезесінде іздей көмектеспейді.

Іздеу үшін:

Экранда үнсіз келісім бойынша Имя и местона-

хождение қосымшасы шығады.

Күні бойынша табу үшін Дата қосымшасын

активті жағдайға келтір, диалогті терезеге қажетті

параметрлерді орнату керек. Соңғы бірнеше

айларға немесе күндер үшін де файлдарды табуға

болады.

Типі немесе өлшемі бойынша табу үшін Допол-

нительно қосымшасын актив жағдайға келтіру ке-

рек. Қажетті өлшемі мен типін беріп Найти батыр-

масын шертеміз.

Желілерге қосылған Компьютерді табуға да бо-

лады:

Тізбегін орындап , Имя өрісіне компьютер атын

енгіземіз. Найти батырмасын шертеміз.

Дискілерді форматтау деген – ондағы мәліметтің

бәрін жою деген сөз.

Ол үшін :

1.Менің компьютерім терезесін ашамыз

2.А: дискісінің белгісінде тышқанның оң жақ ба-

тырмасын шертеміз.

3.Динамикалық мәзірден Форматтау команда-

сын таңдаймыз.

4.Форматтаудың екі мүмкіндігі бар:

1.Толық- Мұнда Форматтау барысында

дискідегі барлық мәліметтер өшіріледі. Бұл

негізінен жаңа дискілерге қолданады.

2.Жылдам-Форматтау барысында дискідегі

барлық мәлімет өшіріледі.

IV. Компьютермен жұмыс:

Оқушыларды екі топқа бөлеміз.

V. Қорыту.

VI. Бағалау.

Әр оқушыға жұлдызша таратылып, сонымен

бағаланды.

VII. Үй тапсырмасын бекіту

Бумалар мен Файлдарды іздеу. Оқу.

Автор:
Гүлзира ИДРИСОВА, информатика мұғалімі Таусүгір орта мектебі Еңбешіқазақ ауданы