Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

НАУРЫЗ ТОЙЫ


26 сентября 2014, 10:46 | 1 141 просмотр



Залдың төрінде көрпелер төселіп, әр жер- ден жастық тасталған, төрде әже отыр. Даладан от дүбірі, иттің үрген даусы (лентаға жазылған) естіледі. Залға балалар тәрбиешілерімен бастап кіреді. 1-жүргізуші: Амансың ба? Әже: Амансыңдар ма құлындарым? 2-жүргізуші:Әже Наурыз мерекесін әжеміздің үйінде өткіземіз –деп өзіңізді немерелеріңіз іздеп келдік. Әже: Ой, айналайындар. Бәсе, бәсе, өзім де сендерді сағынып жүр едім. 1-жүргізуші: Ендеше Наурыз құтты болсын әже. Өзіңізді, мына балаларды, әкелер мен ана- ларды, қонақтарды наурыз меркесімен шын жүректен құттықтаймыз. 2-жүргізуші: Әдептен озып аспайық, Үйренуден қашпайық. Мейірімді, әже, өзің айт, Тойды неден бастайық? Әже: Бізде жаңа жылды көктем әкеледі, қарағым. Көктемнен бастандар. (есіктен көк көйлекті көктем кіреді) Көктем:Мен көңілді көктеммін, Былтыр келіп кеткенмін. Көзін ашып бұлақтың, Түбіне тал еккенін. Жыл бойымен жарысқан, Күн мен түнді теңеймін. Қатып жатқан таң азын. Жер бабатын өңдеймін. 1-жүргізуші: Сәлеметсізбе көктем, қош келдіңіз, төрлетіңіз. Біздің балаларымыз сізге арнап тақпақ жаттап келді. Тақпақтар: Көктем, сені күттім мен Көк шалғынды сағынып. Жүретін әсем гүліңді. Шаштарыма тағынып Нұрын төгіп көкте күн, Қош келіпсің көктемім. Жыл басым, күтіп өзіңді. Қаңтарда бастап кетпедім. Көктем: Ой, рахмет, балалар. Көктем жайлы жақсы тақпақтар біледі екенсіңдер. 2-жүргізуші: Ал енді көктемге арнап өзіміздің «Көктем» туралы әнімізді айтып берейік. Ән «Көктем» Көктем: Балалар, мен сендерге ризашылығымды білдіріп, мына гүлдерімді сыйламақшымын. Осы гүлдей жайнап жүре беріңдер. (балалар гүл мен көктемді ортаға алып жаттығу жасайды) Көктем: Мен сендерге Наурыз болып кірдім енді, төрлеріңнен орын аламын. (әженің қасына барып отырады). 1-жүргізуші: Наурыз туралы біздің балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар. Көрініп жиі күлімдеп, Төбеден күн күледі. Ұшып кеткен құстар да, Көктемде қайтып келеді. Жылынсын деп бар әлем, Жылы көже береді. Анамның Наурыз көжесін, Іше бергім келеді. 2-жүргізуші: Әже, біздің балалар көктемге ар- нап «Көктем» биін билеп бергілері келіп тұр, қабыл алыңыздар. Би : «Көктем». Әже: Қарашықтарым менің, билерің өте әдемі екен! Ал енді отырып дем алыңдар. 1-жүргізуші: Әже Наурыз тойын қарсы аларда ырымдар жасап жүруші едіңіз ғой. Солардың сырын айтып берсеңіз. Әже: Иә, балаларым менің, бұл күні адамдар таза киініп, төс қақтырып амандасады. Бұлақтың көзін ашып су жібереді. Жылы көже

жасайды. Ол өте дәмді көже, бұйырса бүгін сол көжеден ауыз тиіп қайтасыңдар. Салт-дәстүр жай- ында бір күндік әңгіме аз. Ол үшін ана тілдеріңді жақсы білулерің керек. 1-жүргізуші: Немерелеріңіздің тілі таза ана тілінде шыққан қазір сізге олар тақпақ оқып береді. Жақсылыққа бас болып, Алдымызға ас болып. Келген Наурыз құт болсын, Берері тағы мол болсын. 1.Ата-бабам тойлаған. Наурызым армысың. Қызығына тоймаған, Дархан дала, қарлы шың. 2.Армысың халқымыз, Әркез аман болайық. Наурыз тойын қуанып, Жылда қарсы алайық. 2-жүргізуші:Келіңдер, тойдың үстіне тура түстіңдер. Әже бұл балалар жоғары ауылдан келіп тұр. Сол ауылдың ақындары. Әже: Ой, айналайындар. Келе қойыңдар. 1-жүргізуші: Ал, онда тойға келген ақындардың айтысын тамашалайық. (бір ұл мен қыз айтысады) Ұл: Ой, халайық, халайық, Әсем әнге салайық. Наурыз тойын көңілді, Бірге қарсы алайық, Менімен айтысар, Қыз-құрбылар, қайсың бар? Қолдан келсе әзілді, Әнге салып айтыңдар. Қыз: Айтысуға өзіңмен, Шығып тұрмын алдыңа. Күн аттарын білмеуші ең, Жаттап оны алдың ба? Әже: Ой, айналайындар, өркендерің өссін, қарақтарым. Екеуің де мықты ақын екенсіңдер. Де- генмен, наурыз күні бір-біріңізді сыйлап отырғанға

не жетсін. Ал енді қуыс үйден құр шықпаңдар – деп сандығын ашып ұлға тақия кигізіп, қызға орамал береді. 2-жүргізуші: Әжесі немерелеріңіз өзіңізге арнап ән айтқысы келіп отыр. Әже: Айтыңдар, қарақтарым, айтыңдар.Әй,айналайындар өздерің, келіп бір жасап қалдым ғой, мен де. Ән «Әже». (Ән аяқталаған кезде кір қожалақ киінген Дымбілмес кіріп келеді.) 1-жүргізуші: Тарсылдатып келе жатқан кім десем сен екенсің ғой. Әлі күнге амандасуды да үйренбегенсің бе, қайран Дымбілмесім-ай... Дымбілмес: Немене, мына ба- лалар бірдеме біледі дейсің бе? – деп мұрнын бір тартып қисаң-қисаң етеді. 2-жүргізуші: Сен жасыңа қарамай осы балалардың білгенін де білмейсің ғой. Балалар, жаңылтпаш айтыңдаршы. Дымбілмес қайталасын. Жаңылтпаш: 1.Қызыл, сары, ақ көбелек, Көк көбелек, көп көбелек. Көп гүл ектім түрлі-түсті. Қонақтасын деп көбелек. 2.Кішкентай Ырысты, Ыдыс жууға кірісті. Кішкентай Ырысты, Таза ұстайды ыдысты. 1-жүргізуші: Жұмбақ жасырайықшы. Дымбілмес шешуін айтсын. 1.Күн ұзарып, Қар еріп, Су сайларға толады. Бұл қай кезде болады? (Көктем)

2.Қызғалдақтар құлпырып, Жасыл желек жапқанда. Қандай мейрам болады? Күн шуағын шашқанда (Наурыз) 3.Ұлыс күні кәрі-жас, Мейірлене дәм татар. Жеті дәмнен тұратын, Айтыңдаршы қандай ас? (наурыз көже) Дымбілмес: Балаларың мақтанбасын, мен ой- ынан бәрін ұтамын. 2-жүргізуші: Қане балалар, Дымбілмеспен «Ханталапай» ойынын ойнап көрейікші. Ойынның шарты: бір-екі, үш деп асықты ша- шып жібергенде бәрін балалар теріп алады да, ол бір асықта ала алмайды. Дымбілмес: Мен бұлардан күштімін. Менің күшім 10 баланың күшіне тең, – деп мақтанады. 1-жүргізуші: «Арқан тарту» ойынын ойнайық ендеше Дымбілмес. Шарты: Арқанды екі бүктеп ортасын белгілеп, белгінің үстіне қояды да бір жағына 10 бала, екінші жағыныа Дымбілместі қояды. Бір, екі, үш дегенде тартыс басталып, Дымбілмес ұтылып қалады. Әже: Дымбілмес қарағым. Наурыз күні өзінің қателігін мойындап, талаптанған кісінің де жолы болады делінген. Дымбілмес: Жарайды әже, мен бүгіннен ба- стап, балабақшаға келіп, білмегенімді үйренетін боламын. Рұқсат болса қазірден бастап қалайын. 2-жүргізуші: Дымбілмес сен біздің балаларға қарашы бәрі де тап-таза, әдемі киінген. Дымбілмес: Жақсы мен кеттім, жуынып, киініп келемін – деп, шығып кетеді. 1-жүргізуші: Уақыт Дымбілместі күтіп тұрмайды ғой. Міне жаңа жыл да келіп қалған сияқты. Қане, қарсы алайық Есіктен жылқы жылын жетектеп таза киінген бала кіреді (Дымбілмес) Әже: Ақ жылқыны жетектеп тағы бір қонақ кірді – дей бергенде... Дымбілмес: Мені шынымен танымай қалдыңдар ма? Мен сіздердің Дымбілместеріңізбін ғой. Мен жаңа жыл иесі жылқы жылын ертіп келдім. Әже: Иә шырақтарым, биыл бізге жылқы жылы кіреді. Жылқы жылдарың құтты болсын! (Балалар көңілді билейді, әже шашу шашып көжеге шақырады)

Автор:
Алма БЕЙСЕКЕНОВА, Баян БИКЕМБАЕВА, №45 «Арман» балабақшасы МКҚК «Айна» тобының тәрбиешілері. Талдықорған қаласы