Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БОЛАШАҚ МЕКТЕП КЕЛБЕТІ


26 сентября 2014, 10:47 | 2 523 просмотра



Жуырда «А.В.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Білім беру және ақпараттық инновациялық технологиялардың ғылыми- зерттеу орталығының бас директоры, фи- лология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің доценті Асхат Хамзаұлы Әлімовпен кездесу өтті. Кездесу бағдарламасы бойынша ПШО деңгейлік бағдарламасын игерген мұғалімдер сабақтар, әңгіме, тренинг, коучингтер көрсетті. Мектеп директорының оқу ісінің орынбасары Анар Нұрдаулетқызы Хасе- нова «Особенности проведения междуна-

родного исследования PISA» тақырыбында мұғалімдермен коучинг ұйымдастырды. Анар Нұрдаулетқызы білім беру сапасының деңгейі халықаралық PISA мен TIMSS, PIRLS мониторинг зерттеулер арқылы анықталатынына тоқтала келе, 2015 жылы республиканың жалпы білім беретін мектептері PISA мен TIMSS халықаралық зертеулеріне қатысатынын айтты. Мұғалімдерді топқа бөлу арқылы осы зерт- теулер туралы ортаға ой қозғап, талқылады. Бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасын игер- ген химия-биология пәндерінің мұғалімі Бақытгүл Ақымбекқызы Мамаева «Оқушы белсенділігін арттыруда топтық жұмыстың маңызы» тақырыбындағы коучингі мұғалімдерді түсті фигуралар арқылы топқа бөлу әдісін қолданып, бірлескен топтық жұмыстың өзіндік ерекшелігі, топтық жұмыстың мәні, оны жүргізу мақсаттарының қандай болу керектігінің озық үлгісін көрсетті. Топтық жұмыстың артықшылығы мен бұл жұмысты жүргізуде кездескен кедергілер және оларды жою жолдары жайлы өз ойларын ортаға салып, топта әлеуметтік, танымдық, эмоционалдық аху- ал қалыптастырудағы іс-тәжірибелерімен бөлісті, топта және топтар пікір алмасты. «Топтағы ішкі мотивацияның маңызы» деген тақырыпта бейнетаспа көрсету арқылы пікір алмасу барысында Бақытгүл ұйымдастырған іс-шарасының мақсатына жете алды. Екінші деңгей бағдарламасын игерген физика пәнінің мұғалімі Махаббат Ансаровна Айсаева «Анализ урока и са- морефлекция» тақырыбындағы тәлімгер мен тәлім алушының кәсіби әңгімесін тыңдадық. Тәлім алушы бастауыш сынып мұғалімі Халида Иминжановна Ахмоллаева 4 Б сыныбында өткен «Глагол» сабағында қойған мақсатына жету мен кедергілерді жою жолдарын тәлім алушы Махаббат Ансаровнаға әңгімелеп берді. Сабақтағы іс-әрекетті зерттеу- Lesson Study тәсілін бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасын игерген тарих пәнінің мұғалімі Майра Аб- дракимовна Ауесбаева 8 А сыныбындағы үш оқушыға жүргізген зерттеу жұмысын мұғалімдермен бірге көрсетті. А тобындағы (үздік оқушы) Масимова Тоғжанға үшінші деңгей бағдарламасын игерген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айман Арғынбайқызы Истаева, В тобындағы (оқу екпіндісі) Шакенова Аяулымға үшінші деңгей бағдарламасын игерген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арайлым Молдағазиевна Есенова және С тобындағы (қанағаттанарлық оқушы) Күрсебай Да-

мирге үшінші деңгей бағдарламасын игер- ген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Дүйсенғазықызы Мұрымбаева зерт- теу жұмысын жүргізді. Бір сабақ бойы үш оқушыны доцент Әлімов Асхат Хамзаұлы да бақылады және сабақтың соңында оқушылардан сұхбат алды. «Жаңа келбеттегі мектеп» ата-аналармен жұмысты бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасын игер- ген қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Гүлназ Нұрмауленқызы Альдибекова өзінің кіріспе сөзімен бастады. Ол ежелгі грек философы Платонның «Бала тәрбиесі – мемлекеттік маңызды міндет» нақыл сөзін алып, ата-аналарға балаларын тек киіндіріп, ішіндірумен ғана шектеліп қоймай, олардың

тәрбиесіне де аса мән берулерін, ата-ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру, күн сайын емес, сағат сайын бала оқуын, еңбегін, ойынын, жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап, жақсылыққа жол сілтеу керек екенін баса айтты. Ата-ана- лардан сауалнама алып, оны мектеп пси- хологы Дана Болатқызы қорытындылады. Тренениг барысында ата-аналарға ой толғау тастау мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектебі туралы бейнетаспа көрсетті. «Жаңа мектеп келбеті» заман талабына сай қандай болу керек екенін ата-аналар жасаған постерлері арқылы қорғады, өз ойларын стикерлерге жазып қалдырды. Ауесбаева Майра Абдракимовнаның шығармашылық тобындағы бастауыш сынып мұғалімі Ал- дабергенова Тұрсынбүбі Зейнелғабдинқызы 2 А сыныбында «Табиғатты қорғаудағы адамның рөлі» тақырыбында білім мен дағды, іскерлікті қолдану сабағын өте жоғары деңгейде өткізді. Ұстаз деңгейлік бағдарламаны игермесе де, өзінің білім- біліктілігімен бүлдіршіндерді сабаққа деген ынта-ықыласын ашып, жоғары білімді ма- ман екенін дәлелдеді. Оқушылар өздерін еркін ұстауға, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыланған. Үшінші деңгей бағдарламасын игерген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айман Арғынбайқызы Истае- ва 6 Б сыныбында «Жазғы демалыс» тақырыбында диалогті дұрыс құруға, өз беттерімен жұмыс жүргізуге үйрете отырып, жеке, жұптық, топтық әдістерді қолданды. Үшінші деңгей бағдарламасын игерген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арай- лым Молдағазиевна Есенова 5 В сыны- бында «Киімдер» сабағында оқушыларды оқыту үшін бағалауда өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге дағдыландырған. Кездесу соңында филология ғылымдарының канди- даты, доцент Асхат Хамзаұлымен Әлімов мектеп ұжымымен дөңгелек үстел өткізді. ПШО деңгейлік бағдарламасын игерген мұғалімдердің өткізген сабақтары, тренинг, коучинг сессиялары көңілінен шыққанын айта келе, ұжым мұғалімдеріне сәттілік тілеп, жетістіктерін жоғары бағалады. Мек- теп АКТ залында концерттік бағдарламамен ұласты.

Автор:
Майра АУЕБАЕВА тарих пәнінің мұғалімі «А.В.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназиясы МДШО ММ, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы