Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МЕНІҢ СҮЙКІТІ АНАМ


26 сентября 2014, 10:51 | 2 510 просмотров



Көңілді әуенмен бір ұл, бір қыз болып залдың екі жағынан кіріп, ұлдар қолдарындағы шарларын қыздарға ұсынып сыйлайды. Қыздар шарларды алып әсем әуенге билеп ұшырып жібереді де, орындарына барып тұрады. Жүргізуші Ерсұлтан: -Қымбатты ару- лар, асыл аналар, ақ жаулықты әжелер! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз «Халықаралық әйелдер» күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт отбасыларыңызға амандық, татулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз! Жүргізуші Сания: - Балаларыңыз бұл күнді ерек- ше ықыласпен күтті. Олар өз кезегінде сіздерді қуанту үшін өнерлерін көрсетіп, ыстық лебіздерін білдірмек. Балалар тақпақ айтады: 1. Үн қатасың бал тілмен Еркелеймін әр күн мен Құттықтаймын анашым Сегізінші наурызбен 2. Жанымызды жайнатқан Сіздерсіз ғой, аналар Зор денсаулық мол бақыт Тілейміз біз балалар 3. Көгімде күн болып Жұлдыздай жанасың Аман бол әрдайым Аяулы анашым Ардақтап, аялап Мәпелеп өсірген Анамдай жан бар ма Қатемді кешірген 4. Шалқып, тасып әніміз Жадырасын жанымыз Ана сені құттықтап Әндетеміз бәріміз Жүргізуші: Біздің балалардың орындауында ағылшын әнін қабыл алыңыздар. Жүргізуші: Бүгінгі күн өзгеше Шақырамыз барлығын Байқау міне жаңаша «Сәбилер сөзімен» шоу-бағдарлама ойынына қатысушыларды ортаға шақырамыз: 1. 2. 3 . 4. 5. «Сәбилер сөзімен» сайысы өте көңілді әрі ерекше. Өзгеше бір көңіл күйде өткізу үшін ортаға шыққан аналарымызға қол соғып қошемет білдірейік. Жүргізуші: Құрметті аналар! «Сәбилер сөзімен» сайысының шарты бойынша балаларымыз жасырынған сөзді сипаттап сіздерге жеткізеді, сол сөзді сіздер табуларыңыз қажет. Онда бастайық! №1 -Оларды халық қалаулары деп атайды? -Олар көптеген ұзақ жиналыстар өткізеді. Аналарымыздың жалақылары мен апаларымыздың зейнетақыларын көтеруіне жәрдемдеседі. -Оларды барлық халық болып тағайындайды. -Оларды тыңдағаныңша уәдені үйіп-төгіп бергенімен, кейін уәделерін ұмытулары мүмкін. -Оларға дабыл сигналдары бар көліктермен жүруге рұқсат етеді. -Олардың жеке көліктерімен жүргізушілері бар. -Олар аға да тәте де, аудандық мемлекеттік те болуы мүмкін. Аналарымыздың жауабы: депутат Жүргізуші: Балаларыңыздың орындауында «Әдемі» әнін қабыл алыңыздар». Ән «Әдемі» 1.Бөбектердің көңілді, күлгені де әдемі, Безендіріп өмірді, жүргені де әдемі Балдырған бақтардың, көктемі де әдемі Балғын бала шақтардың, күлгені де әдемі 2.Ойын –сауық жастардың, құрғаны да әдемі Ашық болып аспаны, тұрғаны да әдемі Балдырған бақтардың, көктемі де әдемі Балғын бала шақтардың, күлгені де әдемі 3.Жаздық жауын біткенде, жаңбыры да әдемі Күзде, қыста көктемде, барлығыда әдемі Балдырған бақтардың, көктемі де әдемі Балғын бала шақтардың, күлгені де әдемі №2 -Олар әртүрлі болады: Астаналық, сырттан келген, кез- келген адамның үйіне келетін -Шақырылған және шақырылмаған -Қалайтын және қаламайтын -Келерде сыйлық алып келуі мүмкін немесе ештеңесіз құр келуі де ғажап емес -Оларды арнайы шақырады немесе шақырусыз да келе береді -Оларды тамақтандыру қажет, сый –құрмет көрсету керек. -Олар келгенде үйдегі балалар қуанады. Ата-аналар жауабы: қонақтар Жүргізуші: Би «Көктем», қабыл алыңыздар! Күн: Анель, Шахназар, Әліби, Диас, Нұрали, Ра- мазан, Нұрмұхамедияр Көл: Алинур, Аружан, Ділнұр, Мұрат Аққулар: Айзере, Медина, Алия, Айым Гүлдер: Алима, Лаура, Сымбат, Зейне, Құралай, Амина Б. Аралар: Асанали, Юра, Даниал, Искандер, Заңғар , Асем Ата-аналар жауабы: ақша Жүргізушілер: Аналарымызға арналған тақпақтарымызды қабыл алыңыздар. 1.Келбетінде ұлылық Талдықорған, 2014 жыл Даладан кең пейілді Ана деген жылылық Ана деген мейірім 2.Қанаттанса балапан Қалайынша ұшпайды Әрбір қыз,әр балақан Анасына ұқсайды. 3.Сегізінші наурызда Мейрамдай- ды аналар, Аналардың шаттығын Құттықтайды балалар. Ата-аналар жауабы: ана Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасыздар біздің ақылды әдемі, мейірімді әкеміз бен анамызды дүниеге әкелген әжелерімізге мың да бір рахмет! Біз әжелерімізге бас иіп алғысымызды білдіреміз. Жүргізуші: Құрметті әжелер, келесі «Сағындым әже өзіңді» атты әнімізді сіздерге арнаймыз қабыл алыңыздар! Жүргізуші: Құрметті біздің ақ әжелеріміз, асқар таудау әкелеріміз, асыл аналарымыз үшін бізде немерелеріңізді бағып қағып, өсіріп тәрбиелеп жатқандарыңыз үшін сіздерге көп рахмет! Сіздер үшін қолдан жасалған сыйлығымызды қабыл алыңыздар. Жүргізуші: Келесі тыңдайтын ән, құрметті әжелер сіздерге арналған, орындайтын Әділет. «Жақсы көрем» 1.Ақыл ойдың мол кені Ата, әже бар менде Айтып түрлі ертегі Аялайды әнменде 2.Киімімді тазалап Ұсынады табағын Жатпаймын еш мазалап Айтқан тілді аламын Жақсы көрем атамды Жақсы көрем әжемді Асыл сөзді мақалды Екеуіде әдемі

Ойын «Аққала» Шарты: Балалар қиялданып, аққала болып, қыс мезгілінен бастап көктем кезіндегі шалшыққа айналған бейнесін келтіреді. Жүргізуші: Аналарымызға арналған тақпақтарымызды құрметті АНАЛАР қабыл алыңыздыр! 3.Мейірім төккен нұр жүзің Тұрғандай сезем жанымда «Адал бол ,-деуші ең,- жұлдызым» Сақталды сөзің жадымда 4. «Игілік, еңбек түбі осы –ау»-дер Көргендер жеміс ағашын Қартаймай мәңгі жасай бер Мәңгілік күндей, анашым! Жүргізуші: Әлемдегі ең ғажайып, ең әсем сөз бұл –АНА! Ана тақырыбына өлең арнамаған ақын жоқ шығар, ата-аналарға рахмет! Балалардың анық та, дәл сипаттамаларының арқасында бұл тапсырманы сәтті аяқтадық. Алда әлі талай қызық күтуде, келесі сайысымыз «БИ» сайысы. Ұлдар өз аналарын биге шақырады. Би. «ВАЛЬС» аналармен Жүргізуші: Даниалдың орындауында «Ана жа- ным» әнін қабыл алыңыздар. 1.Анашым, Ана жаным Аяулы алақаның Есейіп кетсемдағы Мен сенің балапаның Анашым, Ана жаным Мейірбан бала жанын Бақыттың емес пе еді Өмірді сыйлағаның 2.Бойыңда мен сүйетін Көп сенің қасиетің Аяулы презентіңмін Алдыңда бас иетін Балаймыз бағымызға Арайлы таңымызға, Аман боп жүре бергін Анашым жанымызда Жүргізуші: «Айна» тобының әдемі, ақылды, мейірімді қыздарын «Айна» тобының ұлдары биге шақырады. Би «ВАЛЬС» қабыл алыңыздар! Жүргізуші: Міне, би де биледік, тақпақ ай- тып, ойнадық та. Енді бірігіп ән салуға қалай қарайсыздар, балалар?! Жүргізуші: Бүгінгі мейрам мереке тек сіздердің құрметтеріңізге. Аналар, әжелер және қонақтар, мейрамдарыңыз құтты болсын!!! Алихан, Әділет, Ерсұлтанның орындауында ән «Анаға» қабыл алыңыздар! 1.Көгімнің күн, төгіп нұры Ұқсайды асыл анаға Ананың сөзі, дананың өзі Ақылын берген балаға 2.Даланың лебі, ананың лебі Жүректі желпіп өсірген Ананың ұлы даланың гүлі Аялап бағып өсірген (Балалар аналарына арналған сыйлықтарын береді)

Автор:
Алма БЕЙСЕКЕНОВА, Баян БИКЕМБАЕВА, №45 «Арман» балабақшасы МКҚК«Айна» тобының тәрбиешілері. Талдықорған қаласы