Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАМУЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ


26 сентября 2014, 10:54 | 1 666 просмотров



Көркемдік қабілет барлық адамға тән екені белгілі «Әрбір бала -данышпан». Адам бойындағы дарындылықты данышпандылыққа айналдырудың бір ғана шарты- табиғи талант- пен табандылықпен еңбектенуді ұштастыру. Да- рынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет-балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін түрі,деңгейі және т.б. анықтау мен айқындау болып табылады. Дарынды балаларды анықтау- баланың да- муын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Бала бойында дарындылықты анықтау-ұлттық маңызды мүдделердің бірі. Бала бойындағы қайталанбас ерекшелік өсе келе шын

мәнінде талантты болатынына кепілдік бола ал- майды. Дарынды баланың өзін-өзі тану белгілерің: Әр-түрлі істермен жан-жақты айналыса- ды, еске сақтау қабілеті жоғары, ауызша әдеби сөйлеуге бейімді, қиын тапсырмаларды өз бетінше орындайды,өз ойын тез жинақтап, ойын нақты айта білу белгілері басым. Дарынды баламен жұмыс мынандай бағытта жүргізіледі: Дарынды баламен жұмыс Пән мұғалімдермен жұмыс Ата-анамен жұмыс Дарынды баланың тұлғасын зерттеу. -жеке тұлғалық қасиеттері; -өзара қарым-қатынас сипаттамасы; -бала қызығушылығының ауқымы; -өзіндік бағалауы; 1.Дарынды баламен жұмысқа сұраныс (мақсаты мен міндеттерін анықтау). 2.Мәдени-ақпараттық және пәндік дамуындағы білім беру процесін бақылау, зерттеу. 3.Баланың дарындылығын дамытуда жеке дербес ерекшелігіне сәйкес бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануына көмек көрсету,психодиагностикалық, психопро- филактикалық жұмыс. 1.Ата-аналармен кездесу. 2.Дарынды баланың ата-анасын зерттеу. 3.Ата-аналарға арналған әдістемелікті пайда- лана отырып,ата-ана көз-қарасын анықтау. 4.Дарынды бала ата-анасына жеке кеңес. Дарындылық табиғатының ғылыми тұжырымдамаларының ішіндегі ең маңыздысы динамикалық тұжырым болып табылады. Дарынды балалар диагностикасын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі- теориялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейлерден тұратын диагностика моделін өңдеп шығару болып табылады Аса дарынды балалар үшін мектептің оқу бағдарламасының көлемі тарлық етеді.Олар мұғалімдер мен ата-аналардың көмегі арқылы, сондай-ақ өз бастамалары бойынша білімдерін жетілдіріп, жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Аса дарынды балалар бозбалалық жаста толыққанды тұлға болып көрінеді.Олар өз бетімен жұмыс істеу,еңбексүйгіштік, төзімділік, жұмыс орындаудағы ұқыптылық пен ерекшеленіп,мұғалім мен ата-ана тарапынан бақылауды қажетсінбейді де, олардың бойанда біртіндеп өзін-өзі бақылау мен бағалау дағдысы қалыптасады. Осылайша біздің бақылауларымыздың дарынды балалармен әңгімелесумен ой эксперименттерінің негізінде аса дарындылық деңгей көрсеткіштері 90-100%- ға сәйкес келуі мүмкін.Жасырын дарыны бар ба- лалар өз қабілеттерін ашық көрсете алмайды. Сол үшін әр баламен жан-жақты жұмыс істеу ке- рек. Дарынды баламен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтагы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.Өкінішке орай баланы анықтау,дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алвнвп жатқан өзекті мәселе екеніне еліміздегі жоғарғы оқу орындары осындай категориялы оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдерді даяр- лау мәселелерін нақты әр мақсаты қарастырмаған. Дарынды балалармен жұмыс педагогтың тұлғалық және кәсіби қасиеттеріне нақты талаптар қояды.Орталықта қабілетті және дарынды бала- лармен әрекеттік түрде жұмыс істейтін педагогтың үлгісі жасалған нақты үлгі негізінде педагог әрекеттерін зерделеуді, олардың педагогикалық қарым-қатынастарының стилін, құндылық бағдарлар мен кәсіби біліктіліктерін дамыту деңгейлерін өз қүрамына енгізетін педагогтың кәсіби компетенттілік мониторингісі жасалып іске Дарындылықты дамытудағы психологиялық сүйемелдеуге Ой-өрістік портрет әдістемесі. Нұсқау Бұл әдістеме мұғалімдерге арналған. Әдістеме баланың ақыл-ой қабілеттері туралы барлық пікірлерді жүйелендіруде көмегін тигізеді. Мұндағы бағалау көрсеткіштері баламен өзара әсерлесу барысында байқалған негізгі ой сипатын анықтайды.

ТАНЫМДЫҚ САЛА. Ойлаудың түп нұсқалығы-бұл кең таралған, белгілі бұрынан қалыптасқан ойлардан бөлек ерекше,жаңа тосын ойларды ұсыну қабілеті.Ол баланың мінез-құлқы мен ойлаудың. Құрбылары мен үлкендермен арақатынасында, жалпы барлық іс-әрекетінде көрініс табады. Ойлау икемділігі-шешімнің жаңа жолда- рын оңай әрі жеңіл табу,жобалық байланы- старды орнатып,бір құбылыс түрінен екіншісіне мазмұнына байланыссыз көшу қабілеті мәселені шешудің балама жолдарын оңай тауып,шешімін бағытын жедел өзгертумен сипатталады. Өнімділік немесе ілеспелік- бірнеше ойларды жинақтап, күшейте алу қабілеті.Түрлі мәселелер мен қызмет өнімдерін шешудегі баламалар саны- мен сипатталып,бағалана алады (сурет,шығарма жобалары және т.б.). Талдау мен синтездеуде қабілеттілік талдау- ақпаратты ретпен,логикалық сызықтық түрде дәл өңдеп,құрамдас бөліктерге жіктеу. Дарынды балаларды анықтауда мынандай ұстанымдар тұжырымдалды: 1.Түрлі ақпарат алу кездерін пайдаланып,бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан- жақты бағалаудың кешендік сипаты. 2.Баланы танып білу мен зерттеудің ұзақтығы (баланың түрлі жағдайдағы іс-әрекетін кең уақыт көлемінде бақылау). 3.Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу(арнайы ұйымдастырылған пәндік-ойындық сабақтарға қатыстыру, сәйкесінше түрлі іс-шараларға қатыстыру). 4. дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық «кедергілерін» жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану; 5. баланың бойындағы қандай да бір да- рынды бағалауда жоғары санатты тәжірбиелі мамандарды тарту(математиктер, филологтар, шахматистер,инженерлер және т.б.); 6. баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.

Автор:
Ляззат СЕНКИБАЕВА, мектеп-психологы Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы. Талдықорған қаласы.