Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ


26 сентября 2014, 11:04 | 4 909 просмотров



Үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс жүргізуге бо- лады. Топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке дара жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары болу керек. Жаттығулардың түрлері өте көп,сол жаттығулардың түрлерін орындату арқылы білім сапа- сын жоғарлату қажет. Үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмалардың жеңіл түрлерін өткізуден бастаған жөн. Оқушылардың үлгерім деңгейінің төмен немесе жоғары болуы- на мұғалімнің жауапкершілігі мол. Мұғалім өзінің пәнін жетік білуі керек. Біліктілігі жоғары, жан –жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізу керек сонда оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азайып немесе мүлдем болмайды. Барлығы мұғалімнің шеберлігімен, оқушының қызығушылығына байланысты. Осы жұмыс түрлерінен басқа ең негізгісі ата-аналармен жұмыс. Ата –ана, пән мұғалімі, оқушының арасында тығыз қарым-қатынас болуы керек. Ата –ана баласының пәннен қаншалықты үлгеретіндігін біліп отыруы қажет. Егер ата-ана, мұғалім, оқушы арасында тығыз байланыс болса, оқушының үлгерімі жақсы болады деп ойлаймын. Сонымен қатар ағылшын тілі сабағында тірек сызбалар арқылы грамматикалық тұлғаларды меңгерту арқылы үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс жүргізуге болады. Мұғалімнің шеберлігімен, оқушының қызығушылығына байланысты әрекетінің болуы; ·Ситуативтілік; сөйлеу жағдаяттарын (ситуци-

яларды) ескерту; ·Ақпараттылық: оқушының жас, интеллектуалдық мүмкіндіктеріне сәйкес қызықты оқу материалдарын іріктеу; ·Жаңалық деңгейі: мәтін мазмұны ғана емес, оқыту процесінің барлық элементтеріне қатысты болуы; ·Эвристикалық сипаты: шығармашылық тұрғыдан сұрақ-жауапқа құрылуы; ·Функционалдық сипаты: тілдесімде тілдік бірліктерді атқаратын қызметі тұрғысынан іріктеу; ·Проблемалық сипаты: оқу материалы проблемалық, яғни оқушының өз бетінше ойла- нып, орындап, шешуіне, сыни ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс; ·Сөз құрамын білу, түбірлес сөздерді табу; ·Сөзжасамның негізгі түрлерін білу; ·Таныс емес сөздерді сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы ажырата білу. Орыс тілді, қазақ тілді аудиторияда ағылшын тілінен сабақ жүргізудің негізгі міндеті – бұл ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорды есте сақтату, коммуникативтік аспект, қарым-қатынасты қалыптастырумен қатар, негізгі теориялық материалдарды кесте мен сызба түрінде түсіндіріліп отырса, ол әрине, есте сақтау қабілетін арттырады. Сызба арқылы оқыту тәсілдері қажетті грамматикалық тақырыпты жылдам әрі тиімді

меңгертуге көп көмегін тигізеді. Мұғалімнің міндеті осы дайын тірек сызба, кестелерді өз жеке іс-тәжірибесін қолдана отырып, әр тақырыпты саралап, талдап, сызбаларды ба- рынша түсінікті етіп оқушыға жеткізе білу. Бір ескеретін жағдай жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешенінің тілді меңгерудегі коммуникативтік ұстаным талаптарына сәйкес бо- луы керек. Ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктердің бір түрі – дидактикалық карточка- лар. Дидактикалық карточкалар таратылып бер- генде, тақтада сол тақырыпқа байланысты тірек- сызба ілініп тұру керек. Грамматикалық ұғымдар практикалық жол- мен іске асырылады. Олар тақырып ерекшелігіне бөлініп отырады. Ескеретін жай оқулықтағы барлық материал- дарды сызба немесе көрнекілікке айналдыруға болмайды. Педагогикалық талап – білім беру жолында қолданылатын теория мен прак- тиканы басшылыққа ала отырып, мұғалім оқушылардың тілден алған теориялық білімін практика жүзінде меңгерту мақсатталады. Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау арқылы жүргізілетін сабақ ұзақ есте қалады. Осын- дай тірек материалдарын, сигнал- ды карточкаларды, символдарды мол пайдалану педагогикалық технологияның бір тармағы – жеделдетіп оқытуға жатады. Ол күштеусіз оқытуға жеке тұлғаның мүмкіндігін ашуға септігін тигізеді. Сөйлем мүшелері арқылы сөйлем құрамында шартты сызық белгілерін, немесе сұрауларды көрсетіп, осыларды қажетті сөздермен алмастыру керек деген тапсырма беріледі. Ал, сөз құрамын меңгерткенде «Орнын тап!» атты көрнекілікті пайдаланса, оқушыларға ой шақыртып, ойлантуға мәжбүрлейді. Бұрынғы білім негізінде соны пайдалана отырып, жаңа проблема шешеді: ойлап таба- ды, құрастырады, шығарады, байланыстыра- ды, көрсетеді, жазады, салыстырады, табады, талқылайды. Алған білімін жіктейді, саралай біледі, ең негізгі түйінін түсіне біледі. Мұғалім мен бала бірігіп жұмыс істейді яғни тікелей қарым-қатынас туындайды, оқушының ықыласы артады. Тірек сызбалармен жұмыс істеу – оқушылардың логикалық ойлау әдісін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттырады. Жұмысты көбіне оқушылар өздері ойланып орындай алатындай етіп ойластырған жөн. Осылайша біздің мектебіміздің ағылшын тілі мұғалімдері үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс түрлерін өткізеді. Бұл жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Бұл жетістіктер мұғалімнің жұмысының нәтижесі деп ойлаймын. Мұғалім, оқушы, ата-ана әрқашан бірігіп жұмыс атқаруы керек деп ойлаймын.

Автор:
Гузель ИЛЬЯСОВА, ағылшын тілі мұғалімі. «Қорам орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылы