Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰСТАЗДАР ЖАЛАҚЫСЫ ӨСІП, ГРАНТТАР САНЫ АРТАДЫ


26 сентября 2014, 11:43 | 1 583 просмотра



Өткен аптада Алматы облысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастап, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жұмыс сапарымен келді. Аймақ тыныс-тіршілігімен танысып, Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданында болды. Үкімет мүшелері алдымен Достық үйінде облыс басшысы Амандық Баталов және аудан-қала, ауыл әкімдерімен, басқарма басшыларымен кездесіп, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы өзекті мәселелерді талқылады. Іс сапар барысында үкімет мүшелері Талдықорғандағы агротехникалық коледжде болып, өңірдегі білім беру саласындағы түйінді мәселелерге тоқталып, негізгі проблемаларды шешудің жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова өңірдегі денсаулық сақтау мекемелері жұмысымен танысты.

Гүлшара Әбдіхалықова, Тамара Дүйсенова мен Аслан Сәрінжіпов ең алдымен Достық үйінде облыс әкімі Амандық Баталовпен кездесу өткізді. Жиында аудан-қала, ауыл әкімдерімен, басқарма басшылары да қатысып, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды. Отырыста шалғай ауылдарда тұратын халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, әлеуметтік көмек көрсету ту- расында кеңінен сөз қозғалды. Жыл сайын Ал- маты облысында тұрғындардың саны артып, туу көрсеткіші де жақсарды. Адам санының көбеюіне байланысты медицина мен әлеуметтік сала қызметкерлеріне жүктелетін жұмыс арта түседі. Осы орайда облыстағы негізгі мәселелер ретінде жұмыссыздықпен күресу, кедейшіліктің деңгейін төмендету. Сонымен қатар білім беру саласындағы атқарылған жұмыстар мен кемшіліктер талқыланды. Облыста «Балапан» бағдарламасыеың орындалуы өз деңгейінде жүзеге аспауы, дуалдық әдіспен оқыту бой- ынша кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істеу маңыздылығы айтылды. Аудан, қала әкімдері алдында сөз алған Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов еліміздің білім саласындағы жетістіктері мен кемшіліктері жайында баяндады. Бас ұстаз мектепке дейінгі біллмен қамту мәселесіне ерекше тоқталды. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында жұмысты жеделдетіп, жекеменшік балабақшалар ашуға кең қолдау қажеттігі тілге тиек етілді. Сондай-ақ, Аслан Бәкенұлы үш тілде оқыту мәселесіне тоқталып, мұғалімдердің біліктілігін арттыру уақыт күттірмес мәселе екенін ай- тып өтті. Біліктілігі жоғары, балаларға сапалы білім беретін ұстаздардың еңбекақысын көтеру қажет. Ұстаздар жалақысы жоғарлатумен қатар министр ЖОО-на гранттар санын арт- тыру қажеттігіне тоқталды. Оқу бітірушілердің санының артуына байланысты гранттар саны да көбейетінін алға тартты сала басшысы. Жалпы Алматы облысы бойынша

балбақшамен қамтамасыз ету 63%-ды құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен 10%-ға төмен. Сондай-ақ, аймақта әлі де үш ауысыммен жұмыс істейтін 50 мектеп бар, ал 6 мектеп апатты жағдайда жұмыс істейді екен. Оқулықтар мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Алматы облысында оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесінде де кемшіліктер барын айтып өтті министр. Облыстағы білім беру саласындағы кемшліктер аясында қарқынды жұмыстар атқару тапсырылды. Аудан, қала әкімдерімен кездесуден кейін үкімет мүшелері Талдықорғандағы агротехникалық кол- леджде болды. Гүлшара Әбдіхалықова мен Аслан Сәрінжіпов аталған білім ордасы ұстаздары және шәкірттерімен кездесіп, колледж жұмысымен та- нысты. Талдықорған агротехникалық колледжі еліміздегі ауылшаруашылық мамандарын да- ярлайтын білім шаңырағы. Осы колледде білім алған шәкірттер өз мамандықтары бойынша жұмыс істеп жатыр. Қазіргі кезде мұнда 1400 ге жуық оқушы 7 мамандық бойынша кәсіби білім алуда. Білім ордасына арнайы келген Гүлшара Әбдіхалықова мен Аслан Сәрінжіповке заманауи техникалық құралдар таныстырылды.Материал- ды техникалық базаның жаңартылуына колледж Дүниежүзілік банктің 65 млн. теңгелік грантын ұтып , 30 млн. теңгеге арнай ветеринарлық құрал- жабдықтар алынды. Сондай- ақ мұнда дуалды оқыту әдісі енгізілген. Осы орайда Талдықорған агротехникалық колледжінде кәсіптік білім берудің деңгейі сөз болды, дуалды оқытудың тиімділігі айтылды. Облысымыздағы бірқатар колледж ди- ректорларымен кездесу өткізген Үкімет мүшелері кәсіби білім беру ісінде біліктілік қажет екенін айт- ты. Премьер-министрдің орынбасары мен қос министрдің біркүндік жұмыс сапарында Алма- ты облысындағы әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы көкейтесті мәселелер айтылып, оларды оңтайлы шешу жол- дары қарастырылып, бағыт-бағдар берілді.

Автор:
БШ ақпарат