Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар. Халық мақалы


17 октября 2014, 09:39 | 1 695 просмотров


Мақсаты: Балалардың «білім», «еңбек» құндылықтары туралы

түсініктерін кеңейту және «сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері: оқушы, оқу, білім, туралы түсінік беру;

- білімге, оқуға, еңбек етуге құштарлықтарын және ұстазбен өзара сыйластық қарым-катынастарын дамыту;

- жақсы оқушы болуға тәрбиелеу.

Көрнекі -құралдар: «Мен жаксы оқушымын» деген жазуы бар алқа, «қоңырау» пішініндегі ашық хат.

Шаттық шеңбері

Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірімен сәлемдеседі. Мұғалім мәнерлеп оқып берген өлең жолдарын балалар қайталап айтады.

Күзгі қуаныш

Н. Айтов

Алақай-ау, Алақай! Алақай-ау, Алақай!

Бұдан былай мен енді, Емеспін жай балақай! Осыдан да көлемді, Оқи алам өлеңді. — Бардым бүгін мектепке, Оқушымын мен енді!

Әңгімелесу

Мұгалім төмендегідей сұрақтар қойып, балаларды «Оқушы» тақырыбындағы әңгімеге тартады.

• Балалар, «оқушы» деп кімді айтамыз?

• Оқушы не үшін мектепке барады?

• Мектептегі ең жақын адамды қалай атаймыз? Балалардың жауаптары тыңдалған соң, қорытынды жасалады.

Жаңа ақпарат

Жаңа ақпарат нақтылы тұжырымдама жасау үшін беріледі. Оқулықта «Білім еліне саяхат» тақырыбында берілген суреттер бойынша жетекші сурақтар арқылы талдау жасалынады,

Жаңа ақпаратта берілген суреттермен танысу оқушылардың білім жөніндегі ойларын зерделеуге мүмкіндік береді. Оқулықта берілген суреттердің мазмұны олардың «Мен оқушымын» деген сенімдерінің қалыптасуына, өздерінің жаңа ортаға бейімделуіне, ұстазды сыйлай білуге және білім алу үшін еңбектенудің қажеттілігін үйренуге жағдай туғызады.

Жаңа ақпаратты төмендегі бағытта тусіндіру:

- Окушы мектепте оқу окып, білім алып, еңбек етуді үйренеді. Сондай-ақ сыныптастарымен достасады, бір-біріне көмек береді, ұстаздарын, тәрбиешілерін, үлкендерді сыйлайды, кішілерге қамқор болады.

Дәйексөз

Мұғалім оқулықта берілген «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар» - деген дәйексөздің мағынасына мән береді. Оқушылар өз пікірлерін айтады. Оқушы мектептен оқу арқылы білім, тәлім алады. Окушы үйренуге, ізденуге, көп білуге, өзін, елін, әлемді тануға құштар болғ'ан сайын білімді бола түседі. Сондықтан да «Білімді мыңды жығар » - деген сөз бекер айтылмаған.

Ойын. «Мен жақсы оқушымын»

Балалардың «оқушы» туралы түсініктерін бекіте түсу үшін өз әдісін ұсынуға болады.

Балалар, Данышпан ата сендердің жақсы оқушы болғандарыңды қалайды. Ол үшін сендер «Мен жақсы оқушымын» деген жазуы бар алқаны кезегімен тағып тұрып не себепті жақсы оқушы екенін айтуларыңыз керек.

■ Көргендеріңді айтып шығыңдар. Мысалы:

Мен жақсы оқушымын, өйткені сабаққа кешікпеймін. Мен жақсы оқушымын, өйткені оқу-құралдарымды таза ұстаймын

Мен жақсы оқушымын, өйткені сабақты жақсы оқимын. Мен жақсы оқушымын, өйткені тазалықты сүйемін. Мен жақсы оқушымын, өйткені достарымды жақсы көремін т. б.

Осылайша әр оқушы өз ойын жалғастырып айтады.

Балалардың жауаптарын қорытындылау:

Жақсы оқушы өздерің айтқандай сабаққа кешікпейді, оқу- құралдарын таза ұстайды, тазалықты сүйеді, достарына көмектеседі, мұғалімді, үлкендерді сыйлайды жөне тыңдайды, тиянақты білім алады. Осы айтылып өткен жақсы қасиеттердің бәрі әдепті баланың бойынан табылады.

Дәптермен жүмыс

Дәптерге оқу -құралдардың суретін салу тапсырылады.

Жүректен жүрекке

Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырып, Қ. Мүсіреповтің сөзіне жазылған

И. Нүсіпбаевтың «Бакытты балалар әні» әнін бірге айтады.

Бакытты балалар әні

Сөзін жазган Қ. Мусірепов Әнін жазган И. Нусіпбаев

Автор:
Галима Хасенова Үшарал қаласы «Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі Алматы облысы, Алакөл ауданы