Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МОНШАДА ҰСТАЛҒАН МАҚҰЛЫҚ


17 октября 2014, 10:08 | 1 834 просмотра



Атырау облысы Индербор кентінде педофил деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды. «Ер адам ойын алаңында жүрген балаларға балмұздақ ұсынып, кейін кішкене қызды моншаға ертіп кіргенін байқап қалған тұрғындар дереу полицияға қоңырау шалған.

Сақшылар күдікті кішкентай қыздың киімін шешіп жатқан сәтте кіріп келген. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 125-бабының 2-бөлімі «Д» бөлігі бойынша (Кәмелет жасына толмаған баланы ұрлау) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті оқшаулау изоляторына қамалды.

Автор:
Атырау облысы ІІД баспасөз қызметі.