Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем


24 октября 2014, 12:02 | 4 443 просмотра



Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Қазақстан Республикасының Презеденті Н.Назарбаев «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ», - деп айтқан.

Елбасымыздың халқына арнаған Жолдауында 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға, 2020 жылға қарай 95 пайызға жеткізуді міндеттеді. Жолдауда 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін қазақстандықтардың саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс екендігін айтты.

Қазақстан бүгінде әлемнің көптеген елдерімен саяси-экономикалық және мәдени байланыстарды дамытып, түрлі халықаралық ұйымдардың, қызметіне белсенді араласуда. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың, барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Сол себептен, біз қазақтандықтар, өз тіліміздің мәртебесін жоғарлатуымыз керек. Туған тілдің тағдыры дегенде бәріміз де немқұрайды болмауымыз керек деп ойлаймын.

Автор:
Ә. Б. Нурмекенова, Алматы обласы бойынша филиалының Ескелді аудандық бөлімінің инспекторы.