Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Өнерлі өрендер


24 октября 2014, 12:10 | 1 682 просмотра



Мақсаты: Халқымыздың сан мыңдаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес асыл қазынасы – бабалардың өсиет сөздерін ұғындыру.

Отан сүйгіштілікке, адамгершілікке баули отырып, ойын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: «Сөздің көркі мақал», «Өз елім өлең төсегім», «Жақсы кісі байқап сөйлер, жаман кісі шайқап сөйлер», «Отанды сүю – отбасынан басталады».

Оқушылар ортаға шақырылады.

Жүргізуші: Хош келіпсіздер, қымбатты қонақтар, қадірменді ұстаздар! Жаңа заман талабы әрбір көкірегі ояу адамды толғантпай қоймайды, өскелең ұрпақ сендерге жаңа міндет жүктеп отыр. Жаңа ғасыр талаптарына сай бөлу үшін салт-дәстүрімізді үйреніп, халқымыздың өткен тарихын оқып, рухани байлығын, әдеп-ғұрпын білу қажет.

Ата салтым асыл мұрам ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын,

Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірім,

Өткенімді бүгін менен жалғадым.

«Аталар сөзі – ақылдың көзі» демекші шешен халықтың да, хан да, батыр бабаларымыздың ұрпағы емеспіз бе?

Ал, енді құрметті қауым, қол соғып, қошеметтеп сайыскерлерді ортаға шақырамыз. «Өнерпаз» және «Талапкер» тобы.

Сайысымызды бастамақ бұрын әділдікті сүйетін, әділ баға беретін абзал жандардан әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Өнер десе, өртеніп жанып тұрар

Сусындап сол өнерден қанып шығар.

Сегіз қырлы бір сырлы құрбы достар

Кез келді өзін-өзі таныстырар.

Ал, енді құрметті екі топ мүшелері, әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын жарияласын!

Сөз кезегі бірінші «Талапкер» тобына беріледі.

Сөз кезегі «Өнерпаз» тобына беріледі.

Құрметті топ мүшелері, сіздермен таныстық, енді сіздерді және құрметті қонақтарымызды ойын кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1. Сурет байқауы

2. Ойлан тап, сұрақ-жауап

3. Шебердің ісі мерген

Шешеннің сөзі мерген. Ою сайысы (ағаш орындық)

4. Тауып сөйлесең, шешенсің (мақал жарысы)

5. Әр пән бойынша сұрақ

6. Менің қолөнерім.

7. Ойын.

Сонымен сайысымыздың бірінші кезеңін «Сырлы сурет байқауынан» бастаймыз.

Қуантқан бүкіл ауыл, бүкіл елді,

Қарсы алайық өнерлі өрендерді.

Әсем әуен, сырлы сурет баулап алса

Жалықтырмас деп ойлаймыз көрерменді.

Мұнда екі топтан бір-бір оқушы, жасырылған тақырыптардан таңдаған тақырыптарына сурет салады.

Айтпағалы көп болды, шалқып бір сөз

Қиялымнан ұшқандай қалқып қыран

Жым-жырт кеуде осынау қозғалыссыз

Білсең бауырым керемет қорқып тұрам.

Әсем ән орындалады.

Білімге салған салмақты

Ой - өрісі салмақта

Озады деп түбінде

Бәрін оқып тауысқан

Кім айтар дәл жауапты?

Сіздерге қойылатын сұраққа екі топ жауап бересіздер.

1. Бейнелеу өнері түрі қанша? (6)

2. Бейнелеу жанры қанша (7)

3. Іс тіккенде қолға киетін құрал? (оймақ)

4. Жібек мата неден алынады (мақта)

5. Технология сөзінің мағнасы (техно-өнер)

6. Ағаш неше бөліктен тұрады? (3, тамыры, діні, ұшарбасы)

7. Казак композиторларын ата

8. Қазақ күйшілерін ата?

Алтын нұрдай тамшылап

Билеріміз төгілді

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді

Мың бұралған бишілеріміздің әсем биін тамашалаңыздар!

Оюмен ою бөлімсіп

Өзіңді таныт қалыспа

Шат көңіл қуаныш

Достық жеңсін жарыста

Шебер біздің әжеміз

Шебер болған бабам да,

Біз де шебер боламыз.

Екі топтан екі оқушы шығып, түрлі-түсті қағаздар ойып жарысады.

Әсем әнге кезек береміз!

Ендігі кезекте ойы ұшқыр, тілі көркем қатысушыларымызды ортаға шақырып, мақал сайысын бастаймыз.

Сайысқа қатысушыларымыздың барлығы бармағынан бал тамған шеберлер десек болады, олай болса енді әр сала бойынша білімдерін тексеріп көрелік. Әр түрлі пәндерден екі топқа сұрақтар қойылады.

Математика

1. Киімнің өлшемін алу барысында мм жұмыс істейміз. 137 мм неше см болады?

Сурет

2. Монотопия - бір басылымды сурет

Биология

3. Таза табиғаттан алынатын талшық ( мақта, жүн, жібек)

Музыка

4. Еңбек, өнер туралы бір ән орында

Әдебиет

5. Үш ағартушыны ата (Ыбырай, Шоқан, Абай)

Арнайы сұрақ

Суретке шеберлікке байланысты теледидар бағдарламасын ата.

Біздің шебер қыздарымыздың өз өнерлерін сіздерге көрсететіп, баяндағылары келеді. Назар аударамыз!

Қорытынды.

Сөз кезегін Әділқазы алқаларына береміз.

Автор:
Жумабай Богжанов, Т.Құлыбеков атындағы орта мектеп-шағын орталығы. Кербұлақ ауданы Қоянкөз ауылы.