Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар


24 октября 2014, 12:12 | 2 987 просмотров



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сурет арқылы сөйлеу тілдерін дамыта отырып, сөздік қорын молайту. Танымдылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Табиғатты қорғауға және тазалыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру:

1.Оқушыларды түгелдеу және зейінін сабаққа аудару.

Өткен сабақты қайталау.Үй тапсырмасын сұрау:

Өткен сабақты еске түсіру: Құстар, үй құстары туралы сұрау.

1. Үй құстарын ата?

2. Жабайы құстарды ата?

3. Үй құстарының пайдасы қандай?

4. Құстар немен қоректенеді?

Жаңа сабақ:

Балалар! Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Бақа, жылан, балық, шортан. Бақалар қайда мекендейді?

-Балалар, қос мекенді деген қандай мағынаны білдіреді?

Ол жер бетінде де, суда да тіршілік етеді. Ересек бақа көбінесе құрғақта және шөп арасында тіршілік етеді. Ал оның баласы өскенше балық сияқты суда жүзеді. Кесіртке мен жыланды «Жорғалаушылар» деп атайды.

1. Тақырыпты түсіндіру.

2. Тізбектей оқыту.

3. Әңгімелеу

Сергіту сәті: Оқушыларға жаттығулар жасату (әуенмен)

Жаңа білімін бекіту:

Жұмбақ шешу

Сулы жерді мекендеп, Суда өседі, өнеді,

Құрылықта да секеңдеп. Сыртқа шықса өледі.

Шыбын-шіркей аңдиды, (балық)

Жемге қашан жетем деп.

(бақа)

Жол үстінде егіз өрім, Қомағайлық жасайды,

Қамшы жатыр сегіз өрім. Шыбықтарды асайды.

(жылан) (шортан)

Жаңа білімді тексеру:

Қосмекенді не? Жорғалаушы нелер?

Сабақты қорытындылау: Біз не жайында білдік?

Үйге тапсырма: Құстар мен балықтар туралы суреттер жинау.

Бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Автор:
Оразбек Жанар бастауыш сынып мұғалімі. Н.Құтпанбетұлы атындағы ОМ МДШО КММ Жамбыл ауданы.