Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Кәсіби білім беру жүйесін қаржыландыру мәселесі талқыланды


24 октября 2014, 12:21 | 1 817 просмотров



Астанада елімізде техникалық кәсіби білім беру жүйесін нормативтік қаржыландырудың әдістері мен ережелеріне арналған республикалық семинар болып өтті.

Алқалы жиынға Білім және ғылым министрлігінің, Дүниежүзілік банктің, Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының және сондай-ақ аймақтық білім басқармаларының, оқу орындарының өкілдері, халықаралық және қазақстандық сарапшылар қатысты.

Дүниежүзілік банктің қолдауымен қолға алынған «Техникалық кәсіптік білім беру жүйесін модернизациялау» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған семинар барысында сарапшылар то¬бының жетекшісі аталмыш жоба шең¬берінде жүзеге асырылған іс-шараларға кеңінен тоқталып, Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жан басы бойынша қаржыландырудың әдістері мен ережелерін (ТИПО) жиналған жұртшылыққа жан-жақты таныстырды. Сонымен қатар осы жобаны сынақ ретінде жүзеге асырған (Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының) аймақтардың өкіл¬дері жобаны нақты жүзеге асыру ба¬рысындағы іс-тәжірибелерін баян¬дап, өз пікірлерін ортаға салды. Ал жоба авторлары Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жан басы бойынша қаржыландырудың әдістері мен ережелері бойынша тәжірибе сабақтарын өткізді. Техникалық жә¬не кәсіптік білім беру жүйесін қар¬жыландырудың әдістері мен тәсілдерін талдап-жасау барысында қаржыландырудың алуан түрлі дең¬гейін белгілеу арқылы аталмыш сала құрамына кіретін педагогикалық ұжымдарды эконо¬микалық жағы-нан ынталандырудың жайы да қа¬рас¬тырылған. Алайда, саланы қар¬жыландыру техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі бойынша білім алған түлектерді қызметке орналастыру жағ¬дайына байланысты толық және ішінара жүзеге асырылады. Қызметке орналастыру бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізген колледждер төмен нәти¬желі білім ордаларына қарағанда бірнеше есе көп қаржы алатын болады. Бір ерекшелігі сол, мол қаржыға ие болған алдыңғы қатарлы колледждер бөлінген қаржы-қаражатты осы заманғы жаңа құрал-жабдықтарды, оқу материалдарын және тәжірибе сабақтарын өткізуге қажетті құралдарды сатып алуға, оқытушылардың білім деңгейін көтеруге, сондай-ақ болашақ мамандарды сапалық жағынан дайын¬дауға айрықша зор үлес қосқан оқыту¬шыларға қаржылай марапаттауға жұм¬сайтын болады.

Сөйтіп, мемлекет елімізге қа¬жетті мамандарды дайындайтын салаға ин¬вестиция тартып, еліміздің экономикасын білікті мамандармен қамтамасыз ету¬ге нақты үлес қосып жүрген колледж¬дерге қолдау көр¬сетуді көздеп отыр. Семинарға қа¬тысушылар жаңа әрі қы¬зықты ақ¬параттарға молынан қанығып, кәсіптік білім беру жүйесін жан басы бойынша қаржыландырудың әдістері мен ережелерін меңгерді. Жалпы алғанда, бұл жобаны жүзеге асыру еліміздің эко¬номикасы үшін маман дайындаудың сапасын арттыруға ықпал ететіні даусыз.

Автор:
Жомарт Молдахметұлы