Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Асау арманды ауыздықтаған


7 ноября 2014, 09:32 | 1 315 просмотров



Қазақ әдебиетінің негізін қалаған классигі – Ілияс Жансүгіровтің «Ағынды Ақсуынан» асқақтап шыққан атақтыларды ауыз толтыра айтсақ, көңілінің Алатаудай биіктеп, Бостандықтың нағыз батырлары екеніңді білгенде, бойыңа қуаныш сезімі жиналып, жаныңды гүлдендіріп, көркейтеді. Сол жұлдыздар ішіндегі шолпандай жарқыраған Жаркент Барманбеков те жұрттың жетістігі, жетілген жемісі, желбіреген жалауы деуге болады. Соның өмір дерегіне көз жіберсең көңілің тояды. Тәлімгерлігі таусылмайтын теңіздей таза, мөп-мөлдірлігімен ерекшеленеді.

Барманбеков Жаркент 1938 жылы 28 желтоқсанда Ақсу селосында қарапайым отбасында дүниеге келеді. Ол 1956 жылы Мамания орта мектебін бітірді. 1958 жылы Алматы мемлекеттік Дене тәрбиесі Академиясына оқуға түседі. Оны 1962 жылы аяқтайды. 1962-1968 жылы өзін ұшырған ұясы Мамания мектебінде мұғалім және бокстан жаттықтырушы болды. 1968 жылы «Діңгек» совхозында жұмысшылар комитетінің төрағасы, 1971 жылы аудандық жастар спорт мектебінің директоры, 1975 жылы Ақсу мектеп-интернатының директоры, 1977-1980 жылдары аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, 1980-1983 жылдары Чапаев орта мектебінің директоры, 1983-1991 жылдары қайтадан Ақсу мектеп-интернатының директоры қызметін атқарады. Ол 1991 жылдан «Садыр-Асау» шаруа қожалығының төрағасы. Бұған қосымша «Ақтау» акционерлік қоғамының вице-президенті аталды. Ол Қазақстан Білім Министрлігінің бірнеше рет құрмет грамматоларымен марапатталды. Оның спорттағы алғашқы жеңісі-1954 жылы 100 және 200 метрлік суда жүзуден Талдықорған облысының чемпионы аталды. 1956 жылы Ақсу ауданының волейболшылар құрамасында – облыс чемпионы болды. Сол жылы волейболдан облыс құрамасында қабылданып,

Республикада жүлделі ІІІ орынға шықты. Ол 1957 жылы «Динамо» спорт қоғамының командасы құрамына қабылданып, Одесса қаласында өткен Бүкіл одақтық жарыста 4-ші орынға көтерілді. 1959 – 1962 жылы 63 кг салмақпен боксқа ауысып, Алматы қаласының үш дүркін чемпионы атағын жеңіп алды. 1961 жылы Қазақстан студенттер ойындарының бокстан чемпионы. Москваның «Буравестник» спорт қоғамының бокстан екінші орынға ие болған. Орта Азия мен Қазақстан студенттер ойындарының чемпионы. Бұдан басқа жеңіл атлетика, футбол, еркін күрес, баскетбол, шахматтан да озаттар қатарына қосылып, спорттық разрядттарды алды.Жаркенттің жарқын өмірінде де жарқыраған жетістіктері де жеткілікті. Ол оқытқан 1966 жылғы 33 оқушысының 27-сі жоғарғы оқу орындарын бітірді. Екі ғылым кандидаты, бір директор, екі генерал, бір адмиралды тәрбиеледі. Мәселен, адмирал Щербеков Генадий Васильевичтің есімін ерекше атауға болады. Совхоздың үш директоры – Жазылбеков, Байдуанов, Сырғатбаевтар да оның шәкірттері. Онымен бірге спортта жүрген Қуантай Балабеков, Саяқ Бейсекенов, Сұлтанбек Мамырбеков, Қыдырбек Базарбаев, Сейтжан Дүйсекенов, Бошай Ақбаев, Ұлан Хасеновтар да чемпион атағын алғаны бізге зор қуаныш.

Спорт саңлағы Жаркент Барманбеков жұртына жұғымды, мейірімі мол екені көпшілікке белгілі. Кеңес одағының құлап, Қазақстан тәуелсіз ел аталған қиын кезеңдерінде халқына қол ұшын берген атпал азамат. Мәселен, 1992 жылы аудан әкімдігіне 9-мамыр Жеңіс күніне 1 миллион теңге көмек берді. Ол 1993 жылы Ақсу ауылындағы қарттарға он тонна қартоп, 1996 жылы 25 тоқтыны үлестірді. 2003 жылы 80 қап ұн берді. Ол 2007 жылы аудан мешітінің құрылысын бастап, 100 мың теңге, бір жылқы берді. Сол кездегі аудан әкімі Әскербек Дүйсенбаев бұл мешітті өзі басқарып бітірісті.

Еліміздегі мектептерде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу дәстүрі кезеңінде Жаркент Барманбеков еңбек ету және тынығу лагерін басқарды. Ол 1972 жылы қазақ жерінде Жастар форумының өткізуіне зор үлес қосты.

Ақсулық мал дәргері Қасымқан Оспанов, Ақсу волейболшыларын тәрбиелеуге қосқан үлесі ерекше болды. Біздің Барманбеков Жаркент атақты қазақтың спортшылары Әбдісалан Нұрмаханов, Әбілсейіт Айқанов, Тимур Сегізбаев, Жәнібек Сауранбаевтармен жоғарғы оқу орнында бір курста, бір топта оқығанын мақтаныш көреміз.

.

Автор:
Хасен Көптілеуов, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Ақсу ауданы.