7 ноября 2014, 09:39 | 2 391 просмотр
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Функционалдық сауаттылықтың 7 механизмі бар. Олар
1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
2) оқыту нысандары мен әдістері;
3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Функционалдық сауаттылықтың 2 механизміне сүйенсек, оқу процесінде түрлі әдістермен технологияларды қолдану білім сапасын арттыруға жетелейді. Осыған орай бастауыш сыныптарда қолданылатын тиімді технологияларға төменде көрсетілгендерді жатқызуға болады:
- дамыта оқыту технологиясы
- ойын арқылы оқыту технологиясы
- білім беруді ізгілендіру технологиясы
- ақпаратты оқыту технологиясы
- зерттеу технологиясы
- көрнекілік технологиясы
- проблемалық оқыту технологиясы
Аталған технологиялардың ішінен,мен проблемалық оқыту
технологиясын жиі қолданамын. Себебі оның тиімділігі зор.
Проблемалық оқытудың тиімділігі
- оқушылар бейтаныс, белгілі емес, мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмылады;
- оқушылардың шығармашылық ойлауы дамиды, инеллектуалдық таным үрдісі жетіледі;
- оқушылар ғылыми ізденіспен, зерттеушілікпен айналысады;
- ойлауымен бірге тілдері де дамиды.
Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.
Мұғалім проблемалық оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
- Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
- Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Проблемалық оқытудың басты белгілері
І. Білімді проблема негізінде баяндау.
- Сабақ проблема қойыла отырып, түсіндіріледі.
- Проблеманы шешу жолдары мақсат етіледі.
- Проблеманы өнімді тәсілдер арқылы шешуге түрткі жасалады.
- Оқушылар ізденуге, шешім табуға жұмылдырылады.
ІІ. Проблеманы зерттеу әдістері
- болжау
- бақылау
- тәжірибе
- салыстыру
- дәлелдеу
- қорытынды
Проблемалық оқытудың мән-мағынасын ашу үшін дәстүрлі оқыту әдісі мен проблемалық оқыту әдісін салыстырып өткен жөн.
Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін талап етеді, ол тапсырмалардың барлығы оқушылардың шығармашылық қабілетін, дарынын дамытуға бағытталады.
Басқа оқыту әдісінен проблемалық оқытудың екі түрлі айырмашылығы бар.
Біріншісі – оқытудың мақсаты жөнінен, екіншісі – педагогикалық үрдісті ұйымдастыру қағидасы жөнінен.
Біріншісі бойынша, дәстүрлі оқыту әдісінде материал дайын күйінде беріледі, оқытушы ең алдымен бағдарламаға мән береді. Проблемалық оқытуда мұнда әдебиеттерде көрсетілген дайын білімді қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді. Керісінше, сол оқу әдебиеттерінде көрсетілген теориялық мәселелерден туатын жаңа пікірлерді, жаңа ұғымдарды оқушылардың өз беттерімен іздестіру мақсаты қойылады. Жаңа ақпаратты оқушы теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу барысында алады. Мұнда оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру көзделеді.
Екінші айырмашылық бойынша, дәстүрлі оқыту әдісінде оқушыда әр түрлі қиындықтар мен кедергілер туындайды, ол қиындықтарды жеңе алмайды, себебі оқушы үшін мұғалім жұмыс жасайды, оқушының ізденуіне, тығырықтан шығудың жолдарын іздестіруге мұғалім мүмкіндік бермейді. Проблемалық оқыту әдісінде оқытушы оқу материалын баяндай отырып, оған байланысты бірнеше сұрақтарды оқушылардың өздерінің шешуіне жағдай жасайды. Қойылған мәселені шешу барысында барлық кедергілер мен қиындықтарды жеңіп шығады, себебі оқушы өз бетімен белсенді жұмыс жасайды. Яғни, проблемаларды оқушылардың өздерінің шешуіне жол ашылады.
Мына кестеде «Ана тілі» (4 сынып Атамұра 2011) сабақтарында проблемалық оқытудың мысал-үлгісін құрдым.
Қорытылай келе, өз іс-тәжірибемдегі математика сабағында қолданған бір проблемалық жағдаятты айтып өтейін.
Тапсырма:«Екіні үш бестікпен жаз». Егер оқушы проблеманы шешудің жолын таба алмаса, мұғалім аталмыш сандарға арифметикалық амалдар қолдануға болатынын айтады. Нәтижесінде оқушы бұл проблеманың шешімін табады және жазады:
2 =(5+5):5
Оқушының алдында парақ пен қаламсап тұрады.
Тапсырма:«Төртті үш бестікпен қалай жазуға болады?»
Шешу: 4=5-(5:5)
Сонымен, оқытудың маңызды қозғаушы күші бола отырып, проблемалық жағдаяттағы қайшылық оқушылардың танымдық әрекетін белсендіруге ықпал етеді.
Ана тілі сабағынан "Қанат туралы хикая" өлеңін өткен кезде
1.Бар екен-ау менде де. (Екі қанат қағатын.).
2.Бірі түссе қатерге. (Мәңгі ұша алмай қаласың.)
3.Қос қанатың болғанда (Бақыттысың адамсың.)
Бұл тәсіл арқылы ізденушілікке, алған білімді өмірімен ұштастыра білуге.Осы тақырыптан (өлең, мысал) не үйрендің? не түйдің?
Осы шығарманы ары қарай жалғастырып, аяқтауға болар еді
«Авторға хат» әдісін қолдану арқылы оқушыларды қиял әлеміне жетелейді.