Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Диалогтік оқытуды ұйымдастыру формалары


7 ноября 2014, 09:40 | 2 036 просмотров



Коучинг жоспары

Жалпы мақсаты

Диалогтық оқытудың заманауи түсінігімен таныстыру.Оқытудың жаңа әдіс-тәсілі ретінде диалогтік оқыту туралы ұғымдарын қалыптастыру және тәжірибелеріне енгізу әдістерінің жолдарын меңгерту. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, білім мен таным деңгейінің өсуіне әсер ететін диалогтің маңыздылығын түсіндіру.

Оқу нәтижелері

1.Диалогтік оқыту туралы мағлұмат алады. 2.Диалогтік оқытудың мәнін түсінеді.3.Диалогтік оқытуды қолдана алады.4.Түрлерін талдай біледі.5.Тиімділігі туралы ой қорытады.

Түйінді идеялар

1.Диалогтік оқытудың оқу үрдісіне оң өзгеріс әкелетіні анықталады.2.Мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық орнайтыны белгілі болады.3.Тіл мәдениетін қалыптастырудағы диалогтік тәсілдің рөлін түсінеді.4.Тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілін тәжірибесінен өткізуге жол ашады.5.Диалогтік оқытуды қолдана отырып, мұғалім ұжымдық түсіну мен жоғары деңгейлі білімге қол жеткізеді.

Әдіс-тәсілдер

Жұптық,топтық жұмыс,СТО стратегиялары\ой қозғау,миға шабуыл,көзбен көретін айғақтар\,екі жұлдыз,бір тілек

Дереккөздер

Жаттығулар

Мұғалімге арналған нұсқаулық\-103-105-бет\

презентация,суреттер,маркер,қағаздар.стикерлер.

Түрлі-түсті түстер .Қатысушылар шеңбер құрып тұрады.Жүргізуші қолына үш түрлі түс ұстап тұрады (ақ, көк, жасыл) және оларды кезекпен көтереді.Сол кезде қатысушылар неғұрлым көбірек түстерді қосып жақсы тілек айтуы керек.Тілектері әртүрлі болу қажет. Ақ - жолың ақ болсын, көк түс – көңілің көк аспандай биік болсын, жасыл түс – идеяларың жасыл шөптей қауласын.

Топқа бөлу

Әр түрлі фигуралар ойыны .Қатысушыларға әр түрлі фигуралардың суреттерін беріп сол фигураларға қарай топқа бөлу.

Топпен жұмыс

Ой қозғау.

–Диалог дегеніміз не?

-Топтағы диалогтік әңгіменің қандай әсері бар?

Диалогтік оқытуды қалай түсінесіздер?\жауап алу\

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

1. Мұғалімдерге сұрақ қою арқылы диалогқа түсіру

-Диалог барысында не жүзеге асырылады?

-Диалогқа неше жастан бастап түсуге болады деп ойлайсыздар?

Неге?

2.PowerPoint презентациясын ұсыну. Диалогтік оқытуды ұйымдастыру формалары.Диалогтың сабақта қолданудағы тиімділігін көрсету.

«Бұл кім екен» Коуч стикер таратады, мұғалімдерді жұптарға бөледі,оларға стикерге қасындағы жұпқа көрсетпей «Тарихи тұлғалардың» атын жазуды сұрайды.

«Ойлан, жұптас, пікірлес»

Нұсқаулықты оқу\103-105 бет\

Топтық талқылау.

Постерге ойларын сызба жасап түсіру.

Постерді топ мүшесінің қорғауы.

Сергіту сәті.

«Қызыл өрік» сазды сергіту сәті.

Көзбен көретін айғақтар

Қатысушылар 3-4 суретті таңдайды.Әр сурет үлкен параққа желімделеді.Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар суреттің айналасына жазылады немесе сұхбат жүргізеді. Сұрақтың қай түрін қолданғанын талқылау.

1. Берілген суреттерден төменгі және жоғары дәрежелі сұрақтар құрастыру.

Рефлексия

«Интервью алу».

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін кері байланысты интервью алу парақтарын таратып ұйымдастырады.

Кері байланыс

Екі жұлдыз,бір тілек

Қорытынды.

Автор:
Еркін Куренов, Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі.