Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне – 10 жыл


14 ноября 2014, 18:32 | 1 469 просмотров


2004 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетін құру туралы Жарғыға қол қойды.

Комитет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыреті шегінде білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, сондай-ақ бақылау және іске асыру қызметін атқаратын ведомство болып табылады.

2014 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәжіліс залында Министрі А.Б. Сәрінжіповтың төрағалық етуімен Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеттің құрылуының 10-жылдығына арналған Комитеттің алқа отырысы өткізілді.

Алқаның отырысына Министрліктің, оның құрылымдық бөлімшелерінің, министрлік қарамағындғы ұйымдардың және аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттерінің басшылығы, сондай-ақ Комитетті әр жылдары басқарған бірінші басшылары қатысты.

2015-2020 жылдарға арналға білім мен ғылымды бақылаудың ұлттық жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын тиімді жүзеге асыру мақсатында өңделген.

Алқа отырысының нәтижесі бойынша баяндамашылармен көтерілген мәселелер талқыланып, Алқа отырысының шешімі қабылданды.

Автор:
БҒМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ