Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Шәкірттері бас иетін, ұстазым көп қасиетің!


21 ноября 2014, 12:44 | 1 371 просмотр



Өресі биік өскелең ұрпақты біліктілікке шыңдау барысында заманауи үлгідегі іргелі білім ошағы санатындағы Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі жайлы аудан жұртшылығының жылы лебізі аз емес.

Осындай кемел келешегіміздің үкілі үміттеріне тәлімді тәрбие, сапалы білім беретін – ұстаз.Ұрпақтың дарынды да білімді болып шыңдалуына жүрегіне имандылық нұрын себуге, елімізге адал қызмет ететін, елдің гүлденуіне өз үлестерін қосатын шәкірт тәрбиелеуде аянбай тер төгіп, тынымсыз еңбек етіп жүрген ұстаздар аз емес.

Сондай ұстаздың бірі мектебімізде шәкіртке білім беруден еш жалықпаған, 25 жылдан аса уақыт ұстаздық қызметін абыроймен атқарып жүрген, біліктілігі мен білімін ұштастырған, жүрегі кең, мейірімді, ақкөңіл , қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-психолог - Нұрымбетова Гүлнар Сағынайқызы.

Нұрымбетова Гүлнар Сағынайқызы 1962 жылы 26 қарашада туылған Сыр бойының тумасы. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша үздік дипломға тәмамдап, ұстаздық еңбек жолын Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебінен бастады.

Зерделей білген адамға 25 жыл аз уақыт емес. Ұлағатты ұстаз осы уақыт ішінде талай шәкірттерге , соның ішінде әрі шәкірті, әрі әріптесі болып жүрген маған да білім берді.Гүлнар апайдың ізін басып мен де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын таңдап, ұстазымның салған сара жолымен келемін.

Білім беру саласында еңбек ете жүріп, түрлі бағыттағы іс-шараның ұйытқысы болып, өзіндік әдіс-тәсілдерін озық тәжірибесі арқылы сабақтастыра білуде.

Білікті маман 3 айлық курстың ілгері(І) деңгей бағдарламасын тәмамдап, жас мұғалімдердің шығармашылық тұрғыдан өсуіне,оқушының білімін жаңаша көзқараспен оқыта отырып, өзіндік ықпал ете білген шебер әдіскер десем артық емес.Мектебіміздегі жаңашылдық бастауы болып, сабақта жаңа инновациялық тәсілдерді пайдалып, сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының түрлерін ұтымды қолданып, түрлі сабақтар өткізуде.Соның дәлелі 2013-2014 оқу жылында аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасына 8-сынып оқушысы Климашова Кристина қатысып І орынды иеленіп, облыстық кезеңде ІІІ орынды иеленді.Мектепте жылдың қорытындысы бойынша мұғалім жетістігінің рейтінгісі бойынша І орынды иеленді.

Бұл бір ғана жылдың жетістігі. Бұғанға дейін аудан, облыс көлемінде дарынды оқушыларды тәрбиелеп түрлі жетістіктерге жеткен, психология саласында да ғылыми еңбектері республикалық басылымдарға жарияланды.

Г.С.Нұрымбетова – өмірден өз орнын тапқан, алдына қойған арман-мақсатына жеткен бақытты Ұстаз! Отбасылы , үш баланың анасы, Алтынайдай қыздың әжесі , Әбутәлі ағамыздың өмірлік серігі,отбасының ұйытқысы.

«Жақсы сөз нәрлендіреді, жақсы адам әрлендіреді» демекші, 26 қарашада өтетін мерейлі туған күнімен құттықтап, ғұмырыңыз ұзақ, деніңіз сау, келешек ұрпаққа береріңіз мол болсын дегім келеді.

Автор:
Денгелбаева Назира Газизқызы Алматы облысы, Балқаш ауданы «Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО» МКМ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі