Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Үйсіндер тақырыбы бойынша қайталау сабағы


21 ноября 2014, 12:46 | 1 848 просмотров



Сабақтың тақырыбы: Үйсіндер тақырыбы бойынша қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың «Үйсіндер» тақырыбы бойынша

алған білімдерін тексеру, еске түсіру және

тиянақтау.

ә) Қорытынды жасай білуге үйрете отырып

оқушылардың ой-өрістерін дамыту.

б) Оқушыларды еліміздің өткен тарихына құрметпен

қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың типі: Аукцион сабақ.

Көрнекілігі: Тақырыптық карта, тарихи суреттер, сызбалар, сөзжұмбақтар, суретті аппликациялар, үнтаспа.

Сабақтың әдісі: Диалогтық оқыту, миға шабуыл, үнтаспаны қолдану.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе

Біз өткен тарауда қазақ халқының халық болып қалыптасуына негіз болған тайпалардың бірі, үйсіндердің тарихымен шаруашылығымен, мәдениетімен, тұрмыс – тіршілігімен, мемлекеттік құрылысымен толық таныстық. Бүгін үйсіндер тақырыбы бойынша алған білімдерімізді еске түсіріп тиянақтайық. Бүгінгі сабақта алдарыңда тұрған дүкеннен өзімізге қажетті тарихи ескерткіштерді сатып аламыз, ол үшін біз сұрақтарға мұхият, әрі орынды, толық жауап беруіміз қажет.

Онда аукционды бастаймыз.

1. Үйсіндер кімдер? Үйсіндер туралы деректерді кімдер қалдырған?

2. Үйсіндердің мекен қоныстарын картадан көрсетіңдер.

3. Үйсіндердің археологиялық ескерткіштерінің ерекшелігі неде?

4. Үйсіндер шаруашылықтың қандай түрлерімен айналысты?

«Мені түсін» ойыны сызбалармен жұмыс.

5. Үйсіндер кәсіпшіліктің қандай түрлерімен айналысты?

6. Үйсіндердің қоғамдық құрылымы қандай?

7. Үйсіндерде жекеменшік қалай пайда болды?

8. Үйсіндердің көрші халықтармен қарым – қатынастары.

Сөзжұмбақ шешу

9. Үйсіндер қоныс салу үшін қандай жерлерді және қандай материалдарды пайдаланған?

10. Үйсіндер қайтыс болған адамды қалай жерлеген?

11. Үйсіндердің дүниетанымы қандай болған?

12. Үйсіндердің археологиялық ескерткіштерінің бірі диадеманың ерекшелігі.

13. Шеберлер сазбалшықтан ыдыс жасаудың қандай әдістерін білген?

Тақырыпқа байланысты тест алу.

Үнтаспаны қолдану арқылы «миға шабуыл» әдісін қолдану.

Міне көріп отырғанымыздай үйсіндер туралы білу үшін біз археологиялық ескерткіштерге сүйенеміз. Дегенмен де үйсіндер туралы тарихи деректермен таныса отырып біз мынаған көз жеткіздік:

1. Үйсіндер қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалардың бірі.

2. Үйсіндер бейбітшілік сүйгіш халық болған.

3. Үйсін шеберлерінің дүниежүзілік өнерге қосқан үлесі өте зор.

Сол үйсіндерден бастау алған бүгінгі Қазақстан жайлы айтар болсақ.

1. Қазақстан Республикасы - Тәуелсіз, Егеменді, Демократиялы, Құқықтық, Зайырлы мемлекет.

2. Қазақстан Республикасы – бейбітшілік сүйгіш мемлекет бүгінгі таңда 100 – ден астам мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылған.

3. Қазақстанның дүниежүзілік өнерге қосқан үлесі деп біз Абай, Шоқан, Жамбыл, Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Ілияс сынды есімдерді мақтанышпен айта аламыз.

Ендеше бір – бірімен сабақтасып жатқан өткен және бүгінгі тарихымызға құрметпен қарайық.

Үйге тапсырма: «Үйсіндер» тарауын қайталау. Шығармашылық

тапсырма «Үйсіндер бейбітшілік сүйгіш халық»

деген тұжырымды дәлелде.

Бағалау.

Автор:
Сарқытова Бақытгүл тарих пәні мұғалімі. Ақсу ауданы. Құрақсу ауылы. «Құрақсу орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.