Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тәуелсіздік тағылымы


28 ноября 2014, 09:56 | 1 746 просмотров



«Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек...

Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз...

Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық...»

Н.Ә. Назарбаев

«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауынан

Қазақ даласында ежелгі заманнан бастап, бүгінгі күнге дейін ұрпақтар сабақтастығы үзілмей жалғасып келеді. Өкініші, біз әлі күнге дейін өз тарихымызды, бабалар жасап кеткен байтақ тарихымызды өндіріп жаза алмай, өзгелердің жазып кеткен жылнамаларына жүгінумен, өзгенің айтқанын қайталаумен келеміз. Олар біздің тарихымызды өз мемлекетінің мүдделері тұрғысынан және өз таным – түсінігі денгейінде ғана жазды. Оның үстіне жердің де, елдің де, тарихи тұлғаларымыздың да аттарын әбден шатастырып жіберді. Әйтпесе, атаулары әр кезенде әрқиды айтылғаны болмаса, Ұлы далада өсіп-өніп келе жатқан халықтың тегінің бір екені Тәңірге де, бәрімізге де аян. Бүгінгі қазақ халқын құраған, бірі кездері әртүрлі мемелекет аталған ру-тайпалардың құт мекені, ата қонысы осы Ұлы дала еді.

Кез кел­ген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен бай­ла­ны­с­ты­ра­ды. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған за­ман ағымы, кезең ты­ны­сы бо­ла­ды. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа бұйырған бақыт деп ой­лай­мыз. Ата-ба­ба­ла­ры­мыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ да­ла­сы ата-ба­ба­ла­ры­мыз ғасырлар бойы ар­ман ет­кен және сол жол­да зор құрбандықтарға ду­шар бо­лып, өз тәуелсіздігін жеңіп ал­ды. Білімді, са­у­ат­ты аза­мат­тар – бұл ХХІ ғасырда адам­зат дамуының негізгі қозғау Азимжанова Баян--шы күші. Шын мәніндегі бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін та­ны­ту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл ту­ра­лы аға ұрпақ жастық жыл­дар­да ар­ман­дай ал­май­тын. Бүгінгі күн – та­лан­т­ты, жігерлі, өзіне сенетін, арманға бай және олар­ды жүзеге асыруға ерік-жігері бар жастардың уақыты. Бүгінгі таңда мем­ле­кет жас­тар үшін барлық жағдайды жа­сап отыр. “Жастық шақ — бұл та­ма­ша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс… ”, — де­ген екен Бер­нард Шоу. Тек оқу, күш — қуатыңды ая­мас­тан еңбек ету ке­рек, сон­да ғана ойлаған арманға же­ту­ге бо­ла­ды.

Кез кел­ген азаматтың өмірге қойған айқын мақсаты мен ар­ма­ны бо­ла­ды. Себебі ар­ман мен мақсат болашаққа жетелейді. Ата-бабабаларымыздың аңсап,  тәуелсіздік жо­лын­да күрескен ар­ма­ны орын­дал­ды-ау.

«Тәуелсіздік халқымызға аспаннан түскен құдіреттің сыйы емес. Ол ғасырларға созылған ата-баба қанды жорығының, дабылды-дауылды күресінің заңды жалғасы. Қаншама елдің ардагер перзенттері осы тәуелсіздіктің өзі емес, тек сәулесі үшін қанын төкті, жанын пида етті десеңші! Тереңнен ойлап, тебірене толғансаң – халқымыздың барша тарихы осы тәуелсіздік үшін, елдік үшін, халықтың бас бостандығы үшін күрес».

Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жо­лын­да еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының  арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жет­кен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің та­ри­хы­мыз­да өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, ба­тыр­лар, қарапайым халықтың өзі де жан­да­рын пи­да ет­кен. Тәуелсіздік де­ген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – сту­дент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін за­рдап ше­гу­ге дай­ын екендігін көрсете білуі бар­ша халыққа сенім мен жігер бер­ген бо­ла­тын.

Біз осыдан үш ғасырдай бұрын – Хақназар – Тәуке – Абылай заманында қалыптасып біткен ұлттық-мемлекеттік бітімімізді сол тұтастығымен жаңаша өркендетуге жағдай туып отырғандығы үшін біз, әрине, бабаларымыздың ғасырлар бойына халық тағдырын ойлаған саяси қызметіне, азаттық рухына қарыздармыз.

Автор:
Азимжанова Баян №4 орта мектептің тарих пәні мұғалімі