Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АҚЫЛ­­­-ОЙ ДАМУЫНДА ТЕЖЕЛІСТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕССТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ СЕЗУ МЕН ҚАБЫЛДАУ


28 ноября 2014, 09:58 | 1 957 просмотров



Қабылдаудың баяулығы мен саяздығы. Көріп­-байқау ерекшеліктері. Сезу мен қабылдаудың жіктелу ерекшеліктері. Көріністі қабылдау ерекшеліктері. Қабылдаудың дамуы.

Сезу мен қабылдау –бұл тікелей болмыстың бейнелену процесстері болып табылады. Адам сыртқы ортадағы ми анализаторларына әсер ететін заттар мен құбылыстарды ғана түйсініп,қабылдай алады. Әрбір анализатор белгілі үш бөліктен тұрады. Олар: перифериялық (көз, құлақ, тері және т.б.), тасымалдаушы жүйке және ми қыртысындағы орталық . Қабылдаудың баяулауы ақыл-ой дамуына тежелістері бар балаларға тән қасиет болып табылады . Бұл олардың психикалық тұрғында дамуына кері әсерін тигізеді. Ақыл-ой дамуында тежелістері бар балалардың түйсігі мен қабылдау ерекшеліктерін кеңес заманындағы психологтар И.М. Cоловьев ,К.И.Версотская М.М. Нудельмен ,Е.М. Кудрявцева терең зерттеген. Зерттеулер нәтижесінде балалардың көру арқылы қабылдануын баяу болатындығы анықталады.Ақыл-ой дамуында тежелістері бар балалардың көру арқылы қабылдауының баяу болатындығын К.И. Вересотская өз еңбектерінде атап өткен. Қабылдау барысының баяулауынан ақыл-ой дамыунда тежелістері бар балалар алынатын мағлұмат көлемін азайтып қабылдайды.Бұл мәселе жөнінде М. M. Нудельман зерттеу жүргізеді.Ол ақыл-ой дамуына тежелістері бар балалар мен денсаулық жағдайы қалыпты балаларды терезе алдына апарып,олардан сыртағы көрген затарын атауды сұрайды.Нәтежесінде ақыл-ой дамуында тежелістері бар балалар қалыпты жағдаидағы балаларға қарағанда аз зат байқайды. Бұл көріп-байқаудың әлсіздігін шолу әрекетінің ерекшелігі деуге де болады. И.М.Словьевтың ойынша, денсаулығы қалыпты баланың бірден байқаған затын олигофрения аңғарымаы бар бала тежеуілетіп байқаиды екен. Яғыни ,көшеде жүріп бара жатқанда ақыл-ой дамуында тежелістері бар бала қалыпты балалға қарағанда ,айналасындағы заттар мен құбылстар жайлы мағлұматты анағұрлым аз алады .Қабылдаудың саяздығы ақыл –ой дамуында тежелістері бар балаға үйрешікті емес жаңа ортаға бйімделіп ,бағдар алуына кері әсерін тйгізді. Қалыпты бала айналасындағы болып жатқан жағдайға бір мезетте шолу жасап ,өзіне қажетісін анықтап ,іс-әрекетін дамуында тежелІстері бар бала айналасындағы жағдайдың мәнін түсінбей ,көбіне бағдарсыз қалады. И.М.Соловьевтің пкірінше олигфрения анғарымы бар бала сюжеттік суреттер мен табиғат көріністерін дұрыс қабылдай алмайды . Себебі ол болжамдардың мағынасын ,сәуле мен көленке үйлесімділігі сиақты ерекшеліктер көрсетті. Көптеген тәжірибелік зерттеулердінң нәтижесінде ақыл-ой дамуында тежелістер бар балалардың ұқсас заттарды ажырата алмайтындықтары айқындалады.Зерттеу барысында қалыппты балалар бір түсті заттарды бір топқа топтастырса, ақыл-ой дамуында тежелістері бар балалар әртүрлі түстерді барін бірге жинай береді.Яғни бала түр ерекшеліктерін анықтай алмайды.Мысалы: есіктен кіріп келе жатқан кісіні ол ағай ретінде ғана қабылдайды.Ал оның көрші ағай немесе бағбан ағай екеніне мән бермейді.Сонымен қатар ақыл-ой дамуында тежелістері бар балалар төртбұрыш, үшбұрыш, тіктөртбұрыш және ромбтарды тек қана пішін ретінде қабылдайды.Олардың әрқайсысының ерекшелігіне көңіл аудара бермейді.Ақыл-ой дамуында тежелістері бар балалардың қабылдау процессінің тағы бір ерекшелігі – бұл қабылдаудың әлсіздігі, яғни белсенді болмауы болып табылады.Бала бір затты көріп, ол затты анықтап қарауға, оның қасиеттерін зерттеуге талпынбайды. Ол затты жалпы білгенін ғана қанағаттанады.Мысалы: ақыл-ой дамуында тежелістері бар балаға қаламды көрсетіп , «мынау не ?» деген сұрақ қойылса ол тек қалам деп жауап беріп, теріс айналып кете береді.Бала қаламға немесе сұрап тұрған адамға қызығушылық танытпайды.Ақыл-ой дамуында тежелістері бар балалардың қабылдауының саяздығы.

Ақыл –ой дамуында тежелістері бар балалардың қабылдау белсенділігі төмен дәрежеде.Сондықтан олар заттың кеңістіктегі жағдайын анықтай алмайды.Мысалы, балаға төңкерілген суреттен қалыпты жағдайда тұрған зат пішіндерін қабылдауы мүмкін.Бұндай жағдайда ақыл-ой дамуында тежелістері бар балалардың қабылдауының белсенді еместігін байқатады.

Қабылдау күрделі түрлерін зерттеу .Э.С. Бейк ақыл –ой дамуында тежелістері бар балалардың қабылдауының тұрақтылықты сақтау феноменін (көзден таса болған жағдайда да заттың көлемінің көз алдында сақталуы)зерттеген . Зерттеу барысында қабылдаудың тұрақтылықты сақтау заңдылығы бұл балаларда қысқа мерзімді екені айқындалды . қабылдаудын тұрақтылықты сақтауы бұзылғандықтан баланың кеңістікте бағдар алуы киын болады .

Ал қабылдаудың белсенді болмауынан ақыл-ой дамуында тежелістері бар бала көру қабілетің шоғырландырып , белгілі затты іздеп таба алмайтының қоршаған ортаның белгілі бір бөлігін зерттеп , сол зерттеу барысында қабылдап отырған нәрсенің көзге түсерлік жақтарын бақыламай –ақ білуге талпынбайтын дәлел бола алады.

Автор:
Мусапирова Балауса Құрманбайқызы №5 ОПМПК психологі Іле ауданы