Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Басты мақсат-саналы білімді ұрпақ тәрбиелеу.


28 ноября 2014, 10:02 | 3 984 просмотра



Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына бар. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, атақты ғалымдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі ұстаздан білім, тәрбие алады.

Ұстаз өмірге бейімдеуші, шәкіртті дұрыс жолға салып, жан дүниесін түсінетін, қиындық кезеңінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз. Жас ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаздар ұстанатын бұлжымас қағиданың бірі білімділікпен қоса, өзіндік ой-пікірі бар шәкірттер өз легін қалыптастыру болып табылады. Сол үшін де балалардың өздері қалай түсініп, қаншалықты дәрежеде өздігінен дайындалу әр баланың біліміне байланысты. Бастауыш сынып жасындағы балалар көп көңіл бөлуге ынталы келеді. Бүгінгі күннің талабына сай оқушыға жаңа буын оқулықтарымен сабақ беріп, жаңа стандарт жүйесімен жұмыс жасап, еңбектенген ұстаздар қаншама? Міне, осындай қиын да, сұрауы көп мамандықты меңгерген, өз мамандығын бақытым деп санаған бүгінгі кейіпкеріміз Алматы облысы Ескелді ауданы Бақтыбай ауылы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Есимова Ұлтуар Темірғалиқызы.

- Ұлтуар Темірғалиқызы қазіргі замандағы білім мен сонау кеңестік кездегі білімнің сіз үшін айырмашылығы бар ма?

- Жоқ деп кесіп айтуға мүлдем келмейді. Әрине бар. Заман ағымына қарай білім де, адамдар да өзгеруде. Ол кезде оқулықтармен ғана оқысақ, қазіргі күнде небір көмекші құрылғылар шыққан. Мысал келтірер болсақ, бала оқимын десе дайын ғаламтор көздерінен –ақ оқиды. Бұрын ондай жоқ болатын. Бүгінгі таңда оқушыларға бар жағдайлар жасалған.

- «Біздің кезімізде тәрбие бұлай болмаған» дегенді жиі естиміз, сол кезең мен қазіргі замандағы оқушы тәрбиесі туралы не айтасыз?

- Мен үшін оқушы қай кезде де оқушы. Заман өзгергенмен, оқушы деген ұғым ешқашанда өзгермейді. Оқушының дәрежесі үйдегі тәрбиеге, ата-анаға байланысты. Қаншалықты дәрежеде бала тәрбие алса, соншалықты дәрежеде ол ұстазды сыйлап, мектепті де, сабақты да ұғады.

- Заман ағымына қарай білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болуда. Осы тұрғыда электронды оқыту жүйесі туралы сіздің ойыңызды білсек?

-Мен үшін электронды оқытуды жүргізу білімді ақпараттандырудың жаңа деңгейі болмақ.Елбасы атап көрсеткендей электронды оқулық –мультимедиялық оқулық оқушының уақытын үнемдейді,электронды оқыту бейне,.аудио,мультимедиа технологиясымен жас ұрпақты ақпараттандыру,өзіндік іс-әрекет дамыту болып табылады.

- Бүгінгі қоғамдағы ұстаздың орны қандай? Мұғалім мәртебесін қалай көтеруге болады?

-Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп,аса жоғары қастерлеп,бағалаған.Ұлы Абай –Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады десе,чехтің педагогы Я.А. Каменский –Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі,ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз жалын иесі деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.

Бастауыш сынып оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін ,үлгі ететін,абыройлы жан.Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына ,жүріс-тұрысына,сөйлеу мәнеріне,адаммен қарым-қатынасына еліктейді.Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер,жігерлі де батыл,өзіне сенімді ұстаздың мерейі де,мәртебесі биік тұрсын демекпін,Сондықтанда менің айтарым Мұғалімнің мәртебесі ешқашан да түскен емес,түспейді де.Мен үшін ұстаз мәртебесі өз қолыңда деп ойлаймын.

- Ұлтуар Темірғалиқызы жақсы ұстаздан шәкірт озар демекші, соңғы кездерде шәкірттеріңіздің жетістігі қандай?

-Мен бастауыш сынып маманы болғандықтан ,даярлық сыныптан бастап білім бере бастаймыз.

Бастауыш сыныпты бітірген оқушыларымыз жақсы көрсеткіштерге ие болып келеді.Ұстаздың жақсылығын шәкірттерінің ыстық ықыласынан,саналы білім алуда бір кісідей атсалысуынан білеміз.Атап айтсам Мынбаева Назерке аудандық олимпиадада математика пәнінен 1-орынға иеленсе,Мұқтар Құндыз Абай оқуынан 2-орынға ие болды.Сапалы білім мен саналы тәрбие арқасында оқушылар 68 пайыз үлгерім сапасын көрсетті.Ақбота,Кенгуру халықаралық байқаудың жеңімпаздары атанды.Оқу озаты Мұқтар Құндыз Назарбаев Зияткерлік мектебіне қабылданды. Бүгінде 1-сынып оқушылары заман талабына сай білім алуда.Өнегелі елден-өнерлі ұрпақ туады дегендей әр баланың келешекте қандай маман иесі болары да ңстазына байланысты,сондықтан саналы ғұмырымды әр баланың болашағына арнағым келеді десем артық болмас еді.

-Мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру туралы не айтасыз ?

-Бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектептері, Педагогикалық Шеберлік орталығы Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесе жасалған Қазақстанның жалпы білім беретін мектептері мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған

Деңгейлік бағдарламасы бүгінгі күні Қазақстан мектептеріне қанатын кең жайып енгізілуде. Деңгейлік бағдарлама бойынша өткізіліп жатқан курстан Сейфуллин мектебінде екі мұғалім Куджакова Г.Б, Абатов Қ.А бірінші деңгейден, Сарыева Г.Д, Омарова А.Т екінші деңгейден, Есимова А.Н, Кушибаева Б.Қ,Рыскулова Ж.Қ,Қрықбаева үшінші деңгейден өтті. Алдымен курстан өткен ұстаздар мектепте коучинг өткізе бастады. Менде өз үлесімді қосу, барысында даярлық сынып оқушыларымен оқыту үшін білім беруде пәндік сабақтар өткізе бастадым. Яғни оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту-баланың танымдық дамуы оның қабілетін, зейінін, сөз сөйлеу дағдыларын ойлауын, шығармашылық зияткерлік қабілеттерін дамыта білетінін байқадым.Ұстаз –бала бақыты деген рас екен ау деген ойға қалдым. Сондықтанда біліктілігімізді арттыруда заманауи әдістерден кеш қалмайық дегім келеді.

-Ұлтуар Темірғалиқызы өзіңіз жайлы айтып берсеңіз...

- Мен 1966 жылы мамыр айының 13-ші жұлдызында Алматы облысы, Панфилов ауданы, Сәтті жол деген кішкене ғана қазақ ауылында дүниеге келіппін. Әкем – Темірғали ауылының беделді трактористі болып, анам – Тойбала бала тәрбиесімен айналысқан. Бір жанұяда 12 перзентті бағып-қағумен күйбің тіршілікті өткізген әкем -56 жасында дүние салды. Анам Тойбала 30 немересі мен 27 шөбересінің қызығы мен қуанышына бөленген,азиз әже. Бүгіндегі менің ұстаз болып армандап, өзімің 28 жылдық еңбек жолында көп іздене білдім, әр шәкірттің жүрегіне жол таба білуге қанша қажымай-талмай еңбек ете беруге зең қоя білдім. Қоңырлең орта мектебін 1983 жылы бітірсем, 1986 жылы Панфилов педагогикалық училищесінің бастауыш сынып мұғалімі мамандығын тәмамдап, еңбек жолын Ескелді ауданының Бақтыбай ауылындағы Сәкен Сейфуллин орта мектебінде ,күні бүгінге дейін еңбек етіп келем. 2000 жылы Жетісу мемлекеттік университетінің бастауыш сынып мамандығын алып шықтым. Бала күнімде менің ой санамда жазылып қалған тәрбие, елмен етене араласып, жақын болуды, тіл табысудың көпшілігі кіші әкем Болатбай Көбенбаевтың (ол кісі де ұлағатты ұстаз ) ұлылығы, сөйлеу мәнері, сол кісінің үлкен адамдарды тыңдауы, жастарға берген тәрбиесі, өзімді тәрбиелеуге септігін тигізді.

Бүгінде Ұлтуар Темірғалиқызы жай бақытты ұстаз ғана емес, ол бақытты ана, аяулы жар, ардақты әже, үлгілі ене. Жолдасы Нұрлыбек аға екеуі төрт баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсіріп, жеткізген. Үлкен қызы Айгерім ана жолын қуып, биология пәнінің мұғалімі. Ұлы Аслан Қазақ Ұлттық Университетін тәмамдап, бүгін Талдықорған қаласында қызметте,ал келіні Раушанда тәрбиелі отбасынан шыққан жоғарғы маман иесі. Жасұлан мен Руслан мектеп оқушылары. Осындай отбасында, жұмысында қатар алып жүрген Ұлтуар Темірғалиқызына жанұясына амандық, шәкірт тәрбиелеудегі жолына шығармашылық табыс, немересі Бақытжанның бал қылығын қызықтап жүре беріңіз демекпіз!

Шәкірттер лебізі

Мен бүгінде «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 7 сынып оқушысымын. Осы кезде бастауыш сыныпта білім берген ұстазым Ұлтуар апайыма алғыс айтқым келді. Апайымның әр сабағы терең сырға толы, әр қайсымыздың жүрегімізден орын таба біледі, Саналы ғұмырын бала –шағасына арнаған, апайымның білім саласына сіңірген еңбегі өлшеусіз деп ойлаймын.

Мұқтар Құндыз 7 сынып оқушысы

Ата-ана лебізі.

Білікті маман шәкірттердің жас мөлшеріне қарай, қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізетін ашық сабақтар мен тәрбие сағаттардың өткізудің хас шебері. Оқушылары өте талатты, білікті ұстаз оқушыға жалықпай білім беруде, ата-анамен тығыз байланыста болып, тіл табыса білген Ұлтуар Темірғалиқызы ісіне берік, мамандығына адал болған ұстазды үлкен-кіші бәрі құрмет тұтады. Еңбексүйгіш, тәлімі мол, көрегенді Ұлтуар Есимованың еңбек жолы жас ұрпаққа үлгі өнеге деп ойлаймын.

Шеберхан апай

Бүгінде мектеп директоры Серік Смағұлұлы Шүйкембаев бастаған С.Сейфуллин орта мектеп ұжымы да жаңалыққа жаны құмар,заманауи технологияны сабақ үрдісіне пайдалана біледі.У.Т.Есимова өткізген Күз-жомарт,күз-береке,күз байлық атты мерекеге ата-аналар,ұстаздар,оқушылар қатынасып,өз ойларымен бөлісті.

Автор:
Іңкәр ЕРБОЛҚЫЗЫ