28 ноября 2014, 10:03 | 2 471 просмотр
9сынып алгебра
Сабақтың тақыры: «Тригонометрия элементтерін тарауын қайталауға арналған шығармашылық есеп сабағы».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Тригонометриялық функцияның анықталу облысы мен мәндер жиыны тригонометрия қасиеттері, негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер келтіру формулалары, қосу формулаларына есептер шығару дағдыларын дамыту.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын, белсенділіктерін, оқушы пәнге деген қызығушылығын арттыру, терең түсіне білуге баулу.
Тәрбиелік: оқуға сапалы сезімге, өз беттерінше ізденуге тәрбиелеу. Өз сезімдерін арттыру, тез ой қорытып математикалық тілде сөйлей білуге бағыттау.
Сабақтың түрі. Қайталау сынақ сабағы.
Оқыту әдістері. Сатылай комплексті таңдау, тест тапсырмалары
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, үлестірмелі тапсырмалар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі оқушылардың сабаққа даярлығын тексеріп, сабақтың өту жоспарымен таныстыру. Сабақ екі бөлімнен: теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады.
І бөлім. Сатылай комплексті талдау.
Оқушыларға үлестірмелі жұмыстарын таңдау арқылы тригонометриялық функциялардың :
Д (у)
Е (у)
Қасиеттері
ә) негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
б) келтіру формуласы
г) қосу формулаларын жазу
І бөлімнің жұмыстары.
Білімдерін тексеру кезінде әр оқушы қоржыннан нөмірленген асық алады. Қандай нөмір сәйкес келсе сол тақырыпты зерттейді.
№1 қосу формулалары
№2 келтіру формулалары
№3 негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
№4 тригонометриялық функциялардың мәндері градуспен және
радианмен
Тақтаға бірден 4 оқушы шығып мынадай жоспар бойынша орындайды.
№1 қосу формулалары
cos( α-β)=
cos( α+β)=
sin( α-β)=
sin( α+β)=
tg( α-β)=
tg( α+β)=
ctg( α-β)=
ctg( α+β)=
а) келтіру формулаларын жазып шығу
ә) негізгі тригонометрия тепе-теңдіктер
〖sin〗^2 α+〖cos〗^2 α=1
ctgα=cosα/sinα
1+〖ctg〗^2 α=1/(〖sin〗^2 α)
tgα=sinα/cosα
tgα∙ctgα=1
1+〖tg〗^2 α=1/(〖cos〗^2 α)
ІІ бөлім. Тест тапсырмалары
Сабақты қорытындылауда үлестірмелі тапсырмалар орындайды.
Бағалау парағы
Егер оқушы
3-12 ұпай жинаса - «3» қанағаттанарлық
13-16 ұпай жинаса - «4» жақсы
17-20 ұпай жинаса – «5» өте жақсы
деп белгілеу арқылы оқушының игермеген, қателескен немесе білмейтін сұрақтарымен, қатемен жұмыс жүргізу ыңғайлы. Әр оқушы білімі, оқушы деңгейі әрқашан назарда болады.