28 ноября 2014, 10:05 | 2 694 просмотра
Қазақстан Республикасында білім беру саласының реформалануы кезеңінде тәрбиелеу мен оқытуда адамгершілік көзқарастарының басымдылығы барысында әлеуметтік өмірде балаларға білім беру және оларды кәсіби тұрғыдан белгілеу мәселелері өзекті болып табылады. Ондай балалардың арасында мүгедек балалар мен оқу барысында қиындыққа тап болған балалар жатады.
Білім беру саласын 2011-2020 жылдарға дамыту бойынша Мемлекеттік бағдарламада негізгі міндеттердің бірі ретінде инклюзивті білім беруді дамытуды анықтайды. Бағдарламада барлық балалардың, оның ішінде дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы білім беруде нормативті-құқыктык негіздерді құру қажеттілігі анықталып, күтілетін нәтижелер белгіленді.
Инклюзивті білім беру идеяларының қолдайтын халықаралық нормативтері.
- БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясы (1989 ж.)
- БҰҰ-ның мүгедектерге тең құқықтарды қамтамасыз ету бойынша стандартты ережелері (1993 ж.)
- Инклюзия бойынша кызметгердің шеңбері туралы Саламан декларациясы Саламанка, Испания, 1994 ж.
- БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясы(2006 ж.)
- Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы (11.06.2002 №243)
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы (13.04.2005 ж № 39-ІІІ)
- Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. (7.12.2010ж. №1118)
Осы зандарға сүйене отырып психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы жұмысын жүргізеді.
Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша жеті психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялары жұмыс атқарады. (қысқаша - ОПМПК)
Олардың орналасуы мен балаларды тексеру аймақтары:
1. №1 ОПМПК Алматы қаласы ( Қапшағай қаласы, Қарасай және Талғар аудандары);
2. №2 ОПМПК Талдықорған қаласы (Талдықорған, Текели қалалары, Ақсу, Кербулак,Көксу, Каратал және Ескелді аудандары);
3. №3 ОПМПК Жаркент қаласы (Жаркент қаласы және Панфилов ауданы);
4. №4 ОПМПК Үшарал қаласы (үшарал қаласы және Алакөл ауданы);
5. №5 ОПМПК Өтеген батыр п. (Іле, Жамбыл, Балқаш аудандары);
6. №6 ОПМПК Есік қаласы (Есік қаласы, Енбекшіқазақ ауданы);
7. №7 ОПМПК Кеген с.(Райымбек ауданы).
2014 жыл басында аталған ОПМПК-лардың есепке алынған балалар саны 18 000 астам, олардың ішінде инвалид-балалар – 10 000 астам.
Облыстық ПМПК-лардың көрсеткіші бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеудегі мүмкіндігі шектеулі бала саны – 5 000 жақын ал, мектепте оқыйтын мүмкіндігі шектеулі бала 12 700 санын құрайды.
Алматы облысы бойынша 61 жалпы мектептерде 60 дефектолог, 43 логопед мамандары жұмыс жасайды, сондықтан мүмкіндігі шектеулі балалардың диагнозы бойынша мектеп оқыту бөлмелерін арнайы құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіп, жағдай жасау қажет .
Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықта білім беру саясатындағы басымды саты дәл осы инклюзивті білім беру принціптерімен негізделеді. Дегенмен білім беру еңгізу бойынша әр елдін қайталанбас ерекшеліктеріне байланысты мемлекет үшін қолданылатын нақты әдістемелер мен нұсқаулықтар жоқ. Еліміздін әр білім беру мекемелерінде зерттеулер жүргізіліп, зерттеу қортындысы бойынша мамандар мен ата-аналар инклюзивтік білім беру туралы нақты білмейтіндігі анықталған.
Осы мәселеге байланысты үнемі педагог мамандарына семинарлар өткізіп инклюзивті білім беру туралы түсіндірудін алғашқы қадамы болу керек. Сондай-ақ бала біріншіден өз қатарлас сау балалармен бірге оқуына дайын болу керек. Мүмкіндігі шектеулі балалардың бәрі қалыпты дамып келе жатқан құрбы-құрдастарының ара¬сында өздерінің әлеуметтік тәжірибесін байытуды және оқу-сабақ барысында өзара әрекет етуді қажет етеді, дегенмен барлық жағдайда да тиісті мамандандырылған психологиялық-педагогикалық көмекті сақтай отырып, әрбір баланың дамуына түсінікті де пайдалы интеграциялық оқыту моделін таңдап алу қажет.
Бұл мәселені шешу жолының бірі ол мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзиялық білім беруге оқытып, дамыту үшін облыс орталығында қала мен аудандардағы жалпы білім беру мектептерде мониторинг өткізу және жалпы білім беру мекемесі мен арнайы түзету ұйымдары бірлесіп жұмыс атқару. Мектептің физикалық тұрғыдан қол жетімділігін қамтамасыз ету (лифтілер, пандустар, автокөлікер, автомобильге арналған арнайы құрылғылар, тірек қозғалыс аппаратының қызметінде ақаулығы бар балаларға арналған арнаулы жиһаздар) қажет.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытуда арнайы сыныптарда арнайы мамандар (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) қызмет етеу қажет. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы мектепте оқыту бұрынан бері жоспарлануда. Арнайы сыныптар 1981 жылдан бастап ашыла бастады, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту оларға арнайы педагогикалық кешенді қолдау сонау Совет үкіметі кезеңінен корсетіліп келеді. 2009 жылдың 16 наурыз айындағы № 4-02-/450 әдістемелік ұсыныс хатқа байланысты жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті отытуқтуды еңгізу жартылай қамтылған.
Арнайы сыныптарды ашуда, мүмкіндігі шектеулі балалардың санын анықтауда психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің ұсыныстары қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беруде, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде әр саладағы мамандар: дефектолог, логопед, психолог, арнайы педагог, емдік дене шынықтыру маманы т.б. Теорияда және іс-тәжірибеде арнайы педагогикада әр түрлі ауытқулары (есту, көру, сөйлеу, тірек қимыл қозғалысы, ақыл-ойы) барлық сұрақтары толық көлемде арнаулы мектептерде қарастырылған.
Қазіргі уақытта жалпы білім беру жағдайындағы әртүрлі бағыттағы мамандардың өзара байланысқа түсу әдісі әдістемелік жағынан жеткілікті қамтамасыз етілмеген және осыған орай іс-тәжірибе де баяу жүзеге асады. Көп жағдайда мамандар бірінің ісін бірі қайталайды немесе түзету -дамыту жағдайында олардың іс әрекеттері сәйкес келмейді, сондықтан да кей жағдайларда пікірлері қарама-қайшы келіп жатады. Осындай туындайтын мәселелерді алдын алу үшін, мүмкіндігі шектеулі балалар бойынша әдістемелік ақыл-кеңес беру мақсатында, психологиялық-педагогикалық консилиумі бекітілді (ҚР БҒМ 2011 жылдың 12 желтоқсанында №524 бұйрығы). Инклюзивті білім беру іс тәжірибесін жүзеге асыратын, мектепте психологиялық - педагогикалық консилиум жұмысын құру үшін төмендегі әдістемелер негізі бола алады.
- білім беру процесіндегі баланың дамуындағы үздіксіз сүйемелдеу;
- сүйемелдеу процесін ақпараттық - әдістемелік қамтамасыз ету;
-консилиум әрекетін әлеуметтік - педагогикалық және психологиялық болжау;
- психолого - педагогикалық іс-шараларға педагогтар және балалар ұжымын, ата - аналарды белсенді араластыру.
Қазіргі уақытта республикамызда мүмкіндігі шектеулі балалардың оқуын ұйымдастыру үшін арнайы білім беру ұйымдарының дифференциялданған желілері бар. Ол түрі мен типіне байланысты арнайы білім беру ұйымдары, жалпы типтегі балабақша жадындағы топтар және жалпы білім беру мектептеріндегі арнайы сыныптар кіреді. Дамуындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында арнайы жалпы білім беру типтік бағдарламалары құрылан (ҚР ғылым және білім министірлігінің 2009 жыл 8 маусым № 8 бұйрығы). Бір мемлекетте, бір қоғамда өмір сүргендіктен сол елдегі халықтын дініне, нәсіліне, ұлтына қарамастан болашақ өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу көзі ашық, көкірегі ояу, жүрегі мейірімге толы ұстаздар қауымына тиесілі. Елімізде жылдан жылға мүгедек балалар саны артып келе жатыр. Сондай-ақ, ол балаларды мемелекет қамқорлыққа алып, денсаулықтары мен білім алуларына жағдай туғызуда.