Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Абай- дара тұлға, дана тұлға


28 ноября 2014, 10:07 | 3 320 просмотров



Абай- дара тұлға, дана тұлға.

Сүйер ұлың болса, сен сүй,

Сүйенерге жарар ол.

Абай.

Мақсаты:1. Оқушыларға Абай туралы түсініктерін кеңейту,бабалардан қалған ұлағатты, ғибратты боларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.

2.Ән мен күйдің құдіретін меңгерте отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Табиғатты,өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Абайдың суреті, жыл мезгілдерінің суреті, домбыра,ән жайында даналық ойлар жазылған плакаттар,нодбук,слайд, нота қимасы;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:1 .Ұйымдастыру бөлімі:

Үлкендерге сіз,

Кішілерге біз,

Әдеппенен бас иіп,

Сәлем бердік біз.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Гамма- до мажор. Әр түрлі штрихта, ұзақтықтарда айту.Тыңдап, есту, ажырату.Минор(3түрі), аккордтар, ауызша құрау, айту.

3.Көрнекілік арқылы сабақты қорыту.

4.Жаңа сабақ:

"Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй",- деп ұлы Абай ән мен күйдің құдіретін осылай жеткізеді.

Ән мен күй- табиғат сұлулығын, адамның жан тебіренісінің сыртқы сұлулық пен жарасымдылықты асқақ сезіммен суреттеп бере алатын өнер.

Сұрақ-жауап, топпен жұмыс ,тренинг ойыны әдістерін қолдандым. Қызығушылықты ояту үшін, табиғат сөзін естігенде, кімге қандай нәрсе елестейді?- деген сұрақ қойып, төмендегідей В.Ф.Шаталовтың тірек-сызбанұсқасын пайдаландым.

Тау Өзен Жаңбыр Күн Жануар Орман

Табиғат

Абай табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды,адам өміріне арнап жырға қосты. Абай тек өлең жазып қана қоймаған, оған ән де шығарған.Ақынның ең бір нәзік шеберлікпен тудырған өлеңі табиғат, махаббат сырына арналған "Желсіз түнде жарық-ай" әні.Бұл әнді 1888 жылы Абай Ақшоқыға қарап тұрып айтқан екен. Ақшоқы-Абай жырының бесігі.Ұлы ақын жиырма жолды шағын өлеңінде көшпелі қазақ ауылының жазғы жайлаудағы бір түнгі тіршілік көрінісін асқан шеберлікпен суреттеп берген.Бұл өлең 1909 жылы кітапқа басылған.Жарық айдың сәулесі суға түсіп, дірілдеп тұрған жанды бейнесі, терең сайды қуалап, тасқындап ағып жатқан өзен,қалың ағаштан сыбырласқан жасыл жапырақтары, жер жүзін құлпыртып тұрған көкорай шалғын-табиғаттың сан алуан суреті көз алдыңа келеді, көңіліңе қона кетеді,- деген тұрғыда ұғындырдым.

Оқушыларға мынандай тапсырмаларды бердім.

1-қатарға: Абай кім? Оның қандай әндерін білесіңдер? Жатқа айт.

2-қатарға: "Желсіз түнде жарық-ай" өлеңін қара сөзбен суретте.(Айдың сәулесі суға түседі.Айдың дірілдеп тұрған жанды бейнесі көрінеді.Өзен терең сайды қуалап, тасқындап ағып жатыр. Ағаштардың жасыл жапырақтары сыбырласады.Көкорай шалғын жер жүзін құлпыртып тұр.)

Барлық оқушыларға: Абайдың әндері туралы қандай мәлімет білесіңдер?

(Абай әндері ел ішінде ауызша тараған.Көзі тірі кезінде нотаға түспеген.Ең алғаш 1919-1923 жылдар арасында нотаға түсті.

1926 жылы Ленинградтан шыққан "Музыкалық этнография" деген жинаққа Абай әндері енгізілді.

1939 жылы Абайдың немересі Мәкен апамыздың айтуында Абайдың 16 әні нотаға түсті.

1939 жылы М.Әуезовтың ұйытқы болуымен Алматыда Абай әндерін нотаға түсірді. Абайдың музыкалық мұрасын сақтауға Архам Ысқақовтан кейінгі үлес қосқан кісі Тұрағұлдың қызы, Абайдың немересі Мәкен Мұхамеджанова).

Тренинг ойындары арқылы сабағымды қорыттым.Бұл ойындар балаларды шапшаңдыққа, ойшылдыққа жетелейді. Алғыр, ақындыққа жақын өнерлі балаларды зерттеуге мүмкіндік береді.

"Кім жылдам"? ойыны.

1 минутта сұраққа жылдам жауап беру керек.

1-қатарға:

1.А.Құнанбаев қай жылы , қай жерде дүниеге келген?(1845).

2.Әкесінің аты кім?(Құнанбай)

3.Әжесінің аты кім? (Зере)

4.Абайдың анасы кім болған? (Ұлжан)

5.Неше жасында билікке араласты?(13жасында)

6.Неше жасында Семейге оқуға барды? (10 жасында)

2-қатарға:

1.Абай тұңғыш шығармасын қай жылы жазған?(1885ж.Жасымда ғылым бар деп ескермедім).

2."Қараңғы түнде тау қалғып" әнін немісшеден орыс тіліне аударған кім?(Лермонтов)

3.Бұл әннің авторы кім? (Гете).

4.Әнді қазақшаға аударған кім? (Абай)

5"Абай жолы" роман-эпопеясын кім жазған?(М.Әуезов)

6.Абайдың атақты ақын шәкірті кім?(Шәкәрім)

7.Абайдың неше қара сөзі бар?(45сөз)

Барлық оқушыларға:

Абай кімнен мысал аударған? (Крылов)

Қанша тілді меңгерген?(араб, парсы, түркі)

"Желсіз түнде жарық-ай" әні қай жылы шыққан?(1888ж)

Абай әндері қандай жинаққа енгізілді? (1926ж. Музыкалық этнография)

Абайдың музыкалық мұрасын сақтауға кім күш салды? (М.Әуезов)

"Желсіз түнде жарық-ай" өлеңі жылдың қай мезгіліне арналған? (Жаз)

"Ақын болу" ойыны.(Абайға арнап шығару керек).

.......... дана, Абай- дара,Абай-дана,

...........ғана. Халық ұлы өзің ғана.

......оқығанда, Өлеңіңді оқығанда,

...........пана. Болғандайсың маған пана

Абайдың әндерін В.Ф. Шаталовтың тірек-сызба нұсқасымен таныстыру;

"Көзімнің қарасы" " Желсіз түнде арық-ай"

"Айттым сәлем Қаламқас" "Бойы бұлғаң"

"Өзгеге көңілім тоярсың" "Сегіз аяқ"

Абай әндері

Қазіргі физик-ғалымдардың "Желсіз түнде жарық айды"физикаға жақындатуы-бос әурешілік.Физикаға оның ешқандай қатысы жоқ. Бірақ меніңше,Абай-ең алдымен, математик.Рас, ол кезде математика ғылымы,компьютер,интернет, теледидар болмаған. Бірақ неге ол математик? Жалпы, қазақтың өзін математик деуге болады.Өйткені,

математика дегеніміздің өзі алгоритм деген еді математик Асқар Жұмаділдаев.

Абайдың ұлылығы, мықтылығы ақылды іске қосатындығында. Абайдың ұлылығы- ақылды іске қосып,сезімге ұқсастырып, адам жүрегіне жеткізе білуінде.Бұл кісі оқу бітірмеген, профессор, академик болмаған, бірақ Абайдың шығармашылығы жөнінде диссертация қорғап, талай адам профессор атағын алған.Одан кейінгі кезеңдерде де талай мықтылар болған.Бірақ дәл Абайдай дәлдікпен, қысқа әрі нұсқа етіп жеткізген адам жоқ.Сондықтан болашақта, миллион жыл өтсе де Абайға орала беретін боламыз.

Дана Абайды қазақтың ақылына балаймын,

Туатұғын алдынан ғасырына балаймын.

Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,

Жан алаңы, мұңы бар- қазағы бар Абайдың,

Арлы Абайды қазақтың қайраты деп ұғамын,

Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын,

Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын,

Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!

Абай әндерін орындау.( хормен, жеке.)

5.Абай әндерін айта отырып, сабақты бекіту.

6.Тренинг ойыны арқылы сабақты қорыту.

7.Үйге тапсырма: Абай әндерін жаттап,реферат жазып келу.

8.Білімдерін бағалау.

Автор:
Ибраймова Жанымкул Каримқызы. Көксай негігі мектебі Кербұлақ ауданы