28 ноября 2014, 10:11 | 3 684 просмотра
2014 жылдың 21 қазанынан 23 қазаны аралығында ҚР білім беру жүйесіндегі әдіскердің кәсіби имиджі мен педагог дәрежесін көтеру және жағымды әлеуетін қалыптастыру, білім беруді дамытудағы әдіскердің жеке үлесін ел алдында мойындау, олардың кәсіби шығармашылығына қарқын беру, барлық деңгейдегі әдіскерлердің үздік еңбек тәжірибесін айқындау, қолдау көрсетуге бағытталған Республикалық «Өрлеу» біліктілігін арттыру орталығы акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Үздік жыл әдіскері» байқауы өткізілді.
«Үздік жыл әдіскері» Республикалық байқауына ұзын саны 90 әдіскер өз біліктіліктерін сарапқа салды. Олар: аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, мектепке дейінгі білім беру, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру, жоғарғы оқу орындары және біліктілікті арттыру институттарының инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
Аталған байқауға облыстық байқаудан 1 орынды жеңіп шығып, республикалық байқауға жолдама алған Талдықорған қаласы, «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасының әдіскері Тумаева Раушан Қабдолдақызы болды.
Республикалық «Үздік жыл әдіскері» байқауының ашылу салтанаты
21 қазанда С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінің салтанат залында Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген құрметті ұстаздары әдіскерлерге сәттілік тілеп, концерттік бағдарламаларға толы болды.
Республикалық байқау 2 кезеңде өтті:
Бірінші кезең– сырттай әдіскер портфолиосы сарапталды.
Екінші кезең: 1.Бетпе-бет «Мен әдіскермін» эссе;
2. Шеберлік сынып «Мектепке дейінгі жастағы балалардың қатысымдық құзырлылықтарын қалыптастыру»;
3. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымында әдістемелік қызметті жетілдіру»
Бағдарламаға сәйкес байқауға қатысушылардың жұмыстарының секциялық отырысында авторлық әдістемелік жұмыстар презентациясы, шебер-сыныптар, авторлық бағдарламаны қорғау, әдістемелік жобалар және үздік әдістемелік тәжірибені сарапқа салу барысында байқауға қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін, озат педагогикалық тәжірибені таратудағы қабілеттерін, озық технологияны жасаудағы жетістіктерін, оқыту әдістері мен тәсілдерін, бастамалары мен шығармашылық шеберліктерін назарға ұсынды.
Раушан Қабдолдақызы байқаудың бірінші күні өз білім, білік, дағдысын көрсете білген әдіскер, байқаудың екінші күні «Мектепке дейінгі жастағы балалардың қатысымдық құзырлылықтарын қалыптастыру» шеберлік сыныбында Қадирова Перизат Мұсағалиқызы басшылық етіп отырған «Күншуақ» балабақшасы педагогтарының шеберханасынан шыққан балаларды жан-жақты дамытуға арналған «Сиқырлы, дамытушы кітапшаны» таныстырды, бұл тапсырмада үлкен қолдауға ие болып, соңғы бөлім бойынша «Мектепке дейінгі білім беру ұйымында әдістемелік қызметті жетілдіру» жобасын қорғап, барлық әдіскерлер арасында ерекшеленді.
Жалпы 14 жылдық педагогикалық еңбек өтілінің 9 жылын әдіскерлік қызметке арнаған Тумаева Раушан Қабдолдақызы еңбекқорлығының арқасында Алматы облысы әдіскерлерінің үкілеген үмітін ақтап, Республикалық «Үздік жыл әдіскері» байқауында 1 орын алып, қаламызға жеңіспен оралды. Еңбегіңіз әрқашан жемісті болып тек қана биіктерден көріне берңіз демекпіз.