Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әрқашанда жанымызда ұстаймыз


5 декабря 2014, 10:04 | 1 563 просмотра



24қарашада «Темірқазық» Гуманитарлық –экономикалық колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Букейбаева Толқын Мусаханованың ұйымдастыруымен Президент күніне арналған «Н.Назарбаев – толағай табыстар тұғыры !» атты тақырыпта салтанатты мерекелік жиын-концерт өтті.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру, Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдық, азаматтық, патриоттыққа тәрбиелеу.

Іс-шара барысында "Елбасының өмірбаяны және еңбектері " атты тақырыпта слайд-бағдарлама өткізілді.

«Темірқазық»Гуманитарлық –экономикалық колледжінің барлық белсенді студенттері, ұстаздар, топ жеткшілері мерекелік іс- шараға белсене қатысты.

«Елбасым менің, мақтанышым»- атты тақырыпта тарих пәнінің оқытушысы Мажиратхан Гүлдана баяндама жасады. Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы тұлға. Тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарын біліп жүру – біздің басты міндетіміз. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиеті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түкрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы борышымыз.

Автор:
Әлия Тұрлыбаева, «Темірқазық» Гуманитарлық-экономикалық колледжі физика – информатика пәнінің мұғаліміатика пәнінің мұғалімі «Темірқазық» Гуманитарлық-экономикалық колледжі физика – информатика пәнінің мұғалімі