Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Имандылық діңгегі


5 декабря 2014, 10:07 | 1 535 просмотров


Қапал кәсіптік – техникалық колледжінің мәжіліс залында Ақсу ауданының әкімдігі Ақсу аудандық «ІЗГІЛІК» қоғамдық бірлестігімен бірігіп «Діни экстремизм және терроризм - қазіргі қоғамның қауіпі», «Жас ұрпақтың дәстүрлі емес ағымдардың ықпалына кетуі мен оның қауіпі» атты тақырыпта семинар өтіп, жалғасы «Нашақорлық - қауіпті індет, алдын алу-міндет» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Семинарға қатысқандар: Суықсай, Қапал, Көшкентал ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаты, имамдар, ақсақалдар алқасының жетекшілері, колледж студенттері мен ауыл мекептерінің жоғарғы сынып оқушылары, ішкі істер бөлімі, БАҚ өкілдері және «Огни Алатау» газетінің тілшісі Г.Бикташев. Ақсу аудандық «ІЗГІЛІК» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі С. Серпербаев, семинардың төраға – модераторы: А.Ахмет - «Ақсу ауданының жастары» филиалының жетекшісі. Үйлестіруші: Ақсу аудандық «Ізгілік» қоғамдық бірлестігі, «Алматы облысы жастар саясаты орталығы», КММ-нің филилалы - Ақсу ауданының жастары, Қапал кәсіптік – техникалық колледжі.

Семинардың мақсаты: Жастарды жат қылықтардан сақтандыру, одан аулақ болу, жаман әдеттер жетегінде кетпеу жайлы түсінік беру, белсенді азамат ретінде тәрбиелеу. Құқық бұзушылықтың кез – келген түрлерін болдырмау және оларды алдын – алу сақтауға бағыттау.

Семинарда төменгі аталған азаматтар баяндамаларын оқыды.

А.Құрманғалиева - аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы «Ланкестік (терроризм) мусылманның жолы емес!»

А.Мәмбетов аудандық имамы «Ислам діні – имандылық діңгегі»

Арай Ахмет –«Ақсу ауданының жастары» филиалының жетекшісі

«Жас ұрпақтың дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалында кетуі мен оның қауіпі»

Е.Құрмашев - Қапал ауыл ауруханасының хирургі «Алкоголизм өте қауіпті дерт»

С.Баянова - Қапал кәсіптік – техникалық колледж директорының оқу – тәрбие жөніндегі орынбасары «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын – алу міндет» атты тақырыпта баяндама оқып , соңында нашақорлық туралы слайд көрсетті.

Т.Мырзатаева - Қапал ауылы кәсіптік – техникалық колледжінің психологы

«Діни экстремизм және терроризм – қазіргі қоғамның қауіпі»

Дөңгелек үстелдің соңында колледж директоры Е.Асылханов өзінің алғысы шексіз екенін айтып осындай жастарға арналған дөңгелек үстелдер жиі болып тұрса, нұр үстінде нұр болар еді деді.

Қорыта айтқанда, жаңадан өсіп келе жатқан жас тал сияқты, жас жеткіншек те өзіне зор мән беріп қарауды қажет етеді. Сол себепті құқық заңды ережелерін үнемі басшылықта ұстап, жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылықты болдырмау ісін тұрақты бақылауда ұстауымыз қажет. «Салауатты өмір салтын насихаттау» бағытында нашақорлыққа қарсы күресу үстінде жұмыс істеп, Бауыржан Момышұлы айтқандай «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» болайық.

Семинардың соңы, кофе – брейкпен аяқталды.

Автор:
Баянова Сандуғаш, Қапал кәсіптік – техникалық колледж директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары .